meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Қараған өз жерінде гүрілдер.
Малдының беті жарық,
Малсыздың беті шарық.
Жарлы кісі бай болса, көтін қоюға жер таппайды,
Бай кісі жарлы болса, бетін қоюға жер таппайды.
Ағайыннаң азары болса да, безері болмайды.
Өтіріктің де шындайы бар.
Сабасына қарай піспегі,
Сақалына қарай іскегі.
Аққа қара жақ,
Қараға шара жоқ.
Соқыр көргенінен жазбас.
Сөздің азы жақсы,
Бастың тазы жақсы.
Адасқанның алды жоқ.
Тәуекел дариясына сал кеме,
Ия, шықсын - иә, шықпасынқам жеме.
Тату болсаң балдай бол,
Ащы болсаң тұздай бол.
Қараның баласына қазан менен сөз керек,
Төренің баласына әнші менен көз керек.
Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабар.
Сарт жаманы қазақ болам дер,
Қазақ жаманы сарт болам дер.
Тырнадан жасауыл қойсаң, басыңнан қиқу кетпес.
Әлі жетпеген Аллашыл.
Өлі арыстаннан тірі жүрген тышқан артық.
Туған жердің кәдірін
Шетте жүрсең білерсің.
Шетте жүріп тарығарсың,
Өз еліңді сағынарсың.
Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады.
Өмірде жаман адам болмайды, тек тілін таба біл.
Тәртіп - тән үшін, ынтымақ - жан үшін керек.
Сірі (негізі) арықтан семіз шықпас.