16.10.2023
  2047


5ke.kz - ағылшын тілі мектебі

 


5-ке - бұл preparation орталығы (Кембридж емтихандарына дайындық орталығы). Кембридж жүйесі, коммуникативтік әдістеме бойынша оқытатын халықаралық форматтағы ағылшын тілі мектебі.


 


Тарих 


5-ке ағылшын тілі мектебі 2018 жылы Ақтөбе қаласында құрылды. Екі жыл ішінде мектеп 27 шаршы метрден 800 шаршы метрге дейін, 11 оқушыдан 270-ке дейін өсті. Қысқа уақыт ішінде мектеп жақсы жетістіктерге жетті. Мектеп оқушылары ағылшын тілінің деңгейін көтеру арқылы шетелде тұрып білім алу мүмкіндігіне ие болды. Олардың бірі Англиядағы Кембридж университетінің студенті атанды. Екі оқушы Flex бағдарламасы бір академиялық жылды АҚШ-та оқып келді. Пандемияға дейін мектеп екі бағытта жұмыс істеді: ҰБТ мемлекеттік емтиханына, халықаралық Кембридж емтихандарына, сондай-ақ IELTS-қа дайындық. 


10-11 сынып оқушыларымен тығыз жұмыс істей отырып, мектеп әртүрлі мәселелерге тап болды. Мектеп оқушыларының мазасыз ішкі жағдайы, қоршаған ортадан сезілетін психологиялық қысым және жиі кездесетін проблема ата-анаға ауыртпалық салмау мақсатында грант көп бөленітін мамандық таңдау. Бұл мектеп үшін алаңдатарлық жағдайға айналды. 2021 жылы мектеп оқушының бойындағы білім негізін жұрыс қалау мақсатында бағытты өзгерту туралы шешім қабылдады. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары, мамандық таңдау кезіндегі көмек, танымдық негіздеріндегі Астана және Алматы қалалары бойынша лагерьлер, Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы түсірілім жұмыстары жасалды. Барлық аталған іс-шаралар оқушылардың білімін кеңейту және дүниетанымын арттыру мақсатында өткізілді. Мектеп үшін жалпы еуропалық CEFR стандарты бойынша ағылшын тілін меңгеру деңгейін көтеру үлкен мотивация болды. 



8-10 жас



A1 Elementary  



11-13 жас



A2 Pre-Intermediate 



14-16 жас



B1 Intermediate  



18+ жас  



B2 Upper-Intermediate 



21+ жас 



С1 и С2 Advanced и Proficiency     



2021 жылдың ақпан айынан бастап мектеп тек жоғары сынып оқушыларын ғана емес, 6-9 сынып оқушыларын да оқытып бастады. 


2022 жылдың тамыз айынан бастап 2-5 сынып оқушыларын оқытуды қосты. 


 


Мектептің атауы


Мектетептің атауы қазақ тарихынан сыр шертеді. Ежелде үйдің ақсақалы ас қайырарда отбасының барлық мүшелерін жинап бата берген. Сонда үйдің кенжесіне, “балам 5-ке оқы” деп айтқан. Бірақ, бұл тура мағынада емес, табысты адам бол деген ниетпен тілек ретінде айтылған. Мектептің де мақсаты аға буынның разылығымен балаларды тәрбиелеу және білім беріп, зейінін ашу. 





Гранттар


Мектеп әр оқу жылында жетім балаларға гранттар бөледі, бұл тегін оқу мүмкіндігін береді. Сондай-ақ, көп балалы отбасылар мен ерекшеліктері бар адамдар үшін өз жеңілдіктері бар.


 


Оқыту форматы 


5-ке мектебінде ағылшын тілін үйрену куратор шет тілін меңгеру деңгейін, оқу мақсаты мен оқушының қызығушылығын анықтайтын кіріспе сабақтан басталады. 


Сабақтар Ақтөбе қаласында оффлайн форматта өтеді. Онлайн форматта “5ke.online” платформасында Google Meet-те бейне байланысымен өтеді. Осы платформа арқылы сабақтар, жұмыстарды тексеру, оқушылар мен оқытушылар арасындағы коммуникация жүргізіледі. Сондай-ақ, куратор оқушылардың сабаққа қатысуын бақылайды және ай сайын оқу үлгерімі туралы ақпарат береді. 


Оқушылардың жабық телеграм арнасы, сабақ жазбалары, speaking club-та ауызша ағылшын тілін дамыту мүмкіндігі бар.


 


Филиалдар 


Мектептің Қазақстан бойынша 3 филиалы болды: Ақтөбе, Өскемен және Алматы. 


2020 жылдан 2022 жылға дейін Өскемен қаласындағы филиал жұмыс істеді. Филиалда 600-ден астам оқушы оқыды.


2021 жылдан 2022 жылға дейін Алматы қаласындағы филиал жұмыс істеді. Бір жыл ішінде қазақстандық актерлермен бірлесіп 3 веб-сериал және 2 фильм түсірілді. Түсірілімге 100-ден астам оқушы тартылды. 


2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақтөбе қаласында бас штаб жұмыс істейді, онда 5 жыл ішінде 2500-ден астам оқушы оқыды. 


Екі филиалдың жабылуының басты себебі Ақтөбе қаласында толыққанды бастауыш мектеп ашуға басты назар аудару.


 


Директорлар


Ақтөбе қ., 2018-2020 жж қыркүйек - Жұмағазиев Нұртас 


Ақтөбе қ., 2020-2022 жж қыркүйек - Садық Әлішер


Өскемен қ., 2020-2022 жж. - Сапарбеков Ерасыл 


Алматы қ. 2021-2022 жж. - Жұмағазиев Нұртас 


Ақтөбе қ., 2022 ж. осы күнге дейін - Жұмағазиев Нұртас 


 


Әлеуметтік қызмет 


Ағымдағы 2023 жылы ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған TKT (Teaching Knowledge Test) мамандандырылған Кембридж емтиханы өткізілді. Бұл емтихан мектепте жыл сайын тұрақты өткізіледі, халықаралық деңгейдегі емтихан алушылар шақырылады. 


Сондай-ақ, әр оқу жылының соңында KET және PET, FCE және CIE оқушыларға арналған Кембридж емтихандары, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына арналған STARTERS емтиханы өткізіледі. 


2023 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе облысының мемлекеттік білім басқармасы мен Ақтөбе қаласының білім бөлімі арасында облыстық және қалалық деңгейде, АҚ “Өрлеу “біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен” Меморандумға қол қойылды. Меморандумның басты мақсаты - Қазақстандағы білім деңгейін көтеру. 


 


Шығармашылық 


Мектеп 3 вебсериал, 2 фильм және 1 қысқаметражды фильм түсірді. 



  • “Элитный мектеп” 

“Элитный мектеп” веб-сериалының негізгі идеясы - оқушының жеке басын қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі. Мектеп ішкі құндылықтар мен өмірге деген көзқарасты қалыптастырудың үлкен негізі. Ата-аналардан, достардан, қоршаған ортадан басқа, өмірдің әртүрлі аспектілерімен, психологиялық немесе әлеуметтік мәселелермен бетпе-бет келгенде бала қолдауды қажет етеді. Мұғалім басты бағыт-бағдар беруші рөлінде болады. Мектептегі алғашқы мұғалім - өмір жолындағы алғашқы мұғалім. Веб-сериал балалардың өзекті жағдайлары мен сезімдерін, эмоцияларын көрсетеді. 



  • “Қайта бала болу"

Бір күні ұйқыдан оянған ата-ана өздерінің балаға айналғанын көреді. Алда оларды ұмытылмас шытырман оқиғалар күтуде. Балалық шақта қалған бүлдіршін көзімен ересек өмірге үңіледі. "Қайта бала болу" веб-сериалында көрермен отбасындағы өткір әлеуметтік мәселелерді және олардың өскелең ұрпақтың өміріндегі ізін көреді. 



  • "Блогер қыз"

Технологиялар мен цифрландыру дәуірінде қазіргі заман тез дамып келеді. Ерте жастан бастап балалар отбасылық институт пен моральдық шекараларға қайшы келетін жаңа тенденцияларды сіңіреді. Жеңіл ақша алу мүмкіндігі еңбектің құнсыздануына, жалқаулыққа, жеке қатынастардағы проблемаларға алып келеді. Балалар өз өмірлеріне жауапсыздық объективі арқылы қарауға дағдылана бастайды. Сериалда аталған мәселелер көтеріледі. 



  • "Ғылыми жоба"

Фильм түсіріліміне 100-ден астам оқушы тартылды. Оны толығымен шәкірттер түсірді, жазды және ойнап шықты. "Ғылыми жоба" болашақта режиссер, актер, оператор болғысы келетін кастингте таңдалған балалар үшін мотивация, алға ұмтылуға түрткі болған фильм.



  • "Бизнесмен қыздар"

Фильм ата-аналарына көмектесу үшін өз бизнесін ашуға бел буған екі қыз туралы. 



  • "Мая қайғыра алмайтын қыз"

Көру, есту, сезіну, тыныс алу, сөйлеу... Бақыт үшін қаншалықты аз нәрсе қажет және біз оны қаншалықты жиі ұмытып кетеміз. Бүгінің үшін қанағаттану, ертеңін үшін даму - фильмнің басты ойы.





Пікір жазу