Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Көзге көрінбей,Бізге өмірдей.(Ауа)
©  Серікбай Оспанов
Ісі сүйіндіреді:Өзі киінбейді,Жұртты киіндіреді.(Ине)
©  Серікбай Оспанов
Қанатын бір қақпайтын,Құс бар бəрі мақтайтын.(Ұшақ)
©  Серікбай Оспанов
Оған кімдер мінбейді,Оны кімдер білмейді?!Керегі жоқ ер- тұрман,Төрт аяқты,Жүрмейді.(Орындық)
©  Серікбай Оспанов
Үйлері бар бірнешеЗулап келеді бір көше.(Пойыз )
©  Серікбай Оспанов
Бір- бірінен ұстайтынЖүгірсе де ұшпайтын,Жиырма шақты үй көрдім,Тоқтап қалса, сүйрер кім?!(Пойыз)
©  Серікбай Оспанов
Қар борайды тербесең,Ұстап көрші сенбесең.(Елеуіш)
©  Серікбай Оспанов
22 наурыз - Наурыз мейрамы туралы жұмбақ
1) Гүл - гүл жайнап жер, аспан,Гүрілдейді сайда өзен.Гүлжазира жарасқанГүлдерімен қай кезен?(Шешуі:көктем) 2) Қар мұз еріп, су көбейіп,Сай салаға..
Жазда ысиды, қыста үсиді, үнемі қышиды.жауабы 5-әріп, жаман ойлағанның өзі жаман.
©  18+ жас
ӘКЕМ АТАМА ТАРТҚАНАНАМ ӘЖЕМЕ ТАРТҚАНАЛ МЕН ЕКЕУІНЕ ТАРТҚАМІНІМ АНАМА ТАРТҚАН АЛ БАУЫРЫМ КІМГЕ ТАРТҚАН? 
Тікен-тікен денесіКіп-кішкентай көлемі Жауабы - кірпі
Күн жайлы қызықты жұмбақ.
Алып-алып, сап-сары, Аспанда жарқыл етеді. Көрген бала қызығып, Зерттегісі келеді. Ж: Күн
©  Нұрғалиқызы Ясира
Ғарыш жайлы қызықты жұмбақ.
Аспанда жұлдыз жарқырап, Ай мен Күні төніп тұр. Құс жолы көкте сарқырап, Ғаламшарлар төніп тұр. Ж: Ғарыш. 
©  Нұрғалиқызы Ясира
Ақ сүттімен өсіргенМапелеп жеткізгенОның сүтің ішпесенЕш өспейсін Жауабы: Ана
Жатам құстар тобына,Азығымын адамның.«Ы»-ны қоссаң соңыма,Жылқы етімін – тағаммын.(Қаз бен қазы)
Жамауы бар тігінсіз,Киімі қалың жамылар.Жыртығы жоқ, еш мінсіз,Ала-құла тоны бар.(Ала жылқы)
Жамаулары болса да білінбейді,Жансызға ондай нәрсе ілінбейді.(Ала жылқы)
Жамаулары болса да тесігі білінбейді.(Шұбар ат)
Бір нәрсе екі аяқты, бөксесі жоқ,Қолы бар, белі нәзік, кеудесі жоқ.Тамаша ұстағанын жібермейді,Әркімнен қуаты артып, көңіліне тоқ.(Шідер)
Бір нәрсе бес буынды тиегі бар,Темірден сылдыраған иегі бар.Сабағы бірі қолда, бірі белде,Адамға жүрген-тұрған керегі бар.(Жүген, тізгін, ауыздық)
Бір нәрсе бес буынды тиегі бар,Темірден сылдыраған иегі бар.Болғанда бірі қолда, бірі белде,Адамға да, атқа да керегі бар.(Жүген)
Бір күмбездің ішінде мың күмбез.(Таға)
Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.Тып-тыныш өз жәйімен тұрмаған соң,Байлаған екі жақтан тесіп құлақ.Ойнақтар ор текесі..
Басы жоқ, төрт аяқты жансыз бір зат,Құлағы жоқ, көзі жоқ бейне ол ат.Жүк артсаң белі тағы майыспайды,Құйырық-жалсыз ол неткен меңіреу зат.(Ат арба)
Балдыр-балдыр басынан алыпты,Тәңірберген тамағынан алыпты.Құдайберген құйырығынан алыпты,Ең мықтысы белінен алыпты.(Жүген, сағалдырық, құйысқан..