meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Ақын өлеңдері жинағы»

Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.
Интернатта оқып жүр
Интернатта оқып жүрТалай қазақ баласы –Жаңа өспірім, көкөрім,Бейне қолдың саласы.Балам закон білді деп,Қуанар ата-анасы,Ойында жоқ олардыңШариғатқа..
©  Абай Құнанбаев
Заман ақыр жастары
Заман ақыр жастары,Қосылмас ешбір бастары.Біріне бірі қастыққаҚойнына тыққан тастары.Саудасы – ар мен иманы,Қайрат жоқ бойын тыйғалы.Еңбекпен етті..
©  Абай Құнанбаев
Жүректе қайрат болмаса
Жүректе қайрат болмаса,Ұйықтаған ойды кім түртпек?Ақылға сәуле қонбаса,Хайуанша жүріп күнелтпек.Аспаса ақыл қайраттан,Тереңге бармас..
©  Абай Құнанбаев
Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас
Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас,Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.Жүректен қызу-қызба кете қалса,Өзге тәннен еш қызық іс табылмас.Достық..
©  Абай Құнанбаев
Жүрегім, нені сезесің
Жүрегім, нені сезесің,Сенен басқа жан жоқ па?Дүниені, көңілім, кезесің,Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!Сезгеніңді сездіріп,Жете алмадың ортаққа.Тірі жаннан..
©  Абай Құнанбаев
Жүрегім менің қырық жамау
Жүрегім менің қырық жамауҚиянатшыл дүниеден.Қайтып аман қалсын сау,Қайтқаннан соң әрнеден.Өлді кейі, кейі — жау,Кімді сүйсе бүл жүрек.Кімі — қастық..
©  Абай Құнанбаев
Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай,Сәулесі суда дірілдеп,Ауылдың жаны - терең сай,Тасыған өзен күрілдеп.Қалың ағаш жапырағыСыбырласып өзді-өзі,Көрінбей жердің..
©  Абай Құнанбаев
Жақсылыққа
Аяғыңды аңдап бас, ей Жақсылық!Өз басыңда жының бар бір бақсылық.Борышқорлық – адамға қиын нәрсе,Әрқайда өсіткізеді мал тапшылық.
©  Абай Құнанбаев
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,Пайдасын көре тұра тексермедім.Ержеткен соң түспеді уысыма,Қолымды мезгілінен кеш сермедім.Бұл махрұм1 қалмағыма кім..
©  Абай Құнанбаев
Жастықтың оты, қайдасың
Жастықтың оты, қайдасың,Жүректі түртіп қозғамай?Ғылымның біліп пайдасын,Дүниенің көркін болжамай?Адамның тауып айласын,Кісілікті ойламай.Қаруын көңіл..
©  Абай Құнанбаев
Жастықтың оты жалындап
Жастықтың оты жалындап,Жас жүректе жанған шақ.Талаптың аты арындап,Әр қиынға салған шақ.Уайым аз, үміт көп,Ет ауырмас бейнетке.Бүгін-ертең жетем..
©  Абай Құнанбаев
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,Аспанда ай менен күн шағылса да,Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ,Саған жар менен артық табылса да.Сорлы асық..
©  Абай Құнанбаев
Жапырағы қуарған ескі үмітпен
Жапырағы қуарған ескі үмітпенҚиял қып өмір сүріп, бос жүріппін.Жыбыр қағып, көңілді тыншытпайдыҚашанғы өтіп кеткен бұлдыр көп күн.Ол дәурен өмір..
©  Абай Құнанбаев
Жаманбаланың баласы өлгенде
Белгілі сөз: «өлді, өлді»,Белгісіз оның мекені.Не халатқа¹ әурілді²,Қайда қандай екені.¹Халат (арабша) — хәл-жай, жағдай. Бұл арада не хәлге, нендей..
©  Абай Құнанбаев
Жалын мен оттан жаралып
Жалын мен оттан жаралып,Жарқылдап Рағит жайды айдар.Жаңбыры жерге таралып,Жасарып шығып гүл жайнар.Жайына біреу келсе кез,Белгілі жұмыс, сор..
©  Абай Құнанбаев
Жазғытұры
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,Масатыдай құлпырар жердің жүзі.Жан-жануар, адамзат анталаса,Ата-анадай елжірер күннің көзі.Жаздың көркі енеді жыл..
©  Абай Құнанбаев
Жаз
Жаздыкүн шілде болғанда,Көкорай шалғын, бәйшешек,Ұзарып өсіп толғанда;Күркіреп жатқан өзенге,Көшіп ауыл қонғанда;Шұрқырап жатқан жылқыныңШалғыннан..
©  Абай Құнанбаев
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлікЕр табылса жарайды, қылса сұхбат.Кейбіреу..
©  Абай Құнанбаев
Жігіт сөзі
Айттым сәлем, қалам қас,Саған құрбан мал мен бас.Сағынғаннан сені ойлап,Келер көзге ыстық жас.Сенен артық жан тумас,Туса туар – артылмас.Бір өзіңнен..
©  Абай Құнанбаев
Есек
Қырық-елу қос бір жерденҚайтқан екен керуендер.Мал айдап барып әр елденСауда қылып жүргендер.Алтын артқан бір есекСоларменен келеді.Ол жай жүрсе..
©  Абай Құнанбаев
Есіңде бар ма жас күнің
Есіңде бар ма жас күнің,Көкірегің толық, басың бос,Қайғысыз, ойсыз, мас күнің —Кімді көрсең, бәрі дос.Махаббат, қызық, мал мен бақКөрінуші еді досқа..
©  Абай Құнанбаев
Ерекше естен кетпес қызық қайда?
Ерекше естен кетпес қызық қайда?Жолығатын қыз қайда терең сайда?Сұлулығын қояйын, мінезі артық,Ақылды, асыл жүрек, сөзі майда.Бұл өмір қызығы..
©  Абай Құнанбаев
Ем таба алмай
Ем таба алмай,От жалындай,Толды қайғы кеудеге.Сырласа алмай,Сөз аша алмайПендеге.Босқа ұялып,Текке именіпКімді көрсем, мен сонан.Бетті бастым,Тұра..
©  Абай Құнанбаев
Дүниеде не өлмейді?
Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?» — деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:Ағын су..
©  Жиренше шешен
Мен таңсықпын...
Мен таңсықпын тұяғы мен тұлпардың,Топшысына қыран бүркіт,Сұңқардың.Құмыраның қыл мойны менҚылышқаҚашап жазған қайсар жырға іңкәрмін.Бақи уақыт,Бақи..
©  Олжас Сүлейменов