Ақ туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 21
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 76
Жаңылтпаштар жинағы: 4
Қанатты сөздер жинағы: 3
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 11
Ертегілер жинағы: 5
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 2

Ақ пен қара жарысар,Аққа Құдай болысар
©  Самет Оқанұлы
Аққа пәле жуымасЖуымас аққа пәле деген сөз бар,Қалас боп құтыларсың бір күн ақыр...(Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы "Мәшһүр Жүсіптің Мәдиге сәлемі").
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Бізді қара болғанша жақсы көріңіз, ал кез келген адам бізді ақ түсте жақсы көреді.
Бәрі де АҚ нәрсе , қар емес.
Ағын су жолын табады,Ақ адам оңын табады. 
Ақ ақталар,
Қара байланар.
Ақ болсаң, қараға жуыма,
Аққа қара тез жұғады.
Алған ері жарасса,
Қара қатын ақ болар.
Аққу шалшықтан шықса да аппақ.
Қара жерден аппақ бидай өнеді.
Алуаның ішінде де ақ қылшық бар.
Дененің - ақтық, қаралығы
Моншаға түскенде белгілі.
Жорғаң қатты болса, төске сал,
Ісің ақ болса, көпке сал.
Аққа қара жақ,
Қараға шара жоқ.
Ақ айланар, қара байланар.
Растық (шындық) жауған қардай, сүттен ақ, судан таза.
Аппақ динар қара түннің шырағы.
Жарлының аузы аққа тисе,
Мұрны қанайды.
Үйге кірген жыланды да
Басына ақ құйып шығарады.