Ұшақ туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Жұмбақтар жинағы: 18
Балаларға арналған тақпақтар: 3
Ақын өлеңдері жинағы: 14
Әңгімелер жинағы: 1
Ертегілер жинағы: 1

Қос қанатты құс күндеЖүреді бұлт үстінде.(Ұшақ)
©  Серікбай Оспанов
Бір құс бар көкте самғайтын,Қанатын қаға алмайтын.(Ұшақ)
©  Серікбай Оспанов
Бір құс бар көкте самғайтын,Қанатын қаға алмайтын.(Ұшақ)
©  Серікбай Оспанов
Қанатын бір қақпайтын,Құс бар бəрі мақтайтын.(Ұшақ)
©  Серікбай Оспанов
Басып озды құсты,Қанатын қақпай ұшты.(Ұшақ)
©  Ескен Елубаев
Арқасында айдарыАйналғанда ұшады.Бұлағы бар сайдағы,Инелікке ұқсайды.(Тікұшақ)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
А қаласынан сағат 8:00-де ұшқан ұшақ Б қаласына қонғанда сағат 10:00 болады. Сол ұшақ Б қаласынан сағат 14:00-де ұшып, А қаласына қонғанда сағат..
©  Логикалық сұрақтар
Мініп алып самғайтын
Қыраным бар талмайтын.

Жауабы: Ұшақ
Пырылдап көкте инелік,
Инелік емес үй делік.

Жауабы: Тікұшақ
Төбесінде ебелек,
Ұшады өзі керемет.

Жауабы: Тікұшақ
Тетіктерін игеріп,
Алсаң тілін үйреніп.
Ұшырады аспанда,
Алып қанат «инелік».

Жауабы: Ұшақ
Аспанда жүзеді,
Қанатын қақпайды.
Жерде де жүреді,
Бауырлап жатпайды.

Жауабы: Ұшақ
Қазша қанатын жаяды,
Үйрекше мойнын созады,
Құсша қонады.

Жауабы: Ұшақ
Құстан аумайды,
Көкте заулайды.

Жауабы: Ұшақ
Қанаты бар, жаны жоқ,
Табаны бар, аяғы жоқ.
Өзі ұшады, аспанда жүреді,
Теңізден де, таудан да өтеді.

Жауабы: Самолет
Бір жайын көк жүзінде еткен сайран,
Көргендер қызметіне болар қайран,
Зымырай зулағанда ізі түспес,
Қайткенде тиеді деп көпке пайдам.

Жауабы:..
Бір қыран аспанда ұшып қалықтаған,
Күндіз-түн жердің жүзін шарықтаған.
Қанаты ағаш, кеудесі темір болат,
Ұшса да қанша алысқа..
Аспанда жүзеді,
қанатын қақпайды.
жерде де жүреді,
бауырлап жатпайды.