Құрамында әріппен берілген белгісізі ( айнымалысы )бар теңдік теңдеу деп аталады .Мысалы , 5х+8=18; 6х+7=-5; 3(х+7)=15 -теңдеулер .х-белгісіз (айнымалы). Мұндай теңдеулер ді бір белгісізі бар немесе бір айнымалысы бар теңдеулер деп атайды . Теңднудің оң жағы және сол жағы болады .Мысалы,4х+7=19 теңдеуіндегі 4х+7 - теңдеудің сол жағы,ал 19 - теңдеудің оң жағы. мүшелері деп аталады . 4х; 7;19 - мүшелер.Мұндағы 4х - белгісізі бар мүше, 7 19 - бос мүшелер. Теңдеумен берілген мысалдар мен есептерді шығрғанда,ондағы әріппен берілген белгісіздің немесе айнымалының сан мәнін табамыз . Белгісіз санның немесе айнымалының теңдеуді тура санды таңдікке айналдыратын мәні теңдеудің түбірі деп аталады. Теңдеуді шешу дегеніміз оның түбірлерін табу немесе түбірлерінің жоқ екенін дәлелдеу . Теңдеулерді шешкенде, кейде бірдей болатын теңдаулер де кездеседі. Түбірлері бірдей болатын теңдеулерді мәндес теңдеулер деп атайды. Мысалы,2х=10 теңдеуі мен 3х =15 және 3х - х=2,5 4 теңдеулері мәндес тңдеулер. Түбірлері бірдей: х . Ескеретін жағдай, кейде теңдеудің түбірі болмайды. Түбірлері болмайтын теңдеулер де мәндес теңдеулер болып саналады . Теңдеу әріпі бар теңдік болғандықтан , теңдеудің қасиеттерін теңдіктің қасиеттеріне сүйеніп дәлелдейміз. Теңдеудің екі жағына да бірдей санды немесе әріпті өрнекті қосқанда (азайтқанда) теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді. Мысал. х+23=40, х+23-23=40-23, х=40-23, х=17 – теңдеудің түбірі. Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама қарсыға өзгертіп , оны теңдеудің бір жағынан екінші жағыцна көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
Теңдеу екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді....
Үкімет басшысы «Трансмашхолдинг» жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады. Бұл күндері Павлодардағы «Химиялық өнеркәсіп» АҚ зауыты негізінде жаңа буын тепловоздары өндірісінің ілкі жобасы қолға алынып отыр. Үкімет басшысы, сондай-ақ тепловоздарды жерсеріктік байланыстар жүйесімен жабдықтау қажеттілігіне назар аударды. Үкімет басшысы «Трансмашхолдинг» жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады Үкімет басшысы Даниал Ахметов қыркүйектің 19-ы күні «Трансмашхолдинг» жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады. Кездесуде кәсіпорынмен ұзақмерзімдік ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Кездесу барысында атап көрсетілгендей, бұл күндері Павлодардағы «Химиялық өнеркәсіп» АҚ зауыты негізінде жаңа буын тепловоздары өндірісінің ілкі жобасы қолға алынып отыр. Кәсіпорынның жұмысына оң баға беріп өткен Үкімет басшысы, сондай-ақ тепловоздарды жерсеріктік байланыстар жүйесімен жабдықтау қажеттілігіне назар аударып өтті. Премьердің айтуынша, Қазақстанда әзірге бір ғана «ҚазСат» байланыс жерсерігі бар, бірақ болашақта біз жерсеріктер тобына ие боламыз. «Біз ғарыштық мүмкіндіктерімізді пайдалана білуіміз қажет», - деп атап көрсетті Д.Ахметов. Кездесуде сондай-ақ, жолаушылар вагондарын сатып алу мәселелері көтерілді. Сарапшылардың мәліметтері бойынша, алдағы 5 жылда тепловозға деген сұраныс 360 бірлікті құрайды. Өз кезегінде «Трансмашхолдинг» ЖАҚ өкілдері купе-вагондарды жасау ниеттерін білдірді. «Гасыр- Мангистау» ЖШС 2ТЭ10В, М, ТЭМ-1 және 2 сериялы тепловоздарды, Дженерал-Электрик Компаниясы дизелді-генераторлы қондырғымен, компьютермен жарақтандырып, жаңғыртылған 2ТЭ10МК сериялы тепловоздарды жөндеумен және техникалық қамтумен айналысады, осындай тепловоздарды өндіруде мынадай мәселелер шешіледі: 1. тепловоздарды жөндеу мен техникалық қамтуды ұйымдастыру және жоспарлау; 2. міндетті жұмыстар көлемдері; 3. жөндеу тәсілдері; 4. ақаулық белгілер; 5. деталдардың, құрастырылатын бірліктерді (тораптарды, агрегаттарды) және тұтастай тепловозды сынау нормаларының мүмкін шектері мен ең жоғарғы шектеулері;....
Әр түрллі факторлардың әсеріне сезімтал онтогенездің кезендері қауыпты , ал зиян келтіретін факторлардын теротонды факторлар деп атайды . Адамда эмбрмогенездің 3 қаупты кезеңдерін ажыратылады: а) имплантация –эмбрионның жатырдың кілегей қабатына енуі. б) плацентация –плацентаың түзілуі в)туылу Эмбрион дамуындағы қауіпті кезеңдерінің маңызды сол, сипаты бойынша әр түрлі патогенді факторлар бірдей патологиялық өзгерістер тудыруы мүнкін , бұл олардың әсерінің уақытына тәуелді блоакды . Бір жағынан эмбиронға дамуының әр түрлі мерзімде әсер еткен бір типті әсерлер бірдей емес эфект бірдей.Мысалы ,бірдей дозалы рентген жүкті егеуқұйрықты сәулелендіргенде , жүктіліктің 10-шы күнінде ұрықта анэнцефалия ,11 тәулігінде микро-анофтальмия ,14 тәулікте –аяқтарының даму аноамалялары байқалады. Теротогендік факторлардың әсерлері дамудың 1-ші қауыпты кезенінде имплантацияның кеш өтуіне, ұрпақтың ерте оліміне әкеледі . Екінші қауыпты кезендегі зиянды әсерлер туа біткен кемтарлықтарға әкеледі. Даму сатыларына тәелді прентальдағы антогенездегі барлық ақаулықтарын гаметопатиялар, бластопатиялар, эмбриоптиялар және фенопатияларға бөлуге болады. Гаметопатиялар- бұл ұрықтануға деиінгі гаметалардағы өзгерістер.Бұл өзгерістер спантанды түсікке және тұқым қуалайтын ауруларға әкеледі. Ұрпақтың алғашқы 2-ші аптадағы зиготаның зақымдалуы. Осы кезенде зақымдалған факторының әсеріне ұрықтың жауап беру ”барлығы немесе ештеңе” принціпімен, яғни ұрық тіршілігін жояды және репаративтік қабілеті жоғары болса әсері еткен факторларды ” сезбей” ары қарай дамиды . Бір қатар жағдайларда осы кезендегі ұықтарда келесі бластопатиялар деп аталатын бластопатиялар деп аталатын паталогиялық өзгерістер кездеседі.....
Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тері арқылы (термен) бөлініп отырады. Тері газдардың алмасуына қатысады, оттектің сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Тері – сезім мүшесі. Терінің құрлысы. Тері үш қабаттан: сыртқы, ішкі әне шел қабатынан тұрады (1сурет). Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Үстіңгі қабат өлі клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген, өлі клетка орнына жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жаңа жас клеткаларда бояғыш заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды. Адам организмдегі бояғыш заттар күн сәулесінің әсерінен пайда болады. Терінің ішкі қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда қалыңырақ болады және теріге серпімділік қасиет береді. Терінің бұл қабаты қан тамырлармен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен торланған. Мұнда май және тер шығаратын бездер шаштың түбінде болады. Тері бездері тер бөледі. Денеден тер бөлінгенде – адам салқынды сезеді. Бұл денені ысып кетуден сақтайды. Терідегі май бездері май бөледі. Тері майы шашты және терінің үстін майлайды, теріге жұмсақтық және серпімділік қасиет береді. Шаш және тырнақ – бұлар терінің мүйізделген құрамы. Шаш денені жауып тұрады. Теріде шаштың түбі болады. Оның түбіне қан тамырлары, жүйке талшықтарының ұшы мен бұлшық ет талшықтары ұштасып жатады. Шаштың түсі ондағы бояғыш заттарға байланысты. Бояғыш заттардың ыдырауынан шаш ағарады.....
Террористік эрекетінің криминалистикалық сипаттамасы келесі элементтерден түрады: Осы қылмыстың қарсыластың бүлдіру эрекетімен байланысы Қылмыс субъектінің жэне жэбірленушінің ерекшеліктері Қылмыстын мақсаты, кылмыс жасау, дайындау, іске асыру жэне жасыру эдістері, қылмыстың ізі жэне басқа материалдық нәтижелері. Қылмыс тергеу ұйымдастыру Терроризм бойынша қылмыстық істер көбінесе төтенше жағдайлар бойынша қозғалады. Олардың бірінші алғашқы белгілері болып үкімет өкіленің, мемлекет немесе қоғам қайраткерлері, шетел өкілдерін өлтіру немесе өлтіруге эрекет жасау туралы ақпарат табылады. Істі оперативтік материалдар бойынша қозғау терроризмді жасауға дайындық сатысында ғана болады. Осы істі жете тексеріп жатқан оперативтік қызметкерлер, оны болдырмау үшін барлық іс-шараларды қолдану керек. Бүл қоғамға ерекше қауіпті. Осыған байланысты Үлттық Қауіпсіздік Органдары осындай қылмыстарды тергеуге эрдайым дайындық күйінде болүға тиіс. Ол үшін: Терроризм істері бойынша тергеу жүргізуде кэсіби дайындалған тергеушілер; оқиға болған жерде қарау және басқа да тергеу іс-әрекетін жүргізу үшін қажетті ғылыми техниқалық қүралдар; сот медицинасы, баллистика, одорология, жарылыс техникасы мамандарымен қарым-қатынаста болуы. Төтенше жағдай туралы ақпарат алынғаннаң кейін Үлттық Қауіпсіздік Органдарының басшысы оқиға болған жерде оперативті тергеу тобын жібереді. Жалғыз тергеуші жоғары квалификациядан болса да азғантай уақытта алдағы жүмыстың көлемін жасайды. Сонымен қатар оқиға болған жерде агентуралық ақпараттық іс-шара жүргізу қажет болады. Оперативті тергеу тобына осындай жэне осы сияқты басқа да қылмыстарды тергеу тэжірибесі бар тергеушілер кіреді. Топтың қүрамында кіретін оперативті қызметкерлер төтенше жағдай болған жердің немесе объектінің жедел жағдайын білу тиіс. Оқиға болған жерде қарауға сот медицина қызметкерлері мен криминалистер тартылады. Қазіргі уақытта облыстық ¥ҚК Департаменттерінде түрақты түрде жүмыс істейтін оперативті тергеу топтары қүрылған. Олар өзінің белгілері бойынша терроризммен ұқсас қылмыстар мен оқиғалардың орындарына шығады. Осындай оқиғалар онша көп кездеспегендіктен топқа кіретін оперативті қызметкерлер мен тергеушілер оқу объетілерінде, жүмыста эрекеттестік эдістерін жаттығып, техниқалық қаруды жаңарту, теориялық денгейімен кэсіби деңгейін көтеріп отыруы, алғашқы кезек күттірмейтін тергеу эрекеттерін жүргізу тэжірибесін көтеріп отыруы тиіс. ....
Кезкелген инженер қызметінде есептің табысты шешілуі, әсіресе жобалау процесінде қанағаттандырарлық тудырады. Шынында, жобалау есептерін шығару кезіндегі интеративті тәсілдер мен инженерлердің творчествалық табиғатында көптеген бірлік, бірдей байланыс бар, себебі инженер ЭЕМ-ге жүгінеді, ондағы жағдай есепті тез, әрі үлкен дәлдікпен шығару. Бірақ, бұл мүмкіндіктер инженер жұмысында алгаритімді қалай алды және қалай қолданады осы есептерді шешу үшін соған байланысты. Біздің негізгі мақсатымыз ЭЕМ-н дұрыс пайдалану, ол үшін жобалаудың нақты есептерін шешу үшін тиімді есептеу алгаритімдерін құру, ол үшін әрине сандық тәсілдерге жүгінеміз,әрине, ол сандық есептер біреу емес, бірнеше. Сондықтан солардың қайсысын қай уақытта пайдалано болу-біздің мақсатымыз, бұл инженер үшін де, бұл жобалау процессі үшін де өте тиімді.....
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік гуманитарлық салада да зор өргерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау- соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім бертін мектептерде оқу тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім. Тәрбие - педагогикалық процессте өте маңызды, әрі күрделіде ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі белгілі. Сонымен қатар қоғамдық аса маңызды міндетті шешуде педагогика пәнінің атқаратын қызметі айрықша. Осы курстық жұмыста жалпы тәрбие жұмысындағы педагогтың шеберлігі мен жаңашылдығын жан жақты қарастыруға бағытталған. Сөз - ең маңызды педогогикалық құрал оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың. Бастауыш кластың әрбір мұғалімі тіл маманы. Табиғат - ойдың сарқылмас көзі. Ақыл ой дамытудың мектебі. Енжарлықпен елжірей қарау емес, қайта пәрменді де белсенді түрде творчества ретінде танып білу- ойды байытумен дамытудың сарқылмас көзі. Жатқан асқан іс әрекет саласы. Қамқор бағбан раушан гүлді отырғызу үшін топырақты қалай әзірлесе де мектеп директоры педогокикалық еңбектің таңдауы шеберлері жасаған озық тәжиірбені енгізуге арналған негіздіде солай әзірлеуге тиіс. Бұл әзірлік алдымен мектеп директорының педагог шеберлігіне байланысты. Коллективтің шеберлігі дегеніміз педагогикалық идеялар, бірақ нақты іс болмайынша идея солып қалады. Идея бір мектептің практикасына ауысуы үшін коллективтік сенімге негізделген жеке – дара творчества қажет. Мектеп жұмысын түбірімен жақсарту, білім сапасын арттыру, адамгершілік тәрбиені жетілдіру – осының бәрін оқыту мен тәрбие берудің аса маңызды проблемасы іс жүзінде шешілген жағдайда ғана жүзеге асыруға болады. Көп жылдық тәжірибе педагогикалық творчествоның ең мәнінің өзі - күнделікті мыңдаған құбылыстармен байланысты ой, ниет, идея екендігіне көз жеткіәзіп отыр. Педагогикалық идея дегеніміз педагогикалық шеберліктің қанаты сағайтын ауа. Біздің күрделі және көп қырлы ісімізде творчесволық еңбек өмірдің әлі алға қойып отырған сұраққа жауап іздестіретін жанды тебіреністі ой ұшқыны тұтанған жерден басталады. Бұл ұшқын құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды табуға деген сұрақ құштарлық болмайынша ешқашан тұтанбайды. Творчестволық ұшқынын тұтандыратын сұрақ туу үшін сен өз ісінді өз еңбегінді өз еңбегіңнің нәтижелереті кәзіргі кездегісінен көрі артығырақ көу керек. Саған өзіннің көздеген мақсатқа нелітен жеткізбейді деген ой тыныштық бермейтін болу керек. ....
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27–бап, 2–тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу –ата–ананың табиғи құқығы, әрі парызы" делінсе, "Қазақстан–2030" бағдарламасында "Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді..." делініп ұрпақ тағдыры айтылады. Бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени–әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата–бабаларадың, ұлылардың ақыл–кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірибесі, өмірдегі беделі, ақыл–кеңестері, ата–ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір–бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келген күннен бастап ата–ананың ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнерімен қуантады түбінде. Бала нені білсе жастан, ұядан – Өле–өлгенше соны таныр қиядан. Өнер–білім берем десең басынан, Бер оқуға балаларды жасынан, Ата–анадан өсіп ұрпақ тараған, Жақсы–жаман болса, бала–соларда», деп, ХI ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата–аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күннен танып, соған қарай бағыт–бағдар, тәрбие берудің маңызы ерекше. Ата–ананың балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы –бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата–ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сіңімді және негізді. Ата–ана бала тәрбиесіне ерекше мән беруі қажет. Ана–бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе?! ....
Кімнің болса да жүрек түкпірінде туған жерге, Отанға, отбасына да деген қимастық сезімі болады. Осылардың ең биігі елжандылық, отансүйгіштік қасиет. Бұл қастерлі ұғым арқылы қоғамның негізі қаланады. Отан отбасынан басталады, демек өзіңнің ата-анаңды қалай қастерлесең, Отаныңды да сондай қасиеттей біл. Ер жігіт елі үшін туады деген ғой. Отан қорғау саласында еңбек етуімнің өзі елжанды болуымнан деп ойлаймын.
1. ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС. Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату. В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға дейін бірқалыпты дәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең - бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады. Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі. Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян. А.С.Макаренко: «Тәрбие -баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі - өнеге көрсетуінде», - деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал. Баланың айхайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек. ....
Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - оқушы тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды. Отандық психологияда Л.С. Выготский тұжырымдаған және зерттеушілердің көпшілігі кұптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, окыту мен тәрбиелеу баланың психикалық дамуында жетекші рөл ойнайды. «Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады». Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарамай, міндет әртүрлі әдістермен шешіледі. Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және түлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер (корректировка) қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінше әр тұлғаның өзіне тән қабілетгерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды. 1. Тәрбиелеудің жалпы сипаттамасы
Адамды оқыту мен тәрбиелеу арасындағы байланыс -педагогикалық психологияның ең бір маңызды проблемасының бірі Оны қарастыру барысында: а) дамытудың өзі күрделі инволюциялық-эволюциялық алға жылжушы қозғалыс болып табылады, оның жүру барысында адамның өзінде - кейінді интеллектуалдық, тұлғалық, мінез-кұлықтық, әрекеттік өзгерістер жүреді (Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев); б) дамыту, әсіресе тұлғалық өмірдің өзі тоқтаған сәтіне дейін тоқтамайды ол тек бағыты, қарқындылығы, сипаты мен сапасы бойынша ғана өзгеріп отырады. Дамытудың ортақ сипаттамалары: қайтымсыздық, прогресс-регресс, бірқалыпсыздық, алдыңғының жаңада сақталынуы, өзгеру мен сақталудың бірлігі болып табылады. Психикалық дамуды аныктаушы факторлар ретінде В.С. Мухина оның алғышарттарын, дамудың шарттары мен байланыстарын және баланың ішкі позициясын қарастырады. Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды. Бұл сұрақты шешуде әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, олардың бірі бойынша, оқыту дегеніміз дамытудың өзі (У. Джемс, Э. Торндайк, Дж. Уотсон, К. Коффқа), алайда, оқыту табиғатын (оқу, үйрету) барлығы өздерінше түсінеді. Басқаларға сәйкес, оқыту - бұл тек қана жетілудің, дамудың сыртқы шарттары. «Даму - мүмкіндік туғызады, оқыту - оны жүзеге асырады» немесе, басқа сөзбен айтканда, «оқыту дамытудың ең аяғында келе жатыр». Ж. Пиажеге сәйкес, «баланың ойы белгілі фазалар мен кезеңдерден қажеттілік болғандықган өтеді, ол баланың оқытылуы, оқытылмауына тәуелсіз». Отандық психологияда Л.С. Выготский тұжырымдаған және зерттеушілердің көпшілігі кұптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, окыту мен тәрбиелеу баланың психикалық дамуында жетекші рөл ойнайды. «Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады». ....