Тәрбие жұмысындағы мұғалімнің жеке дара тәрбиесі

Тәрбие жұмысындағы мұғалімнің жеке дара тәрбиесі

Айналадағы дүниенің заңдылықтары туралы білім Бар және балаға оқу үшін қажет білім мен шберлік бар. Бастауыш класс балдарының не істейтінің ынта қойып бақыласақ, әлсіремей – ақ былай деуге болады: бастауыш мектептің басты міндеті адам өмір бойы білімді меңгеретін құралды пайдалануды үйреу. Әрине, бұл міндт әрі қарайда қалып қоймайды. Ал бастауыш мектепте ол бірінші орында тұрады. Бастауыш кластарда бала өзінің жалпы дамуында орасан зор қадам жасайды Ол айналадағы дүниенің көптеген заңдылықтарын таниды. Десек, ешкім теріске шығара қоймайды. Дегенмен бастауыш кластардың басты міндеті – балалын оқуға үйрету. Оны осы құралды пайдалануға үйрету. Өйткені бұл құралсыз жыл өткен сайын қиындай түседі. Онсыз ол сабақ үлгермейтін, қабілетсіз болып қалады. Бастауыш кластарды оқытудың одан жоғары сатылары арасындағы алшақтық та міне, осы арада пайда болады. Бастауыш кластарда балалын қолына құралды – жетік игермейінше жеке өмірін жан – жақты дамуын жасқаншақтана ұстатамыз. Ал сонан соң, орта кластардағы мұғалімдер баланың қолындағы бұл құралдың тез жәнемүлтіксіз әрекет етуін талап етеді.Мұғалім тіпті бұл құралдың қандай жағдайда екеніне көңіл бөлмейді, реттеп оны үнемі ұштап отыру керек екенін ұмытады, көбіне бала қолындағы жеке құрал сынып қалып,бала сондықтанда әры қарай оқи алмайтындығын көрімбейді. Ал мұғалім болса жұмыс станогына үсті-үстіне жаңа материал қояды:өңде,босаңсыма, тездет, -дейді. Ал бұл қатаңдай құрал мұнда бес түрлі икемділік: айналадағы дүние құбылыстарын бақылау, ойлау, байқаған, ойлаған, істеген, көргендері туралы ойын білдіру, оқу, жазу икемділіктері бар.
Әрине, шартты түрде бөлу. Ойлай білу бақылай білумен тығыз байланысты, ойын айта білу өзінше бақылай және ойлай білумен тамырлас. Дегенмен бұл ой қызметінің ерекше белгілерін білдіретін жеке икемділіктер. Мен жарты бойы V-VII класс ой еңбектерін байқап жүрдім, көптеген балалар білімдерінің нашар және істерінің нәтижесіз болуының себептерін ойластырып, оның басты себептері – осы құралдың жоңғышын оқи білуді үйрентін ең басты икемділіктерді пайдалана білушілік ал ең бастысы белсенді түрде бақылай білмеу және оқи білмеу деген қорытындыға келдім.
Белcенді бақылау дегеніміз шын мәнінде баллын алғашқы іс әрекеті осы процесте айналадағы дүниемен ең алдымен табиғатпен жүздеседі. Бақылаудың арқасында таным, оқу еңбекке айналады, байқағыштық сияқты ақыл сапасы, ой дамуының белгісі пайда болады. Байқағыштық ойланып оқумен ұштасып, баланың ақыл ой қабілетін үнемі дамытып отырудың негізі болып табылады.
Осы алғашқы қорытындылар мұғалімдердің ынтасын тудырады. Мектеп педагогикалық еңбектің осы уақытқа дейінгі бізге белгісіз болып келген қырына бүкіл коллектив болып көз салдық делік. Біз бастауыш, орта, және жоғары кластарда да балалардың қалай оқып үйренгенін, кластан класқа қандай икемділік қорымен көшетіндігін, ол икемділіктер әрі қарай қалай дамитындығын зерттеуге келістік.
Мұғалімнің басшылығымен және тек қана өз бетімен білім алуға үйрену – баланың интелектік дамуының аса маңызды жағы екеніне және бұл икемділікке бірінші орында оқи білу тұратынына бүкіл коллективтің барған сайын көзі жете түсті. Бұл коллективтің педагогикалық сеніміне айналды, бұл онсыз творчестволық еңбек, шеберлік туралы сөз етуге де болмайтын шабыттың маңызды шарты. Көп жылдық тәжірибе мұғалім өзінің жеке еңбегіне коллективтік сенім тұрғысынан қараған жерде творчестволық еңбек басталатынына көз жеткізіп отыр.
Бастауыш кластарда оқушылардың оқуды жетік меңгеріп, осы иекмділіктерін одан әрі дамытып, және тереңдете беру жолында біздің педагогикалық коллектив жиырма жылдан артық уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Көп жылдық бақылау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: мәнерлеп, жылдам, түсініп оқып үйрену үшін, оқушы қалай дұрыс оқып шығу үшін емес, оқи отырып, оқығанының мазмұны туралы ойлауды үйрену үшін оған бастауыш кластарда класта және үйде кемінде екі жүз сағат дауыстап оқу керек. Мұғалім бұл жұмысты уақытқа бөледі, ал директор мен оқу ісінің меңгерушісі мұғалімнің әрбір оқуышының жеке оқуын қалай зерттейтінін тексеріп отыруы керек.
Сөз болып отырған тез, жүгіртіп оқу – ең қабілетті оқушылардың ғана шамасы жететін жылдам оқу емес. Бұл әрбір оқушы міндетті түрде меңгеруге тиісті қалыпты оқу. Бұл қабілеті орташа оқушыға лайықталған. Жүгіртіп оқу дегеніміз – минутына 150сөзден 300 сөзге дейін оқу.
Коллективте туатын әрбір педагогикалық сенімнен практикалық қорытындылар шығарылуы тиіс, әбір сенім идеяның іс жүзіне асуы үшін ұзақ, табанды жұмыс істеуді талап етеді. Педагогикалық коллектив оқи білудің үлкен ролі бар екендігі туралы біледі. Ал жүгіртіп оқуға қалай үйрету, әр оқушы қанша практикалық жаттығулар орындауға тиіс, бұл – мектептің екі басшысы – директор мен оның орынбасары – зерттейтін әрі практикалық жұмыс саласы.
Оқи білуді талдай отырып, біз мынадай қорытындыға келдік: бұл икемділікті және мұғалімдердің өздері де жете білмейді. Біз кейбір мұғалімдердің мәнерлеп оқуға көңіл бөлмейтіндігін көрдік, өйткені олар сөздің құдіретін сезіне білмейді – оқығанда түсініп, эмоционалды ренк беретін байланысты түсіне бермейді. Осының бәрі бастауыш класс мұғалімдері үшін оқу жөнінде семинар ұйымдастыруға мәжбүр етті. Семинар сабақтарында мұғалімдер жүгіртіп, түсініп, мәнерлеп, эмоционалды оқи білуді жетілдіреді.
Коллективте ойдағыдай оқу үшін қажетті басқа да икемділіктер туралы маңызды педагогикалық сенімдер қалыптасты. Орта және жоғары класс оқушыларының жұмыстарына талдау жасай келіп, біз көптеген балалар жазуды да жартылай автоматты процеске айналарлықтай, бала жазу кезінде әр бір әріпті қалай жазуды ойланбайтындай жазу техникасын, қарқынды меңгере алмағандықтарын көрдік. Қайткенде жазуды жартылай автоматты процес етуге болады, жазған кезде балалын ой қабілеті, негізінен не жазғанының мазмұнын түсінуіне, не жазу керектігін ойластыруына қайткенде де қол жеткізуге болады. Коллективтік педагогикалық сенім мұғалімдердің творчестволық сенімін оятты. Жазу процесін зерттей келе, бастауыш класс мұғалімдері ІІ кластың өзінде – ақ бала қолының ұсақ бұлшықеттері, қолы қалтырамастай, әріпті дұрыс жазу үшіна арнайы күш жұмсамайтындай дәрежеде машықтануы қажет деген қорытындыға келді. Ал бұл үшін белгілі аттығулар көлемі қажет екеніне мұғалімдердің көзі жетті.Мұнда бұрыннан белгілі қарапайым нәрселер туралы айту керек ...Бірақ кейде мектеп өмірінде, оғаш көрінсе де, ең қарапайым, белгілі белгілі ақйқаттар ұмытылып қалады.
Педагогикалық мәдинет неден тұрады? Бұл –алдымен мұғалімнің өз пәнінтерең білуі. Біз мұғалімнің мектепте өзі бастап оқытатын ғылымдардың ең күрделі мәселелерін, ғылыми ойдың алғы шебі мәселерлерін білуді өте маңызды деп есептейтіз. Егер сіз физиканы оқытсаңыз элементарлық бөлшектер туралы білуіңіз керек, өріс теориясын талдай алу қажет, болашақта энергетиканың дамуының перспективасы туралы, құрығанда жалпы мәліметтерден хабардар болуы қажет. Биолог генетиканы тарихи тұрғыдан және қазіргі дамуын білуі қажет, өмірдің пайда болу теориясын клеткаларда болып жатқан биохимиялық процестерді жақсы білу қажет. Педагогикалық мәдениет осыдан басталады, осыған негізделеді, қарсы пікір айтуға болады: мұғалімге сабақта оқылмаитын, орта мектепке қатысы жоқ материалды білу неге керек? Мұғалім үшін мектеп программасын білу онаң ой өрісінің басқышы, әліппесі болы табылады. Оның ой өрісі мектеп программасыннан асып -түсіп жатса ғана ол педагогикалық процестің нағыз шебері,суретшісі, жаршысы бола алады. Олардың педагокилық мәдениеті сабаққа әзірленден ақ басталады. Олар сабаққа оқулық бойынша емес, программа бойынша әзірленеді. Олар программаны ойластырады, одан кейін өзін оқушының орнына қойып материалға оқушының көзімен қарау үшін, оқулықтың тиісті тарауын оқып шығады. Педагогикалық процестің мектепте оқылатыннан анағұрлым көп білетін шын шебері сабақ жоспарына жаңа материалды жазбайды. Ол әңгімесінің мазмұнын ойластырады, көрнекі құралдармен мысалмен есептер әзірлейді, бұлардың барлығын сабақ жоспарына жазудың қажеті жоқ. Оның сабақ жоспары - әңгіме (лекция, түсіндірме) мазмұны емес, сабақтағы педагогикалық процестің, оқушылардың ой еңбегін басқаруға қажет дедалдары туралы мақалалар. Педагогикалық істің шебері өз ғылымының әліппесін жете білгендіктен, оның негізгі назарында оқылатын материал емес, оқушылар, олардың ой еңбегі, олардың ойы, олардың ой еңбектерінің қиыншылықтары болады.
Педагогикалық істің нағыз шеберлігінде – шынайы мәнерлеушілік бар. Материалды үстірт білетін адамда жалған пафос, жасанды әдемі сөздер болады, осы арқылы оқушылардың санасында күшті ықпал етпекші болады бірақ бұдан шығатын жалғыз пафос, құрғақ сөз мылжыңдыққа итермелейді. Бұның бәрі шәкірттің жан дүниесін бүлдіріп, жүрегін суытады.
Оқу,оқу, тағы да оқу-мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің бұл белгісінің кілті болмақ. Оқу –бірінші руханиқажетсіну. Қандай кітап оқу керектігін тыңдай білу, кітапты ақтаруға құмарлық, кітап оқи білу, оқығанды ойластыра білу.
Оқу тәрбие процесінің үш көзі бар: олар – ғылым, шеберлік және өнер. Оқу тәрбие процесіне жақсы басшылық ету – ғылымды оқыту мен тәрбие беру шеберлігі мен өнерін жетік меңгеру деген сөз. Кең түсінгенде тәрбие дегеніміз – тәрбиеленушілердің де, тәрбиешілердің де тұрақты рухани баюы мен жаңғыруының көп қырлы процесі. Оның үстіне бұл процесс құбылыстардың терең даралануымен сипатталады: бір жағдайда белгілі бір дұрыс болатын педагогикалық ақиқат басқа бір жағдайда бейтарап, үшінші жағдкайда бос сөз болуы мүмкін. Біздің педагогикалық ісіміздің табиғаты осындай оған басшылық ету – ең дүниені білім жағынан байып жаңарып отыруы керек, кешегіден көрі бүгін рухани байи түсуі қажет. Мектеп басшысы күн сайын өз шеберлігін – мұғалімдік, тәрбиешілік шеберлігін жетілдіріп отырған жағдайда ғана ол үшін бірінші орында мектеп ісінің негізгі болып табылатын – баланы оқыту мен тәрбиелеу зерттеп біле тұрған жағдайда ғана мұғалімдердің жақсы, білімдар, беделді, ұстазы болады.
Егер сіз жақсы деректор болғыңыз келсе, ең алдымен жақсы педагог болуға жақсы мұғалім дидакт және өзініздің сабағыңазда оқытатын балалардың ғана емес, мектептің қоғам, халық,ата-аналар сізге сеніп тапсырған барлық тәрбиелеушілердің жақсы тәрбиешісі болуға ұмытылыңыз. Педагогтың өте нәзік және қиын міндеттерінің бірі – баланың адамдық қасиетті сезімін сақтау және дамыту. Бостан-бос нәтижесіз бала еңбегі болмауы тиіс, міне, озат мұғалімдердің ұраны - осы. Баланың ішкі рухани күштерінің көп жұмсалуы ой еңбегі оған жеміс берген жағдаида болуы мүмкін. Жеміс болса- оқуға құмарлықта бар. Бұл әсіресе оқудың бірінші сатысында-бастауыш мектепте маңызды онда болақиыншылықты жеңе білмейді, онда сәтсіздік қайға әкеледі,егер бір сәтсіздіктен соң екінші сәтсіздік кездессе, бала біраз уқыт жапа шегеді. Балканың жан дүниесі жараланады, жансызданады- оған енді бәрі бір болады. Көбнесе осы жаның жансыздануынан- немқұрайдылықтан сақтаныңыздар.
Мұғалімнің педогогикалық мәдениетінің өте маңызды бөлшегі болып баланы зертеудің әдістерінің саналуандығы саналады. Педогогикалық мәдениет мұғалімнің көбінесе баланы ойжәне дене енбегі процесінде ойнау экскурсия, бос уақытын бақылац білумен және бақылаудың қортындысы балаға жеке ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдеріне қалай айналатынына байланысты анықталады.
Қорыта айтқанда, педагогикалық процестің нәзік қыр сырына күн өткен сайын терең бойлай түссең ғана алдыңнан адамның жан дүниесіне ықпал ету өнері деп атауға болаттынның жаңа қырлары барған сайын ашыла түскенде ғана ұстаздардың ұстазы болуы мүмкін, ал ұстаздардың ұстазы ғана сеніммен құрмет көрсетілетін нағыз басшы болып табылады. Ең алдымен мұғалімнің күнделікті қарапайым еңбегінің қобалжытатын, толғандыратын кейде қиналдыратын ізденістермен ойларға жаңалықтармен сәтсіздіктерге толы еңбегінің сыры мен қыры ұсақ түйегі есіме түседі. Бұл еңбекте сені – басшы үшін ерекше маңыздысы – еңбектес жолдастар мен мұғалімдерді де жігерлендірген қуанышты жаңалықтардың жарқылы асыл тастарша жарқырайды. Бұл жаңалықтардың, бұл творчествалық шабыттың немқұрайдылықты енжарлықты сейлтіп, жойатын, педагогикалық коллективте творчествалық жалын туғызатын ұшқын екеніне күмән жоқ. Педагогикалық басшылықтың құпия сыры да мұғалімнің ізденіске өз жұмысына талдау жасауға құштарлығын ояту. Кімде – кім өз сабақтарының жақсы және жаман жағын өзінің тәрбиеленушілерімен қарым қатынасын білуге тырысса, ол жартылай табысқа жетті деген сөз.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру