Мал туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 163
Жұмбақтар жинағы: 7
Балаларға арналған тақпақтар: 5
Ақын өлеңдері жинағы: 57
Жаңылтпаштар жинағы: 7
Қанатты сөздер жинағы: 43
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 12
Ертегілер жинағы: 5
Шығармалар жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1

Жайылымы болмаса, мал азады,Қайырымы болмаса, жан азады
©  Самет Оқанұлы
Ырысқа қарап ұл өсер,Қонысқа қарап мал өсер
©  Самет Оқанұлы
Дұшпандікі болса да (мал) керек, (құрығанда) тезегі қалады.
©  Түркі халықтары
Мал сойсаң, құйрығына жеткенде пышағыңды сындырып алма.
©  Түркі халықтары
Бөтен кісінің малы – мал саналмас.Өйткені ол өз малын қайтсе де қайтарып алады.
©  Түркі халықтары
Мал туралы
Тоқты тоймас,Шөміш кеппес.Семіздікті қой-ақ көтерер.Сүтсіз қой маңырауық.Қошқар болар қозының маңдай жағы дөң келеді,Кісі болар жігіттің арқа басы..
©  Дихан Қамзабекұлы
Егер сізде қашу болмаса, онда астық болмайды;егер бұзау болмаса, мал болмайды.
Ақыл ойдың ағасы, өнер малдың анасы.
©  Естеу ЖҮНІС
Мал өсірсең мол өсір,Кеңейтеді пейіліңді.Еңбек етсең — көл көсірҚандырады мейіріңді. 
Елге мал көптік қылмайды,Жерге тал көптік қылмайды.Тарыға май көптік қылмайды,Күрішке су көптік қылмайды. 
Мал саусаң — сүт,Жер саусаң — құт. 
Өзен талымен көріктіӨріс малымен көрікті. 
Малдан малдың несі артық - бір асым еті артық,Ерден ердің несі артық - бір ауыз әділ сөзі артық.
Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады.
©  Бауыржан Момышұлы
Мал семіз —Төл егіз.Жер семіз —Дән егіз. 
 Жаман атқа жал бітсе,
Жанына тоқым байлатпас,
Жаман адамға мал бітсе,
Қасына қоңсы қондырмас.
Жал біту – семіру дегенді білдіреді...
©  Гүлтас Құрманбай
 Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.

Мал шөпке тоқтайтыны рас, ал адам сөзге қалай тоқтайды? Мұнда халықтың айтпағы не?
Сөзге құлақ асу, сөз..
©  Гүлтас Құрманбай
Сұлу аттың көркі — жал,Адамзаттың көркі —мал. 
Малдың аласы сыртында,Адамның аласы ішінде. 
Мал басқа бітеді,Қына тасқа бітеді. 
Мұз жалаған мал өспес,Мал қажаған тал өспес.
Малды іріктемесең,Тұқымы азады,Қонысты таңдамасаң,Өрісің тозады.
Сатарманның жаман малы жоқ. 
Жерім — малға жай,Елім — жанға жай.