Мұқағали Мақатаев (Жылқыбайдың жүрегі)
Есімде әлі,
Қарасаздағы диірмен.
Су соққан барлық тастарды ұршық үйірген.
Есімде бәрі...
Жылқыбай қарттың үйі де,
Өзі де, диірмені де,
Аппақ тозаңға киінген.
Сақалы да аппақ,
Мұрты да аппақ,
Бәрі аппақ,
Мектептен шығып, жіңішкке судан әрі аттап,
Жылқыбай қартқа кететін еді жетімдер
Өзегі талып,
Аш лақтардай жалақтап.
Ортан жіліктей,
Темекісін қарт орайтын,
Орайтын-дағы, бір-бірлеп бізді санайтын.
Санайтын-дағы, қойнынан алып күлшесін,
Тепе-тең бөліп,
Күрсініп, ұзақ қарайтын.
...Су диірменді,
Әкеткен мұнан кім едің?
Ауылға барсам, айналып орнын жүремін,жүремін.
Қайтейін енді,
Осында мәңгі сақтаса,
Артында қалган Жылқыбай қарттың жүрегім
Қарасаздағы диірмен.
Су соққан барлық тастарды ұршық үйірген.
Есімде бәрі...
Жылқыбай қарттың үйі де,
Өзі де, диірмені де,
Аппақ тозаңға киінген.
Сақалы да аппақ,
Мұрты да аппақ,
Бәрі аппақ,
Мектептен шығып, жіңішкке судан әрі аттап,
Жылқыбай қартқа кететін еді жетімдер
Өзегі талып,
Аш лақтардай жалақтап.
Ортан жіліктей,
Темекісін қарт орайтын,
Орайтын-дағы, бір-бірлеп бізді санайтын.
Санайтын-дағы, қойнынан алып күлшесін,
Тепе-тең бөліп,
Күрсініп, ұзақ қарайтын.
...Су диірменді,
Әкеткен мұнан кім едің?
Ауылға барсам, айналып орнын жүремін,жүремін.
Қайтейін енді,
Осында мәңгі сақтаса,
Артында қалган Жылқыбай қарттың жүрегім
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Жылқыбайдың жүрегі өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Жылқыбайдың жүрегі