Түсінде ақбозатты атқа отыру- жақсы белгі. Бірінші кезекте бұл түс сізге достық қарым-қатынастардың беріктігін жəне ойы бір таныстарыңызбен кездесудің көп қуаныш əкелетінінжеткізбекші.
Егер де, жылқы малы лас, кір болатын болса, өзіңіз сенетін адамдардың сатқындығына қаласыз.
Баран жылқыда шапсаңыз, ұзақ уақыт бойы істеріңізде алға басып, бір мезетте олардың пайдасыздығына көз жеткізетін боласыз.
Құлагерлердің шабысын көру – кенет нашар жаққа ауысатын оң жағдайлардың болатынын хабарлайды.
Бұл түс үстіртін қызығушылықтарды да алдын ала хабарлауы мүмкін.
Дақтары бар жылқыларды көру – жұмыстан алда көретін пайдаларға.
Торы айғырдың үстінде шабу – тілектеріңіздің қанағаттандырылуына жəне алға басуға. Бұл түсті көрген əйел мезісін қашырған жігіттің бетін қорықпай қайтара беруіне болады, ал өзін алдағы уақытта материалды табыс күтіп тұр.
Жылқының қашып, жабайы үйірге қосылуын көру – сізді біреудің сырқаты туралы хабар күтіп тұр.
Негізі, керемет аттарды көру – дəулет пен жетістікке
Түсіңізде мөлдір бұлақты жылқының үстінде шалып өтсеңіз, сәттілік серігіңізге айналады. Бірақ, бұлақтың суы қара болса, бақытыңзға сыза түседі.
Жылқының арқасында таза көлді жүзіп өту – армандардың орындалуы мен пайданың түсуіне.
Жараланған немесе өлі жылқы – қайғылы жайттарға.
Долы жылқының үстінде шабу – сəттілікке жетер алдында кезігетін қиындықтарға.
Егер, жылқы сізді құлатататын немесе арқадан қатты тебетін болса, тағдыр сынақтарыңызды бақталастарыңыздың келбетінде жіберуі мүмкін немесе сіз науқасқа шалдығасыз .
Атты жүгендеп, өз еркіңізге көндірсеңіз, өмірде оңтайлы өзгерістердің болатынына
Түсіңізде жақсы тағаланған жылқыға сүйсінсеңіз, жақын арада қиялыңызға кірмеген жетістікке қол жеткізесіз.
Ат немесе жылқы түс жору
Əйел адам үшін бұл түс өмір бойына адал досты кезіктіретінін білдіреді.
Бəйгеге қатысу – дəулетті өмірдің хабаршысы.
Өз атыңызды өзіңіздің тағаласаңыз – мүлікке күмәнді жолмен жетесіз.
Үйретілмеген жылқының үстінде шабандоздай шапсаңыз, қиын шайқаста дəулет пен ыңғайлы жағдайға қол жеткізесіз. Бұл түс сенімді достардың көмегін де білдіруі ықтимал.
Əйелдердің арасында ат үстінде шабу – болашақ тілектеріңізді түсінбеушілік пен тəуелділігіңізді білдіреді.
Жылқыны өзіңіз, я біреудің тазалап жатқанын көру – өмірде лайықты орын тауып, құрметке жету үшін көп азап көретініңізді хабарлайды.
Кәсіпкерлер, шаруалар жəне əдебиетшілер үшін жылқының жалы мен құйрығын өздері безендіріп жатқан түс оңтайлы болып саналады.
Ат үстінде жіңішке жол арқылы биік тауға көтерілсеңіз – қоғамда өте мықты орынға ие боласыз.
Егер де, атыңыз шыдамай , таудың шыңына шығу үшін қалған жолды жаяу өтсеңіз, сіздің қоғамдағы беделді орныңыз сізге үлкен күш-жігермен келетін болады.
Арбаға жегілген жылқылар – бақытқа жетер жолдағы қиындықтар мен сынақтарға.
Егер, қыз бала өзін қара аттың үстіндегі шабандоз ретінде көрсе, арманына жетуге кездейсоқ жағдайдың көмектесетінін, сонымен қатар дана адамдармен сөйлесетінін білдіреді.
Дөңнің үстінен ат үстінде түсу – сəтсіздіктерге.
Сүйіктісінің өзінің артынан аттың үстінде келе жатқанын көру қыз бала үшін ғашық жігіттердің көп болуын меңзейді
Ілмектер: ат, жылқы, түс, түс жору, түс көру