Адалдық туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 38
Ақын өлеңдері жинағы: 53
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 31
Әңгімелер жинағы: 1
Эсселер жинағы: 1

Адалдық жүрген жерде,адамдық жүреді
©  Самет Оқанұлы
Адалдық ойласаң, бал жұтасың,Арамдық ойласаң, қан жұтасың
©  Самет Оқанұлы
Адвокат (қорғаушы) алдымен сәттілікке жетіп, содан кейін құрметке ие болып, содан кейін адал болуы керек.
Адалдыққа бой ұрсаң өмірлік бақыт тапқаның.
©  Естеу ЖҮНІС
Адамды тұрар адам қып, Ақжүректiлiк пен адалдық.
Адам баласының жақсы қасиеттері көп. Солардың ішінде ақжүректілік дегені қандай қасиет деп..
©  Гүлтас Құрманбай
Адалдық — ерлік нышаны.
Адалдық ақыры бір көрінеді.
Адалдық ана сүтінен де абзал.
Нәрсізге назынды айтпа, сағың сынады.
Нәрліге ишарат етсең, айтпай ұғады.
Біреуге деп көр қазба,
Өзің түсерсің.
Барамын деп аспа,
Жоқпын деп саспа.
Өзінің түйедей мінін көрмей,
Біреудің түймедей мінін көрер.
Өзім білем өрге апармас.
Ақкөңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да жамандық шықпас.
Көзіне қарама, сөзіне қара.
Қолы жетпеген кәріп.
Басқа түссе, баспақшыл.
Берместің үйінде бесті қымыз тұрады.
Ымды білмеген, дымды білмейді.
Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам.
Жақсы көрер тамырдың,
Атын алма, тайын ал.
Жартыны жарып жеген
Татулықтың белгісі.
Ауыз ашса, сыр көрінеді,
Есік ашса төр көрінеді.
Көңіл - қазы, көз - таразы.
Өзі зордың иығы да зор.