Орындық туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Басқа: 1
Жұмбақтар жинағы: 7
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 2

Төрт аяғы бар,Мінсең жүрмейді,Жүгірмейді.Тізесі бүгілмейді.(Орындық)
©  Серікбай Оспанов
Оған кімдер мінбейді,Оны кімдер білмейді?!Керегі жоқ ер- тұрман,Төрт аяқты,Жүрмейді.(Орындық)
©  Серікбай Оспанов
Адам жоқ, салмақ салмаған,
Орны жоқ, кезіп бармаған.
Тізе бүкпей әлі тұр,
Сонда да таяғы талмаған.
Бір нәрсе ет жемейді, су ішпейді,
Үстінен оның, сірә, жан түспейді,
Шаршамас, белі талмас, сондай мықты,
Тұруға жалықпайды, беріспейді,
Міні жоқ..
Төрт аяқты болса да жүре алмайды,
Өздігінен еш нәрсе біле алмайды.
Жайылған дүниеге бір ғажайып,
Тік көтеріп отырар адамдарды.
Төрт аяғы, арқасы бар,
Жалпақ жайлы ортасы бар.
Ең алдына кiсiнi алып,
Сынайды ылғи күшiн анық.
Аяғы төртеу, жүре алмайды,
Не жатып бiр сәт те дем алмайды.
Отырған адамға дап-дайын,
Тiк ұстап тұрар тақтайын.