meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Жаманның барынан – жоғы,
Ашынан – тоғы.
Туа жаман жоқ,
Жүре жаман бар.
Топас адам – тобашыл,
Жаман адам – табашыл.
Сатарда атың жаман,
Ажырасарда қатын жаман.
Сұм сипап отырып шымшиды.
Бір жаманның ниеті түзелсе
Екі жаманнаң беті түзеледі.
Өгізді өрге салма
Қарың талар.
Жаманға сөзің салма
Сағың сынар.
Жамандықта – тек жоқ,
Жауыздықта – шек жоқ.
Қамысты қатты ұстамасаң,
Қолыңды кеседі,
Жаманды қатты ұстамасаң,
Тоныңды шешеді.
Бір сапар ер арытпас,
Жаман жолдасын жарытпас.
Жабағы тайдың тері ащы,
Жаман адамның тілі ащы.
Сөйлей білмес жаманның,
Сөзі өтпес бір пышақ.
Сөз білетін адамның
Әр сөзіне бір тұсақ.
Жатқа мініңді айтпа,
Жаманға сырыңды айтпа.
Жаманның бір қылығы артық,
Жағасы жыртық.
Көргені жаман оңбайды,
Айтқан тілді алмайды.
Алғаны жаман оңбайды,
Қағып төсек салмайды.
Көргені жаман —
Бергенін айтады.
Тыстағы мың жаудан,
Үйдегі бір жау жаман.
Наданға жалынғанша,
Адамға жалын:
Надан жолыңды тосады,
Адам қатарға қосады.
Салақ қатынның етін құрт жейді,
Терісін ит жейді.
Қартая келгенде,
Қатын жақын болады.
Күшің басым болса,
Жатың жақын болады.
Сараң қатын
Майын тығумен құртар.
Жаман қатын
Кірін сығумен жыртар.
Жаман жолдастан мықты таяқ артық.
Сыйласу екі кісіге бірдей.
Ақымақ бұзуға бар,
Түзеуге жоқ.
Жаман жаңбыр жаумай су болады.