Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Үй иесі тойдырса, (мейманның) көзі жолда болар.Бұл мақал құрметтен кейін қайтуға ұрықсат сұрап, асыққан қонақтарға арнайы айтылады.
© Түркі халықтары
Күздің келуі жазда білінер.Бұл мақал əрбір іс əу басында-ақ белгілі дейді.
© Түркі халықтары
Арыстан күркіресе, аттың аяғы тұсалар.Бұл мақал əлсіздердің өзінен əлділердің алдындағы дəрменсіздігін көрсетуге арнап айтылады.
© Түркі халықтары
Көрпеден артық көсілген аяқ үсір.Бұл мақал адамдарды өз мүмкіндігінен асып кетпеуге шақырып айтылады.
© Түркі халықтары
(Биіктегі) майға жете алмаған мысық айтар:– (Басқа) кісінікі (маған) жараспас.Бұл мақал өз ойынан шыға алмай, артынан сол ісіне өкінетін адамды..
© Түркі халықтары
Соғысып ұрысар,Ортада тон жыртылар.Бұл мақал кісілерді ұрыс-жанжалдан аулақ болуға үндейді.
© Түркі халықтары
Көкке (аспанға) түкірсе, жүзіне түсер.Бұл мақал үлкендерге жамандық жасаса, өзіне де жамандық тиетінін ескертеді.
© Түркі халықтары
Түтінді түрткілеген ыстанар.Бұл мақал пəле іздеген адамға пəле жабысады деген мағынада қолданылады.
© Түркі халықтары
Ұстаспай (жағдай) түзелмес,Жел тұрмай (ауа) ашылмас.Бұл мақал ұрысып қалған екі адамды татуластыруға тырысқан кісіге арнап айтылады.
© Түркі халықтары
Таздың келетін жері бөрікші (нің дүкені).Жарасын жасыру үшін таз адам амалсыз бөрікшінің дүкеніне барады. Бұл мақал өзіне қажет болған заттан қашқан..
© Түркі халықтары
Бір қарғаменен қыс келмес.Бұл мақал жора-жолдастары үлгіріп келгенше əркім өзінің ісін ұқыпты жүргізуге арнап айтылады.
© Түркі халықтары
Ел қал (са) да, əдет қалмас.Бұл мақал əдет-ғұрып бойынша істеуге шақырады.
© Түркі халықтары
Тікпейінше өнбес,Талпынбайынша болмас (жетпес).Бұл мақалды əрқандай істе мақсатқа жету үшін талпыну керек екендігін насихаттап айтады.
© Түркі халықтары
Тілмен түйгенді тіспен шешпес.Бұл мақал берген уəдесіне берік болуға үндейді.
© Түркі халықтары
Ұл су төгер, үлкен (нің жамбасы) сынар.Бұл мақал кішілердің қателігінен үлкен адамдардың зиян, жапа шегетінін ескертеді.
© Түркі халықтары
Тазының жүйрігін түлкі сүймес.Бұл мақал білімпаздығымен өзінің ортасындағыларға ұнамайтын белгілі адамдарға арнап айтылады.
© Түркі халықтары
Мысықтың мəулені мияулап туар.Бұл мақал мінез-құлқы əкесіне аумай тартқан балаларға арнап айтылады
© Түркі халықтары
Əумесер шыбын сүтке түсер.Бұл мақал əрқашанда сабырлы болуға шақырып айтылады.
© Түркі халықтары