Философия | Дүниеге философиялық көзқарас

Білікті маман. Зерделі азамат болып өсіп шығуға, ертең халық шауашылығының тұтқасын ұстап, ол тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойынына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәні оқып – үйрену қажет.
Онсыз мынау күрделі сан – саналы, қатар – қабаттар, дүниенің , бүкіл әлемінің ішкі сырын табиғатын дамуының мән мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқу - іске шығармашылықпен қараудың, ойланып- толғана білеудің түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің , ой – өрісті кеңейтудің , жан – жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі бұған бүкіл адамзаттың жүріп өткен тарихы жолы куә.
Философия бүкіл ғылыми жүйелерінің көнесі. Ол қауымдық , құрылыс ыдырап, қоғам қоғам бұл иеленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде , мифиологиялық – діни түсініктермен күрс білімінің басын құрады. Тек тілінен аударғанда «философия» «данышпандыққа құштарлық» деген мағына береді.Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегенеміз айнала қоршаған орта. Бүкіл әлем, тұтас дүние туралы , ондағы адамның орны, терминшіліктің мән - мағынасы туралы көзқарастың пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамының пайда болуымен қатар болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі- өмірдің өзі – адамның тіршілік болмысы. Расында дүниенің пайда болуы, оның эволюциялық тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстың мән – жайы, адамзат өніп – өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кетпей ізденіске салды.....
Рефераттар
Толық

Философия | Дискурс

Дискурс ұғымы XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла бастады. Тұңғыш болып «дискурс» ұғымын Ю. Хабермас өзінің «Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын. Содан бері бұл термин батыстық философияда кең қолданылып жүр. Хабермас «дискурске» мына төмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады — қарым-қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан тұратын идеологиялық тіл. Ондағы идеология деп отырғанымыз жалпы белгілер жүйесі деген мағынада қолданылып отыр.
Дискурс — тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады.
Ф. де Соссюрден бастап қазіргі француз функционалистеріне дейінгі классикалық лингвистика тілді қоғамның барлық мүшелеріне ортақ, түсінікті константты (өзгермейтін) құрылым деп қарастырады. Ол түсініктің пайда болуына тілге деген мынадай көзқарастар әсер етті. Біріншіден, тілде бір нақты нәрсені білдіретін белгі және сол нәрсенің өзі бірін-бірі анықтайды деген түсінік; екіншіден сол тілді қолданатын тілдік ұжым мүшелері үшін тілдік белгілердің бәрі бір мағынаға ие; үшіншіден, осы жоғарғы айтылғандардың нәтижесінде тіл қоғамның барлық әлеуметтік топтарына бірдей қызмет етеді.
Шындығында, тіл — бәрімізге ортақ, бәріміз осы тілде сөйлесеміз, бір-бірімізді түсінеміз. Бірақ күнделікті өмірдегі сөз саптасымызға жіті көңіл бөлетін болсақ, онда біз мынадай қызық нәрсені байқаймыз — әрбір сөз өзінің нақты заттық, бұйымдық мазмұнынан басқа көптеген уақытша, өзгермелі идеологиялық мағынаға да ие екен. Сол шексіз көп түрлі мағынаның болуы бір ұлтқа тиесілі ортақ тілді көптеген «социолекттерге» бөліп-бөліп жібереді. .....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ӘЛ ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ

Фараби мұсылмандарының аса ірі бес-алты философтарының бірі. Маймонидтің (орта ғасырлардағы еврей философы – А.К.) айтуынша Фараби еңбектерінің орта ғасырлардағы еврей ойының дамуы үшін үлкен маңызы болса керек. Оның үстіне бір топ еңбегі орта ғасырларда латын тіліне аударылады, осы арқылы Фараби ағартушылардың (француз ағартушылары – А. К.) еңбектеріне тікелей және олар цитаттар келтірген басқа авторлар арқылы жанама түрде әсер етті.
Фарабидің философияға және басқа ғылымдарға қосқан жаңалықтары жайлы жан-жақты зерттеулер жоқтың қасы. Рас, бұл кемшілікті кейбір жекелеген зерттеулер жуып-шайды. Дегенмен, бұл істе жүйелі координация керек. Біз сондай кемшіліктерді жоюға қолқабыс тигізу мақсатымен осы библиографияны жазып, ғылми мекемелер алдына мәселе қойып отырмыз...
Әрине, американ профессорының кітабында артық-кем айтылған пікірлер болуы мүмкін. Дегенмен, ол келтірген мәліметтер Фараби мұраларын аударуда, бастыруда, зерттеуде шетел оқымыстыларының да айтарлықтай еңбек сіңірген отырғанының айғағы болса керек. Бұл, сайып келгенде, Фарабидің ұлылығын және оның еңбектерінің күні бүгінге дейін өте маңызды екенінің тағы бір дәлелі болып табылады.
Фарабиді зерттеу ісіне неміс ғалымдарының да еңбек сіңіргенін айтуымыз керек. Морис Штейншнейдер, Фридрих Диетеричи, Генрих Зутер, Карл Броккельмандардың Фараби мұраларын игеруге айтарлықтай үлес қосқандығы белгілі. Мәселен, Диетеричи «Әл-Фарабидің философиялық тарктаттары» деп аталатын жинақты жарыққа шығарған (1883-1904 жылдары). Бұл жинаққа Фарабидің бірсыпыра философиялық шығармаларының арабша тексткрі мен олардың неміс тіліне аудармасы енген. Карл Броккельман «Араб әдебиетінің тарихы» (1886-1937 жылдары жазылған) деп аталатын көп томды библиографиялық еңбегінде Фарабиге үлкен орын берген.
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйіріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұялап қоныс тебеді. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез санынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбунасыр Фараби. ....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Әлеуметтану және әлеуметтік философия

Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін,басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындаудан басталады.Әлеуметтану ғылымының осынау белгілерін ол жайындағы түсініктің қазіргі кездегі пікірталасына және әлеуметтанушы мектепке тәуелділігіне назар аудара отырып қарастырамыз.
“Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның societas-қоғам және гректің logos –сөз,түсінік, ілім дегенсөздерінен. Демек,этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандайда бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың объектісі менпәнінің ара жігін ажыратып алған жөн.
Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатынныңбәрі, оған объективті шынайылық ретіндегі қарсы тұратын нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шартты ретінде қарастырылады.
Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объективті шынайылықтың және бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық- көптеген жарастылыстану және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық –қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшклкнген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес ,оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Экономика ғылымдарының ерекшкленген объектісі-қоғамдық өмірдің материалдық игіліктерді өндіру,бөлу, алмасу және тұтыну сияқты өзіне тән жақтары. Қоғам өмірінің экономикалық саласынан едәуір өзгеше жағы – саяси биліктің ұйымдастырылуына, қызмет етуіне және дамуына байланысты саясат саласы болып табылады. Және де ол саяси ғылымдардың ерекшеленген объектісі болып табылады. Бірқатар ғылымдар-мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар – қоғамның рухани өмірін, рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ӘБУНАСЫР ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ

Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпактан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбу насыр Фараби. Ол да осы Отырарда туды, осында "кірін жуып, кіндігін кесті". Қаратаудың тасына секірді. Сырдың суын ішті. Арыстың суын кешті, Қызыл-құмның аптабына күйді.
Фарабидің өмірі жөнінен бізге жеткен мағлұматтар үздік-үздік аңыз-шыны аралас болып келеді. Фарабидің толық аты-жөні — Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни өз аты Мұхаммед, әкесі Мұхаммед, оның әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Бараба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Кейде оны жай ғана "Тархани" деп те атайды. Бізге жеткен кейбір деректерге қарағанда оның әкесі сол тұста көшпеліліктен отырықшылыққа ауысқан түркі тайпаларының бірінен шыққан әскер басы екен. Бір нұсқада Фарабидің руы қаңлы-қыпшақ деп көрсетілген. Бұл шындыққа жақын келетін сияқты. "Тархан" деген атаудың төркінін екі түрде топшылауға болады. Бірінші жағынан, ежелден Сыр, Отырар бойын жайлаған (қазір де мекендеп отыр) тарихқа ертеден мелім қаңлы тайпасында "Тархан" (кейде "Дархан деп те атайды") атты ру болған (қазір де бар). Екінші жағынан Кашқари "Қанды-қыпшақтардың атақтыларының есімі" деп жазады. Демек "қанды" мен Тархани байланысты. Сондықтан да Фараби қазіргі қазақ ұлтын құрған байырғы рулардың бірі қаңлы-қыпшақтан шыққан деп айтуға толық негіз бар.
Әбунасыр оқуды өте ерте бастаған. Бастапқы білімді ол туған қаласы Отырарда алады, одан соң Хорасанға барады. Кейінірек білімін онан сайын толықтыру мақсатында араб мәдениетінің орталығы Бағдатқа кетеді. Ғылым-білімге өте құмартқан зерек Әбунасыр мұсылман бола тұра, тіпті кәпірлерден сабақ алудан тайсалмайды. Мәселен, тәуіптік өнер (медицина) мен логиканы христиан оқымыстысы Юханна ибн Хайланнан, ал жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін атақты аудармашы Әбу Башар Маттадан (ол да христиан) үйренеді. Бір нұсқада Фараби осы шәкірт шағында атақты оқымысты Абубәкір ибн Сиражбен жақын араласып, оған логиканы үйретіп, одан астрономияны үйренген деп айтылған. Фараби түркі, араб, парсы, грек және басқа тілдерді жетік білген. Кейбір деректер бойынша тіпті ол 70 тіл білген деп те айтылады. Бұл әрине, асыра дәріптеу болар.
Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше меңгеріп, аса зор табандылық көрсеткен, орасан мол табыстарға жеткен адам. Ол, әсіресе, грек ғылымы мен философиясын, ең әуелі Аристотельдің бай мұрасын игеруді қолға алған. Мұнда ол аса үлкен шыдамдылық пен ыждаһаттылық көрсетеді. Бір аңыз бойынша, ол Аристотельдің "Жан туралы" дейтін еңбегін жүз рет, "Табиғи гармониясын" қырықрет, "Риторикасын" екі жүз рет оқыған көрінеді.
Міне осылай Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, дүние жүзінің ұстазы деген дәрежеге көтерілді. Ол алғашқы кезде Бағдатта істейді, кейіннен Дамаскіде, сонан кейін Алеппода (Сирия) әмірі Сайф әд-Дауланың қарамағында болады. Фараби өз бетінше ғылыммен үзбей шұғылдана берген. Мәселен, бір әңгіме бойынша ол Дамаскіде жүрген кезінде күндіз кала шетіндегі бау-бақшада қарауылдық қызмет атқарып, күндіз тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түнімен ғылыми жұмыспен шұғылданады екен. Фараби өте қарапайым, канағатшыл кісі болған, жұпыны киініп, ырду-дырдудан барынша аулақ жүруге тырысқан.....
Рефераттар
Толық

Тарих | АЛАШ ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫ МӘДЕНИЕТІ КОНТЕКСІНДЕ

Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Елорданың 10 жылдығы мен Алаш қозғалысының 90 жылдық мерейтойына арнап «Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты» атты халықаралық конференция ұйымдастырған екен. Алаш алыптарының даналық идеясына халқымыз жер-жерде шынайы құрмет көрсетуде. Осы құрметтің биік реті Елордасы Астанаға да келіп жетті. Осы қуаныштарыңызбен Сіздерді шын жүректен құттықтап өоюға рұқсат етіңіздер.
Осы бір айдың көлемінде ХХ ғасыр басында Алаш қаласы атанған Семейде данышпан Шәкәрімнің 150 жылдық, Алаш қозғалысының 90 жылдық мерейтойына орай дүбірлі мәдени шаралар өткенін өздеріңіз білесіздер.
Шәкәрімге арналған мерейтойда Семей қаласының орталық саябағында оған ескерткіш ашылып, отандық ғылымдағы тұңғыш жеке тұлғаға арналған «Шәкәрімтану мәселелері» сериялық ғылыми жинағының алғашқы алты кітабының және «Шәкәрім» тұлғалық энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Келген қонақтар тарапынан жақсы бағасын алды. Бұларды санамалап айтып отырған себебім, аталған еңбектердің дүниеге келуіне бүгінгі жиынға қатысып отырған ғалымдардың көбінің атсалысқанын атап өткім келеді.
Сондай-ақ Семейде өткен Алаш қозғалысының 90 жылдығына арналған ғылыми-мәдени шаралар аясында алда істелер іргелі жұмыстардың жобасы айқындалды. Олардың басым бағыттарын «Алаш» энциклопедиясын дайындау, 100 томдық «Алаш қаласының кітапханасы» сериясы бойынша Алаш алыптарының еңбектері мен шығармаларын дайындау, тағысын тағылар. Қаламыздағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті ректоры Ерлан Сыдықов, Семей мемлекеттік педагогикалық институты ректоры Мейір Ескендіров, М.О.Әуезов атындағы Семей университеті ректоры Шырын Құрманбаеваның үш жақты келісімінің арқасында жоғары оқу орындары аралық Алаштану ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратының алдында Алаш көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға елімізде тұңғыш ескерткіш орнатылды.
Бұл жерде айта кететін бір мәселе, осыдан бес жыл бұрын біз «Алаш – Семей» энциклопедиясын дайындауға кіріскен едік. Академик Рымғали Нұрғалидың басшылығымен «Алаш» энциклопедиясының сөзтізбесі болып дайындалған еді. Аумалы-төкпелі кезеңде ол бастама өзгеріске түскен болатын. Алаш – қазақ санасында берік орын алған қасиетті макроұғым болғандықтан келешекте Алаш философиясы метағылым деңгейіне көтерілетіндіктен бұл мәселе қайта айналып келіп алдымыздан шыға берері сөзсіз. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Антик философиясы

«Антик философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын өзнің бастауын б.з.д. VІІ – VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек филсофиясы; эллиндік грек философиясы.
Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы – философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық фиософиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері бар. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, философияның қалыптасуына әкеліп соқты. ....
Рефераттар
Толық

Философия | Философия тарихындағы адам мәселесі

Кіріспе.
Философия тарихындағы адам проблемасы.
Адам мәселесі философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны дәлел бола алады. Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады. /1./ Философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға субъективтің (адамның) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатынасы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі дүниесіне тигізетін әсері қандай-осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.
Философиядағы адам мәселесі (оның шығу тегі, мәні, табиғаты және қоғамдық өмірдегі ролі) фундаментальдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.
Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды. Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз, әпсаналар) мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Философия | ТАНЫМ – ШЫНДЫҚТЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

1. Дүние тану деген не, оның негізгі формалары қаңдай, білмеуден бІлімге, үстірт білімнен терең білімге өтудің заңдылықтары қандай, ақиқат деген не және оған жетудің жолдары қандай, ақиқаттың критерийі (өлшеуіші) не — бұларды және бұлардан басқа да көптеген философиялық мәселелерді танып теориясы немесе гносеология қарастырады. Таным теориясының мәселелері философияның тууымен бірге пайда болды. Таным процесінің аталған мәселелерімен алғаш айналыса бастаған ертедегі грек философтары Демокрит, Платон, Аристотель және басқалар болды. Кейіннен бұл мәселелермен айналысқандар Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж.Локк, Б.Спиноза, ГЛейбниц, И.Кант, Д.Дидро, К.Гельвеций, Г.Гегель, Л.Фейербах, А.И.Герцен және көптеген басқа философтар өз үлесін қосты.
Таным проблемалары марксистік философияның басты мәселелерінің бірінен саналады. Материалистік диалектика табиғи және әлеуметтік шындықты танып білуге болатынына күмәнданушы немесе оны теріске шығарушы философиялық Ілімдердің қисынсыздығын ашып көрсетеді. Бұл ілімдерді, жалпы алғанда, философиялық (гносеологиялық) скептицизм (күмәнданушылық) деп атауға болады — олар ертеде көбінше осылай аталған еді, ал XIX ғасырдан бері агностицизм деп аталатын болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Философия | Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Зерттеу тақырыбы: «Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері» деп аталады. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, тағы басқа мәселелері болды. Бұл қызығушылық оқырман қауымының, оның ішінде философтардың тарихи логикасына жету жолында пайда болды. Сонымен қатар сол кездегі қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін бағалағысы келетін біздер үшін, үлкен сын сағат туғандай.....
Курстық жұмыстар
Толық