ТЕРІ ОНЫҢ ҚҰРЛЫСЫ ҚЫЗМЕТІ ГИГИЕНАСЫ

ТЕРІ ОНЫҢ ҚҰРЛЫСЫ ҚЫЗМЕТІ ГИГИЕНАСЫ

ТЕРІ, ОНЫҢ ҚҰРЛЫСЫ, ҚЫЗМЕТІ, ГИГИЕНАСЫ

Терінің маңызы. Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді.
Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады.
Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тері арқылы (термен) бөлініп отырады. Тері газдардың алмасуына қатысады, оттектің сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Тері – сезім мүшесі.
Терінің құрлысы. Тері үш қабаттан: сыртқы, ішкі әне шел қабатынан тұрады (1сурет). Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Үстіңгі қабат өлі клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген, өлі клетка орнына жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жаңа жас клеткаларда бояғыш заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды. Адам организмдегі бояғыш заттар күн сәулесінің әсерінен пайда болады.
Терінің ішкі қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда қалыңырақ болады және теріге серпімділік қасиет береді. Терінің
бұл қабаты қан тамырлармен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен торланған. Мұнда май және тер шығаратын бездер шаштың түбінде болады.
Тері бездері тер бөледі. Денеден тер бөлінгенде – адам салқынды сезеді. Бұл денені ысып кетуден сақтайды. Терідегі май бездері май бөледі. Тері майы шашты және терінің үстін майлайды, теріге жұмсақтық және серпімділік қасиет береді.
Шаш және тырнақ – бұлар терінің мүйізделген құрамы. Шаш денені жауып тұрады. Теріде шаштың түбі болады. Оның түбіне қан тамырлары, жүйке талшықтарының ұшы мен бұлшық ет талшықтары ұштасып жатады. Шаштың түсі ондағы бояғыш заттарға байланысты. Бояғыш заттардың ыдырауынан шаш ағарады.
Тырнақ саусақ басын зақымданудан қорғайды.
Терінің астында май торлары бар. Ол – терінің ең терең жатқан қабаты. Май торлары ішкі мүшелерді жауып тұрады және оларды әр түрлі зақымданудан және организмді салқындаудан сақтайды, сондай-ақ энергия қоры болып табылады.
Сегодняшний день моей профессий

Я паступил о желанию. АК СИМ в отделеним строительства. Мне очень нравится строительства. Я хочу быть хорошим специалистом.
В Алматы с апреля начинается сезон активных работ по созданию практически новой транспортной инфраструктуры города. А уже декабрю текущего года ее очертания обретут вполне реальный облик. Впервые в городе появиться автодорожноескорстное кольцо, которое образуют существующие сегодня улицы Рыскулова – Саина – Аль-Фараби и Достық, а также Талгарского и Кульджинского трактов, мостов через реки Малая Алматинка, Жалбулак (200м) и ул . Луганского (120м).
Вопросы создания транспортной инфраструктуры города находятся под личным контролем акима Алматы Имангали Тасмаганбетова. Аким рассказал сопровождавшим его в поездке журналистом о примере социального партнерства
Терінің маңызы. Тері – адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды.
Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады.
Тері ағзадғы зат алмасу процесіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен адамның дене температурасы үнемі тұрақтылықты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін физиологиялық процестірді жылу реттелу дейді.
Тері арқылы су мен бірге түрлі тұздар (хлорлы), сүт қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады.
Тері қанайналым процесінде қанның сақталатын қоймасының да қызыметін атқарады.Ересек адамның терісінің капилляр қантамырында 1литрдей қан болады.
Теріде көпдеген жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызыметінің атқарады. Адам тері арқылы бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді.
Терінің витаминдер алмасуына да қатысы бар.(Бұрын өтіп кеткен витаминдер тақырыбын естеріңе түсіріңдер.) Теріде блатын ерекше заттардан күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі.
Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу процесі жүреді, яғни оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі тер, майжәне сүт бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді.
Теріде ағзадағы артық май қор ретінде жиналады.
Терінің құрылысы. Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады. Терінің сыртқы қабаты – эпидермис (грекше «ері» - сырты, үсті, «deram» - тері), ортаңғы қабаты – нағыз тері (дерма), ішкі қабаты – теріасты шел (клетчатка) қабаты деп аталады. Соңы кезде теріасты шел қабатын нағыз тері қабатымен қосып, бір қабат деп санайды.
Терінің эпидермис қабаты – көп қабатты жалпақ эпителий (жабын) ұлпасынан тұрады. Оның қалыңдығы атқаратын қызметіне сәйкес түрліше болады. Үнемі механикалық күш түсетін жерлерде (алақанда, табанда) эпидермис едәуір қалың (0,5 – 2,3мм). Көкіректе, құрсақта, санда, білекте, мойнында эпидермис қабатының қалыңдығы 0,02 – 0,05мм –ден аспайды.
Терінің қызметі. Тері – ағза мен қоршаған ортаны байланыстырушы мүше. Терінің қызметі денеміздегі барлық мүшелер жүйесінің қызметі мен тығыз байланысты. Мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметінің бұзылуы бірден теріден байқалады. Мысалы , терінің қызаруы, қышуы, бөрітуі, т.б.
Терінің қорғаныштық қызметі. Сыртқы ортаның миханикалық әсерлерінен қорғайды. Суықтан, ыстықтан, ауру қоздырушы микробтардан, зиянды заттардан да қорғайды.
Ыдырау өнімдерін шығару қызметі – зат алмасумен тікелей байланысты. Тер арқылы су, аммик, несепнәр (мочевина), миниралдық тұздар және т.б. заттар бөлінеді. Тердің тәуліктік бөліну мөлшері сыртқы ортаның температурасына, атқаратын жұмысқа байланысты.
Сезгіштік қызметі – теріде болатын сезгіш жасушалар мен жүйке талшықтарына байланысты. Солар арқылы температураны, ауырғанды және т.б.сезеді.
Жылуды реттеу қызметі – дене температурасының бір қалыпты деңгейде сақталумен байланысты.
Тері гигиенасы

1. Терінің гигиенасы. Терінің және оның қосалқы бөліктерінің (шаш, тырнақ) тазалығына үнемі көңіл бөлініп тұруы қажет. Тері ластанса (кірлесе) түрлі аурулардың пайда болуына әсер етеді. Сондықтан теріні, шашты күніне арнайы сұйық сабынмен (шампунь), түрлі иіс сабынмен жуып тұру қажет. Қол мен аяқтың тырнақтарын өсірмей алып тұруды да ұмытпаңдар!
Терінің тазалығына түрлі аурулардың таралмауына киетін киімдердің де әсері бар. Ауа өткізбейтін аяқ киімдер, жасанды матадан тігілген киімдер теріге зиянды әсер етеді.
Тері күйгенде көрсетілетін алғашқы жәрдем. Терінің күюі өртке, кей бір химиялықзаттарға, күнге де байланысты. Терінің күйген жерін суық сумен шайып, марганцовканың әлсіз ерітідісімен сүртеді. Егер күйген теріде күлдіреген көпіршік пайда болса, оны жаруға болмайды. Көпіршік жарылғаннан кейін ғана әр түрлі жақпамай жағып таңуға болады. Өте қатты күйген теріге таза таңғыш салып, емханаға жеткізу керек. Қышқылға күйген тері алдымен таза сумен, артынан екі пайыздық сода ертіндісімен жуылады.
Тері ауруларынан сақтану. Теріде көп таралған аурудың бірі – теміртекті (лишай). Бұл аурудың көбіне паразит саңырауқұлақтар таратады. Теміртекті шыққан жердегі шаш түседі. Теміртекті ауруы жұқпалы. Әр адам өз жеке басының тазалығына мұқият көңіл бөлуі тиіс.
Теріде болатын аурудың тағы бір түрі – қышыма қотыр(чесотка). Бұл ауруды өте ұсақ қотыр кене таратады. Ол саусақтардың арасында, тақымда тері астында тіршілік етеді.Қышыма қотыр ауруы да жұқпалы, сондықтан дәрігерге көріну қажет. Әр адам жеке басының тазалығын сақтауы тиіс.
Қорыта айтқанда, теріні таза ұстауға, оны шынықтыруға, гигиеналық талаптарды орындауға бала кезден бастап дағылдану қажет ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру