Жаман туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 393
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 69
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 93
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 7
Шығармалар жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1

Жаманға табаныңды көрсетпе.
Жаман тайдан тайынша жақсы.
Ұлдың жаманы – ұйғақ,
Қыздың жаманы – қаңбақ.
Жаманның жаны ардақты.
Беріп жаман атанғанша,
Бермей сараң атан.
Жақсыға жата қал,
Жаманға қата қал.
Етігі жаман – төрді былғайды,
Өзі жаман – елді былғайды.
Жаман атты жал басар.
Жаман қатын терісін жимай, иттен көреді,
Басын жумай, биттен көреді.
Жаманның жан рақаты – ұйқы.
Жаман құсты жақсы бақса – сұңқар болады.
Жақсы сөз жан семіртеді,
Жаман сөз жан кейітеді.
Жаманның тонын кисең,
Тойда даулайды.
Жаман жоқтан жоғарылау.
Жаман өзі үшін бүлінеді,
Жақсы елі үшін жүгіреді.
Жақсыға жалынса –
Жан қалады.
Жаманға жалынса –
Бір қасық қан қалады.
Бергенін алған –
Наданның ісі.
Ішкенін құсқан –
Жаманның ісі.
Жаманнан сөз естігенше,
Жақсыдан таяқ же.
Жаман қатын терісін жимайды да,
Жегізіп алып итті қинайды.
Жаман сөз дауға қалдырады.
Жаман талқанның қызуымен-ақ жауға аттанады.
Жаман бұқа өз басына шөп үйеді.
Жақсыдан жаман туса – шығыс,
Жаманнан жақсы туса – кіріс.
Жаман өзін білмейді,
Жақсыны көзге ілмейді.
Жаман өзі бола алмайды,
Болғанды көре алмайды.