meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Дүние жиып нетесің,
Бір күн тастап кетесің.
Есерсоқ болмай, ер болмас,
Есептен болмай, бай болмас.
Ұрлық қылсаң жалғыз қыл, екеу болсаң - бірі айғақ.
Ақ сақалдан бата алған, құдайдың рахметіне жолығар.
Жасы кіші болса да, ақылы көпті аға қыл.
Ақылы асқан жақсыны «алысым» деп ойлама,
Ақылы жоқ жаманды «жақыным» деп ойлама.
Бір сынаған жаманды екінші қайтып қинама,
Ашуланса, мерт қылар..
Басы ауырған бақсыға барады,
Даулы кісі жақсыға барады.
Ер дұшпансыз болмайды,
Есек тұсаусыз болмайды.
Жақсыға сөз ереді,
Жаманға шөп ереді.
Жақсы менен жаманның жаны бірдей,
Арық пенен семіздің қаны бірдей.
Тіл жүйрігі - басқа,
Қол жүйрігі - асқа.
Тоны жаманды ит қабар,
Көңілі жаманды құдай табар.
Жаздыгүні жыланнан қорыққан,
Қысты күні ала жіптен аттамас.
Қу қасық ауыз жыртады.
Қу аяққа бата тұрмас.
Үре білмеген ит үйіне қонақ келтірер.
Кедей үйді бойдағы билейді,
Жаман үйді қонағы билейді.
Отаның Сүлеймен патшалығынан да сүйікті.
Өгіз ыңқылдаса, арба сықырлайды.
Құйрығымен жаңғақ шағады.
Сабағанды жөн көрсең,
Сыбағаңды ал.
Өз шалабың ащы емес.
Қазынасын қарақшыға күзеттірді.
Түлкінің ажалына құйрығы кінәлі.
Өлерменнің көзі жаман.