Ер туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 389
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 3
Ақын өлеңдері жинағы: 144
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 55
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 11
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 4
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 8
Эсселер жинағы: 4

Шөбі жоқ деп жерден түңілме,
Мал бітпес деп ерден түңілме.
Ерді еңбек жеткізер.
Ердің атын еңбек шығарады.
Біткен істің міні жоқ,
Бітірген ердің кемі жоқ.
Ерді көрсең қыдыр тұт,
Асты көрсең қадыр тұт.
Жалынған қорған емес,
Жағалаған қорған.
Кебенек киген келеді,
Кебін киген келмейді.
Жақсы аттың жалын сақтағанша,
Жақсы ердің көңілін сақта.
Қауғадан шошынған мал оңбас,
Жаудан шошынған ер оңбас.
Өзің өлсең өл,
Жолдасыңды жауға берме.
Таспа, тасыған су да қайтар.
Батырдың қаһары - еліне қорған.
Жүректе қаһар жалындаса,
Бойда қайрат арындар.
Ұланы бар елдің ұраны бар.
Елін сүйген ер болар.
Ер талабы ертеңгі мегзер.
Бір оқты бұлан көтереді,
Екі оқты ұлан көтереді.
Адаспаймын деген ер,
Тал түсте жолдан адасады.
Батыр ортақ, ер ортақ,
Күн ортақ, ай ортақ.
Палуанға оң-терісі бірдей.
Жүкті нар көтерер,
Қайғыны ер көтерер.
Ер өлсе де, аты өлмейді.
Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.