Міне, бүгін қоғамымызға тағы бір жас отбасы келіп қосылды. Отан - отбасынан басталса, қоғам - екі жастың жараса көтерген шаңырағынан құрылатыны мәлім. Қарақтарым, үйленіп, үй болдыңдар. Қиналсаң жасып кетпеуіңе себепкер болып, дем беретін – жалғыз жан-жарың. Қандай жағдайда да әйел күйеуіне, күйеуі әйеліне сүйенеді. Енді қуанышты....
Айналайын, құлындарым! Алла Тағала Құранда ерлі-зайыптыларды: «Олар – сендер үшін киім, сендер де – олар үшін киімсіңдер» , - деп сипаттаған. Демек, адамның киімге, киімнің адамға қарым-қатынасы қандай болса, әйелдің еріне, ерінің әйеліне деген қарым-қатынасы да тура сол секілді болуы керек. Киім адамды безендіреді, ажарландырады, көркін ашады! Дәл сол секілді бір-біріңе жарасымды, жағымды жұп болыңдар! Киім - ыстықта пана, суықта қорған болатыны секілді сендер де жақын қарым-қатынаста болып, қиындықта, сынақта, ауыртпашылықта біріңе-бірің қорған болыңдар.
Мейірімді Алла Тағала «Кім Менен сұраса, Мен оның сұрағанын беремін» деген екен.Ендеше, бәрін Естуші, Көруші, Жауап қатушы Алладан бауыр еті балаларымызға баянды да берекелі ұзақ ғұмыр сұраймыз. Алла екі жастың арасына сүйіспеншілік пен мейірім орнатып, бір-біріне деген сезімін суытпасын, құрметтерін, абыройларын арттырсын! Тура жолға салушы Алла жүректеріңді дұрыс жолға бұрсын. Жаңа құрған жас отауларыңа мейірімін жаудырсын. Сый беруші Алла шаңырағымызға шаттық пен қуаныш сыйлап, біздің тек дәл осындай қызық пен қуанышта, ақ дастархан аясында бас қосуымызды нәсіп етсін! Аса Бай, Ризықты мол етіп беруші Алла, балаларымыздың несібелерін арттырып, ризықтарын берекелі етсін! Бір-бірінен тыныштық, тыным тауып орнығуларын, бір-бірінің көз қуанышы болуын, ұрпақтарының елге, дінге қызмет ететін саналы, салиқалы болуын нәсіп етсін!
Қазандарың ортаймасын, шаңырақтарың ортасына түсіп, шайқалмасын, қарақтарым!
«Тілектің ең жақсысы әдемі айтылғаны емес, қабыл болғаны», - деген екен данышпандар. Иә, «Шешен сөзден не пайда, болмаса көпке сіңімді?!» дегендей, жұрттың алдында әдемі сөйлеу бір бөлек, алайда екі жасқа шын жаны ашыған адам, ең алдымен, тілегінің қабыл болуын, олардың бақытты ғұмыр кешуін қалайтыны анық.Кейде қанша тойға барсақ та, аузымызға дұрыс сөз түспей, «Бақытты бол!» дегеннен әрі аса алмай жатамыз. Алайда, микрофон ұстап, сөз алу деген – дүйім жұртты аузыңа қарату, назарын аудару, көпшілікке де, жастарға да өнегелі, тағылымды дүниені айтып қалудың мүмкіндігін алу деген сөз. Ендеше, талай адам бас қосқан салтанатты жиында сөзден тосылып, өзгелерге қосылып қалмау үшін төмендегі бірқатар тілектердің топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.
Ері мен әйелі әңгіменің мәйегі..... Үйленбей тұрып. Жігіт: Ура! Ақыры бұл күнге де жеттім-ау! Қыз: Мүмкін, мен кетермін? Жігіт: Жоқ ,тіпті де олай емес! Қыз: Сен мені сүйесің бе? Жігіт: Әрине! Қыз: Сен менің көзіме шөп салып па едің? Жігіт: Жоқ, сен қалайша мұндай ойды ойлайсың?! Қыз: Мені аймалайсың ба? Жігіт: Иә! Қыз: Мені ұрасың ба? Жігіт: Ешқашанда! Қыз: Саған сенуге болады ғой?! Үйленгеннен кейін, осыны төменнен жоғары қарай оқыңыз