Жылқы, ат

 Жылқы, ат

Жылқының пірі - Қамбар ата.

Жылқы - малдың патшасы,
Түйе - малдың қасқасы.

Жылқы күнде мінілсе - есек,
Айына мінілсе - ат,
Жылына мінілсе - тұлпар.

Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ.

Жылқылы елде жау көп,
Жатаң елде дау көп.

Жылқыны жауында, қойды дауылда көрме.

Жылқыны жауында, қойды дауылда бақ.

Жүйрік бестіден,
Кеңдік келбеттіден ніығады.

Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды.

Жүйрікке - тұмар.

Жүйрік атқа жел қамшы.

Жүйрік атқа жал бітпес,
«Тәк-тәкке» малбітпес.

Жүйрік жүлдесін алмай қоймайды.

Қара байыр қазанат,
Қара жолда қалдырмас.

Қара жолда қалдырып,
Қанатыңды талдырмас.

Жүйрік ат - бірде ат, бірде қанат.

Жүйрік тоқтығын білдірмес.

Жүйріктен жүйрік шықса, аяғы тыпыр-тыпыр етер.

Тұлпардың оттауы бір болса да, жусауы басқа.

Тұлпардың ізі бітпейді, тұяғы кетпейді.

Тұлпардың өз тұяғы өзіне ем.

Сұлу аттың көркі - жал.

Бәйге ат мүсінін жасырады.

Жүйрік ат шаппаса да, қырындайды.
Шабысты шабысы қалса да, қырындайды.

Жүйрікке озудан қалу қиын.

Бәйге атқа бәйге ат шалдырмайды.

Торқалы той, тұмарлы жүйрік.

Тұлпар желіде танылады.

Қу байтал екі айғырды аш қалдырады.

Тай қоссаң, ауылыңмен.

Байтал мінген,
Айғыр мінгенге жолдас бола алмайды.

Құстың бәрі бұлбұл болмас,
Жылқының бәрі дүлдүл болмас.

Жаман биені жабула да, құлынын ал.


Құлынындағы сақау,
Құнанындағы тісеу.

Құлынның түрі құлпырып,
Түгі сынбас жауынға.

Ит қаппас деме,
Ат теппес деме.

Жылқы: «Көктемде бір тойдым» -дер.

Батпағы бар көлдерден,
Су ішетін сай артық.

Қамшылатқан шабаннан
Өзі жүрер тай артық.

Түйе мініп қойға барма,
Жөндеп баға алмайсың.

Бие мініп тойға барма,
Көкпарға шаба алмайсың.

Арғымақтың тұяғы,
Тасты басса, кетілер,
Сазды басса, жетілер.

Айғырды аладан салсаң,
Атты аладан мінесің.

Айғырды құладан салсаң,
Атты құладан мінесің.

Боталаған түйеден,
Бұлақ суы артылмас;
Құлындаған биеден,
Құдық суы артылмас.

Ботасы өлген інгенге,
Нар теліген зорлық.

Құлыны өлген қулыққа,
Тай теліген зорлық.

Арбаға тоқпақ көргенді жекпе,
Соқпақ көргенді жек.

Түйе жүктен қашып құтылмас,
Ат арбадан қашып құтылмас.
Қырқын мінгеннен қыр артылмас.

Арыған ат шұқанақ санайды,
Ашыққан ат қолыңды жалайды,
Жараған ат көзіңе қарайды.

Қой мен түйе - байлыққа, жылқы - сәндікке.

Нардың бақырғаны - ұят,
Арғымақтың жорғалағаны - ұят.

Тартыншақ түйе жаман,
Итіншек бие жаман.

Қазанат қамшы салдырмайды.

Ат биеден, атан түйеден.

Жылқының сүті - шекер, еті - бал.

Айғырмен ойнаған ат арқасын алдырады.

Жақсы айғыр енесіне шаппайды.

Қубас айғыр құлынын талайды.

Айғыр азынап үйірінен шықпас.

Бие кіндігінен өседі.

Түйесіне қарай жазысы,
Биесіне қарай қазысы.

Желі құтты болса, бие сүтті.

Иесі келсе, биесін бер.

Түйенің жолы үлкен,
Аттың жоны үлкен.

Сұңқар көптен шығады,
Тұлпар топтан шығады.


Көшпелі елге түйе қол,
Жылңылы елге бие қол.

Мың қойға - бір Шопан,
Мың жылқыға - бір Қамбар.

Түйе сойсаң, сорпа май,
Жылқы сойсаң, етке май.

Ердің ісін ауыр қылма,
Сәйгүлікті жауыр қылма.

Жылқыдағы боз айғыр,
Қуып құлын таламас.

Тай мінген балаға жарасар.

Соқыр құлын аттан емшек іздейді.

Кебек жеген ат жүйрік болмас.

Арпасыз дорбаны ат иіскемейді.

Ат болар құлынның артқы аяғы талтақ келер.

Жабы семірсе, желік бітеді.

Асау атты таға тоқтатады.

Саяқтың ажалы қасқырдан.

Үйірлі жылқы үрікпес.

Тұлпар шаба жетіледі,
Сұңқар ұша жетіледі.

Тұлпар бітпейді, бітсе кетпейді.

Тұлпар түбін табады.

Ат - биеден, аруана - түйеден.

Серінің аты да сері.

Ат жалдаған өтер, ит жалдаған кетер.

Аттың атағы, түйенің табаны үлкен.

Атқа мінген кісінің тайға тақымы толмайды.

Ат шаппайды, бақ шабады,
Бақ шаппайды, бап шабады.

Қасқадан ала аяқ туады,
Қотырдан - қыршаңқы.

Қияңқы байтал екі айғырды қырқыстырады.

Ат аунаған жерде түк қалады.

Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады.

Аты семіздің жолы тегіс.

Жетелеген ат аңға жарамайды.

Ат тұяғын тай басар.

Буаз бие сүзеген сиырды мүйізінен таниды.

Жүйріктің шашасына шаң жұқпайды.

Ат ұстаған азабынан құтылар,
Ер ұстаған бейнетінен құтылар.


Аттан аттың несі артық?
Бір аттаған бұты артық.

Атты күнде мінсең - тулақ,
Аптада мінсең - қунақ.

Арғымаң жалсыз, ер малсыз.

Тайлы бие тайлақты түйедей.

Атты қамшымен айдама, жеммен айда.

Аттың жемін жеп,
Тайдың жүгін көтереді.

Атты батыр атсыз жатыр.

Арық аттан аяғым артық

Бір биеде екі емшек,
Бірі кетсе, сүті жоқ.
Бір түйеде екі өркеш,
Бірі кетсе, күші жоқ.

Аттыға тай мінсе де жарасады.

Атпен ойнаған тайдың арқасы кетеді.

Атыңды жүріп тұрғанда қамшыла.

Атының сыры иесіне мәлім.

Жақсы ат - жанға серік,
Жақсы ит - малға серік.

Тай атқа, ат мұратқа жеткізер.

Су айналып жазығын табар,
Ат айналып қазығын табар.

Арық атқа қамшы жау,
Жыртық үйге тамшы жау.

Жақсы ат алдынан сүрінбей,
Артынан сүрінеді.

Шідерлі атың - өз атың,
Тұсаулы атың - бос атың.

Балықшының аты шөлден өледі.

Қартайғанда кәрі боз жорға шығады.

Кәрі атын мақтаған жолда қалады.

Алаботаға ат байлама.

Соқыр атқа қотыр ат үйір.

Тай тулап үйірінен шықпас.

Арқандалған ат қазығына оралар.

Жігітке лайық ат туар.

Көбеңді көр де қой.

Көбең мініс көтермейді,
Мәстек жүріс көтермейді.

Жаман да болса жылқы жасығы.

Жалғыз шапқан ат жүйрік.

Жақсы атқа бір қамшы,
Жаман атқа мың қамшы.

Жауыр атқа жіп құйысқан.


Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар.

Бар қашаған құтылмас,
Жоқ қашаған жеткізбес.

Жақсы аттан жал кетсе де, әл кетпейді.

Сауын саусаң, бие сау,
Боз қырау түспей суалмас.

Көбік қарда түлкі ойнар,
Көк шалғында жылқы ойнар.

Желген атқа жел жаңғырық.

Айдың ізін ай басар,
Аттың ізін тай басар.

Алуан-алуан жүйрік бар,
Әліне қарай шабатын.

Тұлпар тулақ болар,
Орта түссе аясы.

Мынау атты жұрт көргендей тәуір ғып бер,
Болмаса, бәрін құртып, жауыр ғып бер.

Аталастың аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.

Кісі аты тершең,
Кісі киімі кіршең.

Жылқының басы мың қаладан қайтады.

Басты балта бұзар, жылқыны маңқа бұзар.

Жортар аттың тоқтығы жақсы.

Арба атқа келмейді,
Ат арбаға келеді.

Арық атты түсте бақ,
Қарғып түрса қанатың.

Керді мінбегенде жерді мінемін бе?
Ақсақ ат алтынмен тағаласаң да ақсайды.

Елің жаман болса,
Бір жақсыны сағала.

Атың жаман болса,
Ақтекенің мүйізімен тағала.

Алтын ерің атқа тисе,
Алтынын ал да, отқа жақ.

Алдымен атыңды тұсаула,
Кейін Құдайға тапсыр.

Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.

Құрық тимес құлын жоқ,
Қырықтық тимес қозы жоқ.

Ала жылқы жоғалмас.

Жүйрік аттың сауырын берік алар.

Ер қанаты - ат.

Төрт аяғы тең жорға,
Сүдігерге сүрінер.

Айғырды неден салсаң,
Атты содан аларсың.

Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайды.

Жақсы айғыр үйірін қорғайды,
Құж мойын бұқа
сом мүйізі мен сасық тұмсығын қорғайды.

Қасқа айғырдың баласы
Қасқа тумаса да, төбел туар.

Жаман айғыр енесіне тап берер.


Бие көп болса, құлын көп.

Бие қоста жүріп терлесе,
Құлын босқа жүріп терлейді.

Бие кәрі, құлын жас,
Келер жылы қолың бос.

Екі бие - ел асы,
Үш бие - бұлақ басы,
Бір бие - жоқтың қасы.

Ат шабады, құс ұшады.

Бір бие үйдікі, екі бие елдікі.

Бір биеден ала да, құла да туар.

Қулық құлынжанды.

Байтал шауып бәйге алмас.

Шабысы жоқ төбелден,
Терісі кең жабы артық.

Құлындаған байталдан,
Құдыңтағы су артылмайды.

Саумал ішсең, қымыз жоқ,
Байтал мінсең, құлын жоқ.

Ат аяған жерге қарайды,
Құс аяған көкке қарайды.

Атдорба түбін иіскемей ат тоймайды.

Ат айында, бие жылында құлындайды.

Ат жақсысы қартады, негізіне тартады.

Таяқ тайға жеткізер,
Тай құнанға жеткізер.

Құнан атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.

Жігіттің сорлысын,
Жылқының жолдысы теңейді.

Атың арық болса, бір шап,
Отының аз болса, бір жақ.

Күн бұлтты деп,
Жылқыны суармай жүрме.

Жорға мінген жолда қалады,
Жүйрік мінген қолды болады.

Алалы жылқы, ақтылы қой.

Ағайыннан жат жақсы,
Сыйласа алса.

Арғымақтан жабы жақсы,
Шаба алса.

Атанның жүгі тайлаққа, аттың жүгі тайға қалады.

Бұғаудан шошынған асау,
Қамытқа басын сұқпайды.

Тұлпардан жабы озады,
Тұлпар мамада тұрып бұтын созады.

Ат пен ат ақырлас болса,
Меңі жұғады.

Ат пен есек ақырлас болса,
Зеңі жұғады.
Мыңнан шыққан,
Жүзден озған.

Болдырған ат болпақ.

Жалы бар деп жабыдан айғыр салмаңыз.

Жылқы бақтым - жорғалаттым.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру