Жылқы түсі
Жылқы тегін жай деме,
Ойнаған қан бәйгеде.
Қыздырғанда аламан,
Тұяқтары жараған.
Қатарласқан қос күрең,
Екеуі, сірә, дос білем.
Шабдар мен....
Жылқы тегін жай деме,
Ойнаған қан бәйгеде.
Қыздырғанда аламан,
Тұяқтары жараған.
Қатарласқан қос күрең,
Екеуі, сірә, дос білем.
Шабдар мен....
Қаратаудың бауырында өскен Қасқа айғыр құлын күнінен-ақ болмысы дара, бітімі бөлек жануар еді. Оның кең жауырын, ұзын жалды, бөкен қабақты түр-тұрпатын көрген кісі қызықпай қалмайтын.
Біздің ауыл Қаратаудың қос бұрымындай Үлкен және Кіші Бөген өзендерінің нақ ортасынан орын тепкен шұрайлы өлке – Ақбастау. Бабын тапқан диханға барын берген жері жомарт, адамдары ақкөңіл, кез-келген үйіне бас сұқсаңыз ас-суын ұсынбай аттандырмайтын қонақжай қалыпты халқы бар берекелі мекен. Жастары көргенді, қарттары шежірешіл, кішісі үлкенін сыйлаған өнегелі, өрісті өлке. Осындай құтты мекенде береке-бірлігіміз тасып, шаңырағымыз шаттыққа...