Тарих | АЛАШ ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫ МӘДЕНИЕТІ КОНТЕКСІНДЕ
АЛАШ ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫ МӘДЕНИЕТІ КОНТЕКСІНДЕ
Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Елорданың 10 жылдығы мен Алаш қозғалысының 90 жылдық мерейтойына арнап «Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты» атты халықаралық конференция ұйымдастырған екен. Алаш алыптарының даналық идеясына халқымыз жер-жерде шынайы құрмет көрсетуде. Осы құрметтің биік реті Елордасы Астанаға да келіп жетті. Осы қуаныштарыңызбен Сіздерді шын жүректен құттықтап өоюға рұқсат етіңіздер.
Осы бір айдың көлемінде ХХ ғасыр басында Алаш қаласы атанған Семейде данышпан Шәкәрімнің 150 жылдық, Алаш қозғалысының 90 жылдық мерейтойына орай дүбірлі мәдени шаралар өткенін өздеріңіз білесіздер.
Шәкәрімге арналған мерейтойда Семей қаласының орталық саябағында оған ескерткіш ашылып, отандық ғылымдағы тұңғыш жеке тұлғаға арналған «Шәкәрімтану мәселелері» сериялық ғылыми жинағының алғашқы алты кітабының және «Шәкәрім» тұлғалық энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Келген қонақтар тарапынан жақсы бағасын алды. Бұларды санамалап айтып отырған себебім, аталған еңбектердің дүниеге келуіне бүгінгі жиынға қатысып отырған ғалымдардың көбінің атсалысқанын атап өткім келеді.
Сондай-ақ Семейде өткен Алаш қозғалысының 90 жылдығына арналған ғылыми-мәдени шаралар аясында алда істелер іргелі жұмыстардың жобасы айқындалды. Олардың басым бағыттарын «Алаш» энциклопедиясын дайындау, 100 томдық «Алаш қаласының кітапханасы» сериясы бойынша Алаш алыптарының еңбектері мен шығармаларын дайындау, тағысын тағылар. Қаламыздағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті ректоры Ерлан Сыдықов, Семей мемлекеттік педагогикалық институты ректоры Мейір Ескендіров, М.О.Әуезов атындағы Семей университеті ректоры Шырын Құрманбаеваның үш жақты келісімінің арқасында жоғары оқу орындары аралық Алаштану ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратының алдында Алаш көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға елімізде тұңғыш ескерткіш орнатылды.
Бұл жерде айта кететін бір мәселе, осыдан бес жыл бұрын біз «Алаш – Семей» энциклопедиясын дайындауға кіріскен едік. Академик Рымғали Нұрғалидың басшылығымен «Алаш» энциклопедиясының сөзтізбесі болып дайындалған еді. Аумалы-төкпелі кезеңде ол бастама өзгеріске түскен болатын. Алаш – қазақ санасында берік орын алған қасиетті макроұғым болғандықтан келешекте Алаш философиясы метағылым деңгейіне көтерілетіндіктен бұл мәселе қайта айналып келіп алдымыздан шыға берері сөзсіз.
Міне сондықтан да Алаштану ғылыми-зерттеу орталығының директоры, философия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі ретінде мені Алаш философиясы көптен бері толғандырып жүр. Осы туралы ойымды ортаға салсам деймін.
Алаштық идея, алаштық ой, алаштық таным сияқты ұғымдардың бар болуы алаш философиясы деген пәннің барлығын сездіретін өрісті ойға жетелейді. Шындығында объектісі бар, бірақ предметі, пәні жоқ болу логикаға қисынсыз.
Алаш – әлем қазақтарын тұтастандыратын ұлттық сана негізі. Бейнелеп айтсақ, Конституцияны Ата заң дейміз, сол сияқты Алаш ұғымы қазақ үшін Ата ұғым болып қала бермек.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері Алаш мәселесіне мол барып жүрген тарихшылар қауымы. Олай болуы заңды да. Тарих ғылымы алаштанудың негізгі тірегі. Оны ешкім де терістемес. Бірақ Алаш мәселесін деректану аясында қарастыру түбінде бірезулікке апарады. Алаштану ғылымын «инвертаризациялық» деңгейге түсіреді. Ал Алаш идеясы мәселесіне келсек, қандай да бір идея мәйектенеді, мәнге ие болады. Сондықтан танымдық ізденісті талап етеді. Алаштанушы ғалым Мәмбет Қойгелдінің философтар, әлеуметтанушылар Алаш мәселесіне мойын бұрмай отыр деп атап айтуы орынды. Бұл пікірді Алашқа дүниетанымдық тұрғыдан келудің қажеттілігін сезіну деп қабылдаған жөн.
Шындығында, Алаш түсінік деңгейіндегі ұғым емес, таным деңгейіндегі ұғым. Алаш танымы – тарихи таным, мәдени таным, әлеуметтік таным, саяси таным болып салаланып қарастырыла бастады. Осы танымдар жүйесі философиялық метанымға өріс ашып отыр.
Алаш ұғымы қазақ танымындағы ең қасиетті метаным екенін оның этимологиясы айқындайтынын, ежелгі түрік сөзі «бауырластар, қандастар, туыстар» деген мағынада екені, «Алаш» сөзі «Қазақ» атауының баламасы ретінде айтылатыны белгілі. Алаштың ұранға айналған дәуірлі кезеңі тарихи санада сақталған. Ал ұран дегеніміз рухқа негізделеді. Рух – философиядағы негізгі ұғымдардың бірі.
Алаштың танымдық жүйесін еркін танып барғандар әдебиеттанушы ғалымдар болды. Алаш мәселесіне отандық әдебиеттану ғылымының рухы күшті, көркемдік-эстетикалық танымы қарымды әрі қуатты. Нақты бірер мысал келтірер болсақ, академик Рымғали Нұрғали «Алаш» энциклопедиясы идеясын ұсынып қана қоймай, кезінде оған өзі басшы болып кіріскен, сөз өнеріндегі Алаштың орны туралы зерттеулер жазған, тіпті жақында жарық көрген қарымды зерттеуін «Алаштың бас кітабы» деп атаған. Ғалым «Абай жолы» роман-эпопеясын айтып отыр. Неге? Бұлай атау кездейсоқтық па, әлде заңдылық па? Біздің пайымдауымызша автор қазақтың көркемдік-эстетикалық танымына жаңа өріс ашып отыр. Осы зерттеуінде автор Алаш қайраткерлерін «Ұлы толқын» деп атаған. Немесе ғалым Ербол Тілешовтің іргелі зерттеуін «Алаштың жолы» атауы кездейсоқтық па? Автор осы зерттеуінде «Алаш тағылымы өз дәуірімен бірге кеткен, тек қана деректік мәні бар оқиға емес. Алаш қозғалысы – ұлттық идеядан бастау алған, ұлттық дүниетанымға нәр берерлік, дәстүрлері өміршең, тәлімі терең тарихи-рухани құбылыс» дейді. Алаш қозғалысын инвентаризациялық, деректік деңгейде қарастырмай, ұлттық дүниетанымға нәр берерлік биіктен қарастыру мәселе ретінде қойылған. Ұлттық философияға тарих ғылымымен қатар әдебиеттану ғылымы да өріс ашып отыр. Міне осындай мысалдар мол келтіруге болады. Сондай-ақ әдебиеттану саласында «Алаш әдебиеті» деген көркемдік таным ғылыми айналымға енді. Әрине, оның дәуір-кезең, стиль-поэтика, тағы басқа методологиялық мәселелерін айқындау әдебиеттанудың келешектегі басым бағыттары.
Алаштық таным мәселесіне келгенде, әлем қазақтары рухани тұтастық мәселесінің мәні зор. Түпнегіз Қазақстан жетпіс жылдық ұлтсыздану идеологиясының шырмауында болғанда Шығыс Түркістан, Түркия, Еуропа қазақтары Алаш танымының шырақшасына айналды. Сондықтан Алаш танымында солардың барлығын қамтитын біртұтастық қажет.
Осы біртұтастық танымды болашақта қазақ философиясының арналы саласы, метағылым – Алаш философиясы көтеруі қажет. Алаш философиясын неге метағылым деп танимыз, соған тоқталып өтпекпін. ХХ ғасырдың аяғында ғылым философиясы басым бағытта дамып, салалық ғылымдардың ортақ философиялық концепт мәселесін тұжырымдауда ізденісті нәтижелерге жетті. Тарих, әдебиеттану, әлеуметтану, мәдениеттану салаларындағы Алаштану көпқырлы мәселелері жүйеленіп Алаш философиясында ұлттық таным феномені ретінде қарастырылуын тәуелсіздік санасы талап етіп отыр.
Оған бір айғақты дәлел соңғы жылдары жоғары оқу орындарында магистранттар мен аспиранттарды оқыту бағдарламасына «Ғылым философиясы мен тарихы» енгізіліп оқытыла бастауынан көрініс тауып отыр. Ғылым философиясы екі деңгейлі мәнге ие, бірі арнайы ғылыми, екіншісі жалпыфилософиялық мәселелері мен жалпыфилософиялық мәселелерін де қарастыратын ғылым философиясының жаңа концепциясына мәселе етіп қоюы қажет.
Жалпы қазақ философиясы тарихын, ондағы тарихи-философиялық процесті зерттеу ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдары ғана жүйелі түрде қолға алына бастады. Бүгінгі күнде қазақ философиясының тарихын кезеңдеу үш кезеңге бөлініп қарастырылып жүр: түркі дәуіріндегі философиялық ойлар, ақын-жыраулар философиясы тарихы мәселесінде жауапсыз сауалдар көп. Алаштық дүниетаным әдебиетте, мәдениетте, тарихта, саясатта, әлеуметтануда, ғылымда айқын көрініс тапты. Бірақ соны қазақ философиясыныңбасым бағыты ретінде зерттеудің методологиясы айқындалмай, ғылыми концепциясы ұсынылмай отыр. Ресей әдебиеттану ғылымында көркем шығармадағы орыстың ұлттық характері мәселесі, философиясында орыстың ұлттық дүниетанымы басым бағытта зерттеле бастады. Бұл сол елде соңғы он – он бес жылда қорғалған диссертациялар тынысынан айқын байқалады.
Ұлттық танымдағы ізденістер өз кезегін тосып тұр. Сол ізденістің бірі – бүгін алғаш рет осы мінбеде ұсынылып отырған Алаш философиясы мәселесі. Мен Алаш философиясы Қазақстан өркениетін қалыптастырудағы қазақ философиясының алтын қазығы деп танимын. Қазақ философиясының басқа ғылымдардың артында салақтап жүрмей, керісінше дүниетанымдық бағдар берер феномен бағдаршам болуына Алаш философиясы қажет еді. Бүгінде олай болмай тұр. Бұл бүгін айтылғанмен, ертең айтылар ақиқат. Тыңдағандарыңызға рахмет.
Жұрт пайдасын сөйлеу, жұртқа сөз айту, ақыл беру оңай. Бірақ сол ақылын орнына келтіру, терлеп-тепшіп соған ерінбей, жалықпай жүру бек қиын. Ақылды, білгіш, шешен біздің қазақ жұртында бар ғой, бірақ құдай өзімізге ынтымақ береке берсін! ...Ақылды, күшті біріктірейік, бас қосып біз де жұрт қатарына кірелік.
Жиһанша Сейдалин....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат АЛАШ ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫ МӘДЕНИЕТІ КОНТЕКСІНДЕ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат АЛАШ ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫ МӘДЕНИЕТІ КОНТЕКСІНДЕ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Тарих жоспарымен, казакша реферат жоспар, АЛАШ ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫ МӘДЕНИЕТІ КОНТЕКСІНДЕ