Философия | Философия тарихындағы адам мәселесі

 Философия | Философия тарихындағы адам мәселесі

Мазмұны
Кіріспе.
1.Философия тарихындағы адам мәселесі........................... 3-8беттер.
Негізгі бөлім.
а).Қазақ топырағындағы қалыптасқан философиялық ойлардағы адам мәселесі....................... 9-13беттер.
ә).Әл-Фараби философиясындағы адам мәселесі............... 14-18беттер.
б).Ахмет Иассауи дүниетанымындағы адам мәселесі........ 19-22беттер.
в).Абай философиясындағы адам мәселесі...........................23-35беттер.
Қорытынды.............................................................................. 36-бет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................. 37-бет.

Кіріспе.
Философия тарихындағы адам проблемасы.
Адам мәселесі философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны дәлел бола алады. Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады. /1./ Философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға субъективтің (адамның) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатынасы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі дүниесіне тигізетін әсері қандай-осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.
Философиядағы адам мәселесі (оның шығу тегі, мәні, табиғаты және қоғамдық өмірдегі ролі) фундаментальдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.
Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды. Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз, әпсаналар) мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет
береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды /2./
Ертедегі Шығыс ойшылдарының көбі, өздерінің философия жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей адам проблемаларын алған. Көне замандағы Мысырлықтар философиясының объектісі құдайлар мен әділеттік мәселесі деп біледі. Бұдан 25ғасыр бұрын өмір сүрген әйгілі Қытай философы Конфуций өз ілімінде адам, «адам-сүйгіштік» /жэнь/ проблемасын алды. Оның түркі тұжырымы ретінде «аспан» концепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен адам дамуын анықтайтын тек табиғат бөлігі ғана емес, жоғары рухани күшті де білдіреді. Оның философия
/1./ Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов. Философия. Алматы, 2002ж. 68бет.
/2./ Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. Алматы: Рарирет-2004ж. 234бет.
негізін адам, оның өмірі мен тіршілігі құрайды, яғни антропоцентристік сипат алады. Ол аспан мархабатымен белгілі бір этикалық қасиеттерге ие болған адам мораль заңына –даоға сәйкес қылық жасауы тиіс және бұл қасиеттерді оқу үрдісінде жетілдіруі тиіс деп жазды. Оқытудың мақсаты Конфуций концепсиясына сай «идеялды адам», «қайырымды ер» (цзюнь-цзы) деңгейіне, жету болып табылады. «цзюнь-цзыға» жету үшін әрбір адам бірқатар этикалық принциптерді сақтауы керек. Олардың ішіндегі «өзіңе қаламағанды өзгеге жасама» деген ережесі сай отбасы мен мемлекеттегі адамдар арасындағы идеалды, қатынастар заңын білдіретін өмір концепциясы (адамшылдық, имандылық, сүйіспеншілік) болып табылады. Конфуций және оның ізбасарлары ілімі мен қатар ерте қытай философиясындағы келесі бір бағыт-даосизмді де атап өтуге болады. Оның негізін қалаушы Лао-цзы саналады. Даосизмнің түпкі идеясы дао туралы ілім. Доа-бұл жекелеген адамның қылығы және ойлауымен қатар, қоғамның, табиғаттың көзге көрінбейтін, барлығын қамтитын заңы.
Ежелгі үнді әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалды. Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара және өткелі. Алайда өзінің эмперикалық болмысындағы құмарлықтың азат болып, еркіндікке ұмтылуы тек адамға ғана тән. Уланишад бүкіл Үндістанда адам философиясы дамуына орасан зор ықпал етті. Ол джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, иога ілімдеріне мол әсерін тигізді.
Этникалық білім ретінде дүниеге келген Үндістанның буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Бұған дейінгі брахманизм деп аталатын діни-философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы- құдайға құлшылық етіп, табына беру деп білсе, буддизм керісінше, өмірдің өзі тек азап шегуден тұрады, бұл дүниеде (сансарда) одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты; сансардан кету, безіну деп санады. Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы өмірге құмарлықтан арылу. Бұл жайды буддизм «Нирвана» деп атайды. (өшу, сөну мағнасында)
Оған жеткен адам (архат)-азап-қасіреттен түгелдей құтылып, аспаннан да жоғары, адамдықтан тысқары ерекше рахатқа мәңгілік бөленген, о дүниемен бұ дүниенің айырмашылығын сезініп аңғару шегінен алысқа кеткен адам.
Ежелгі грек философиясында адам бастапқыда өз-өзінен өмір сүрмейді, тек абсолюттік тәртіп және ғарыш ретінде қабылданатын белгілі бір қатынастар жүйесінде өмір сүреді.
Тікелей антропологияға өту софистердің сыншыл, ағартушылық әрекетімен және философиялық этиканың негізін қалаған Сократтың еңбегімен байланысты болды. Сократ үшін негізгі мәселе адамның ішкі
әлемі, оның жаны мен қасиеттері болып табылады. /1./ Ол «игілік-білім» деп тұжырымдай отырып, алғаш рет этикалық рационализм принципін негіздейді.
Сондықтан да қайырымдылық пен әділеттілікті таныған адам жаман және әділетсіз қылық жасамайды. Адамның міндеті ақиқатты тану негізінде үнемі адамгершілік парасаттылыққа ұмтылуда. Бұл ең алдымен өзіңді-өзің тануға, өз адамгершілігіңнің мәнін ұғуға бағытталады.
Демокрит – адам туралы ілімдегі материалистік монизмнің өкілі. Демокрит бойынша адам- табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Демокритпен салыстырғанда Платон жан мен тән антропалогиялық дуализм позициясын ұстанды. Бірақ жан ғана адамды адам ететін субстанция болып табылады, ол тән оған қарсы материя ретінде қарастырылады. Сондықтан да адамның жалпы сипаттамасы, оның мақсаты және әлеуметтік статусы жанның санасына тәуелді. Адам жаны үнемі идеялардың транссцендентті әлемінде тартылады, ол мәңгі, ал денеге өлім тән. Платон бойынша, адам өмірінің мәңгі трагизмі жанның тұтастығында және жан мен тәннің қарама-қарсылығында. Аристотель концепциясында адам қоғамдық, мемлекеттік, саяси деп қарастырылады. Адамның бұл әлеуметтік табиғаты оны жануарлардан да, «адамгершілік тұрғыда жетілмегендерден» де, «жоғары адамнан» да ерекшелендіреді. Оның айтуынша адамның тағы бір ерекше белгісі-оның ақылдылығы, «адам – ол ең алдымен ақыл – ой». Аристотельдің пікірінше, адам ақылға ие қоғамдық жануар. Әлеуметтілік пен ақылдылық - оны жануардан айрықшаландыратын екі негізгі сипаттама.
Ежелгі Грециядағы адам мәселесі өз мемлекеттеріне, бағыттар мен позицияларына қарай әр түрлі болып келеді.
Ортағасырлық адам ең алдымен құдай бекіткен әлемдік тәрбиенің бөлігі ретінде қарастырылады. Аврелий Августиннің пікірінше, адам- бір-біріне тәуелсіз жан мен тәннің қарама қайшылығы. Бұл оның жеке иммунитеттік субстанциясы /2./
Августиннің бұл мәселеге қосқан жаңалығы адами тұлғаның дамуы.
Фома Аквинский адам туралы христиандық ілімді негіздеуде Аристотель философиясын пайдаланды. Адам-бұл жануарлар мен періштелер арасындағы жан. Ол жан мен тәннің тұтастығын білдіреді, бірақ жан «тәннің қозғаушысы» және адамның мәнін анықтайды.
Жаңа заманның философиялық антропологиясы пайда болып келе жатқан капиталистік қатынастардың, гуманизм деп аталатын жаңа мәдениет пен ғылыми білімнің ықпалымен қалыптасты. Жаңғыру дәуірінің
/1./ Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. Алматы: Рарирет-2004ж. 236бет.
/2./ Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. Алматы: Рарирет-2004ж. 237бет.
философиясы адамды жерге түсіріп, оның мәселесін осы түбірде шешуге тырысады. Адамның әуел бастағы күнәқарлығы туралы ілімге қарсы, ол адамның қайырымдылыққа, бақытқа және үйлесімділікке табиғи ұмтылысты бекітеді. Бұл философияға гуманизм мен антропоцентризм тұтастай тән.
Жаңа еуропалық рационализмнің негізін қалаушы Рене Декарт, адамзат өмір сүруінің жалғыз күмәнсіз айғағы ойлау болып табылады. Декарттың айтуынша, дене өзіндік машина болып табылады. Бұл адамды машина ретінде қарастырған механистік көзқарас жаңа заман философиясына кеңінен таралды.
Ж.Ламетрдің «Адам-машина» деп аталатын жұмысында механистік материализм көзқарасы негізделеді. /1./
И.Канттан бастап немістің классикалық философиясы адамды философиялық зерттеулердің негізгі объектісіне айналдырады. Декарт сияқты Кант та антропологиялық дуализм позициясын ұстанады, оның дуализмі жан мен тән дуализмі емес, адамгершілік- табиғи дуализм. Канттың пікірінше, адам бір жағынан табиғи қажеттілікке жатса, екінші жағынан адамгершілік, еркіндік пен абсолюттік құндылықтарға жатады. Гегельдің антропологиялық концепциясы, оның бүкіл философиясы сияқты рационолизмге тұнып тұр. /2./ Ол адамның рухани әрекет субъектісі және жалпы маңызды рух пен ақыл-ой тасымалдаушысы ретіндегі жағдайын дәлелдеді. Фейербах болса тірі, эмперикалық адамның маңыздылығын тиянақтайды. Ол адамды ең алдымен табиғаттың бөлігі, сезімдік-тәндік жан ретінде таниды.
Маркс адамды түсінуде ең алдымен еңбек әрекетін алға тартады. Қоғамдық болмыс-қоғамдық сананы анықтайды.
Өмір философиясы (Ницше, Дильтей) адам ерекшелігін бірде органикалыққа, биологиялыққа жақындайтын, бірде мәдени тарихи мәнде түсіндірілетін өмір феноменінен көрінеді. Экзистенциализм, ең біріншіден, индивидуалды адам өмір сүруінің шынайылығына мазасызданады.
Ғылымның қазіргі жетістіктері адамды биологиялық факторлармен қатар әлеуметтік факторлар да маңызды роль атқаратын эволюциялық даму өкілі деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Адамның мәні адам туралы философиялық ілімнің өзегін құрайды.
/1./ Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. Алматы: Рарирет-2004ж. 238бет.
/2./ Бұл да сонда. 239бет.
1.Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардығы адам мәселесі.
Қазақ философиясының бастау бұлағы ежелден негізделіп, өзінің кейбір тарихи шектеулеріне қарамастан ұлтымыздың жарасымды дамуына, философиялық ой-санасының өсуіне гуманистік рух, рухани мол азық берді. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ежелгі философиялық теориясын түгелдей ұзақ та жемісті философия тарихы өзінің көл-көсір
молдығымен де, тарихи деректілігімен де, дүниетанымдық әрекеттілігімен де халқымыздың рухани болмысында айрықша орын алады. /1./
Шығыс философиясының өзіндік бір дербес ерекшелігі-бар ешқандай бұлжымай қатып қалған философия түрлерінің болмауы. Қайта бағыттардың әртүрлі қалыптарына өміршеңдігіне, даналығына көз жеткізіміз. Шығыс философиясының бұтағы болған қазақ философиясының тарихы кейін зерттеліп келеді. «Қазақ философиясының тарихи дамуы қай кезеңнен басталады?» деген сұрақ даулы, әрі қиын. Қасиетті қазақ даласының тарихы шексіз болса, ондағы даналық содан кем емес. Біздің эрамызға дейінгі VIIғ.гректің жеті ғұламасының бірі деп танылған, Платонның айтуы бойынша аты аңызға айналған скиф Анарсис (Анарыс), одан кейінгі IX-XIIIғғ. аралығында өмір сүрген әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи, Махмұт Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ғұлама ойшыл философтардың асыл мұраларын, философиялық дүниетанымымен, одан кейінгі XV-XVIIIғғ. өмір сүрген қазақ ақын-жырауларының философиялық ойлары, XIXғ. екінші жартысындағы философиялық ойдың дамуы, ағартушылар философиясы /2./
Қазақ халқының философиялық-қоғамдық ой-пікірлерін зерттеу XXғасырдың басынан қолға алына бастады. Қазақ философиясындағы адам мәселесі де оның тарихи дамуынан тыс қалған жоқ деуге болады. Ұлы Абай айтқандай «Адам бол!» идеясы бұрынғы фальклордан бастап осы заманғы қазақ философиясына тән ортақ және ұдайы дамып келе жатқан идея.
Әл-Фараби философиясында анық көрсетілгендей, қазақ философиясы әрқашан «нақты адам қоғамына», бақытқа, теңдікке жету жолдарын қарастыруға бет бұрған /3./
Осындай жалпы қазақ философиясына тән ортақ дәстүрлермен қатар, оның өзінің ішкі бағыттары орын тепті. 60-80 жылдардағы қазақ философиясындағы жаңадан қалыптасқан зерттеу бағыттары ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді жан-жақты және терең түсінуімізге қажетті жағдай жасады.
/1./ А.Қасабек, Ж.Алтаев. Қазақ философиясы. Алматы, 1996ж. 3бет.
/2./ Бұл да сонда. 5бет.
/3./ Бұл да сонда. 20бет.
Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас бөлігі ретінде осыдан екі жарым мың жыл шамасында өмір сүріп, грек философиясында скифтердің ой-үрдісінен өшпес із қалдырған Анарсисті (Анарыс) айтуға болады. Біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырында өмір сүріп, ел басқарған атақты Майқы би бабамыз Анарыстың өсиеттері деп ел билеудің жолын айтып отырады екен: «Ең ақылды адам-ел билеуден аулақ адам» - депті бабамыз деп, аузынан тастамайды екен.
Латыншаланып кеткен Анахарсис Скифский дегеніміз осы бабамыз айтқан Анарыс бабамыз.
Қазақ философиясының мол үлгісі фольклорда жатыр. Қазақ философиясының дүниетанымдық негізі, рухани қазынасы байырғы ауыз әдебиеті, тұрмыс –салт жырлары, аңыз-ертегілер, мифология, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, тарихи жырлар болып табылады. Біздің бабаларымыз кезінде өмір құбылыстарын, табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, болмыстың мәні мен мақсатын, образдық ой арқылы жеткізе білді. Қазақтың көшпенділер философиясында, халық фольклорына адамдық сапа, ұлттық қасиет ерекшелігі бар, біз оны жоғалтпай сақтай білуіміз керек. Көшпенділер үшін философия- адам, өмір болмысы. Қазақ фольклорындағы философиялық ой-пікірлердің философиялық тұрғыды зерттелуі әлі аз.
Қазақ философиясының өзіндік ерекшелігі адам, бақыт, сұлулық, тән, көркемдік, өмір мен өлім, дүние, әлем, болмыс, батырлық, адам мен табиғат үйлесімі мәселелері. Қазақ фольклорында өзінің молдығымен, көркемдік, сұлулығымен, тарихи деректілігімен, сыршылдығымен ерекше орын алады. Қазақ халқының фольклорында адам, табиғат, қоғам, өмір жайлы түсініктер өрістей келе, бүкіл халықтық ой-санаға айналған. Халық күнделікті тұрмысқа қажетті қарапайым нәрседен бастап, күрделі құбылысқа дейін сөз етеді.
Фольклорлық шығарманың тақырыбында табиғат, адам, төрт түлік мал, тәрбие, тарих, этнография, мәдениет араласып келіп отырады. Философияның басты категорияларының бірі адам мәселесі – фольклорда басты мәселе деуге болады. Ақылды Аяз би жаман атанса да бәрінен озып шығады. Жақсы адам және жаман адам мәселесі даналық түрінде анық көрінеді. Алдар көсе, тазша бала бейнелері арқылы-халық тапқырлығының жарқын көрінісін көреміз.
Фольклор тарихын этнографиялық, археологиялық, әлеуметтік – психологиялық мағлұматтармен қабаттастыра зерттеу қажет. Мысала, неолит адамдарының көзқарасының шешуші мәнге ие болған нәтижелерінің бірі- өздерін табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде емес, ол бүкіл табиғатпен бетпе-бет, екі жақ болып тұрғандығынан сезіне бастауы болды. Осының арқасында осы екі жақтың бірі-адамдар дүниесі, екінші – табиғаттың тылсым күштер дүниесі. Бүкіл әлемнің тіршілігі осы екі дүние қарым-қатынастары ауқымында өтіп жатқандай болып ұғылатын болды. Табиғат дүниесі билеуші, бағындырушы ролін, ал адам дүниесі – бағынушы, икемдеуші ролін атқарған мұндай түсініктер адам санасында сақталып келді./1./ Полеолит адамдары өздерін-өздері бүкіл табиғат дүниесінен айырмаған, өздерін бүкіл табиғаттың ажырамас бір бөлшегі деп ұғынған.
Халық арасында дала аңызына айналған Қорқыт, Асан қайғы туралы аңыз толып жатыр. Қорқыт халық ұғымында болашақты көре білген қобызшы, философ. Қорқыт – ежелгі түркі тайпаларының IX-Xғасырда Сыр бойында ғұмыр кешкен ұлы ойшыл, философы, жырауы, қобызшысы және Кітаби Қорқыт жырларын тудырған, үлкен эпос айтушы. Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз тұстасып кеткен, оның ақиқаты қайсы, аңызы қайсы, ол, біз біліп болар шаруа емес. Қорқыт ажалдан қашқаны үшін тарихта қалмас еді. Мәселе, Қорқыттың аса ақылдылығы мен даналығында, оның кереметтігінде. Яғни, оның ажалмен «күресі» бергі әңгіме, мәселе тереңде. Қорқыттың аясалға қатысты аңызға айналуы-акциденциялық іс. Мәселе ажалда емес, мәселе адам болмысының жұмбақтығында./2./ Қорқыт дүниетанымының қызығы-ажал, мәңгілік өмір емес, адам, оның болмысы. Өмір философиясын айтып отырған Қорқыт адам қызықтырған мұндай проблеманы, жоғарыда айтып кеткендей Ф.Ницше (1814-1900), Б.Шпенглер, Ортега-и-Гассет, Хайдеггер т.б. көтерген.
Қорқыт болса, VIII ғасырда «Ғұмыр философиясын» және «Өмір сүру философиясын» бірге көтерген. Алғашқысы көлеңкеде қалып, екіншісі акциденция ретінде көрініп, Қорқыт есімі ажалмен байланыста қарастырылған. Ал, анығында Қорқыттың нысаны – адам, оның болмысы, яғни адам табиғатының дәрменсіздігі, әрі оның бұл өмірге бейімделгендігі. Өмірге адам-бөгде./3./ Аңызда адамның, яғни Қорқыттың еркінен тыс, оған көр қазып жатады. Бұл жерде жеке адам еркі және тағдыр деген мәселе тұр.
Қорқыт дүниетанымының басты ұғымы – адам болмысы. Адам табиғатынан, туа бітісінен өзінің шектеулі кеңістігінде ғұмыр кешеді. Қорқыт дүниетанымы адамның шамасы туралы./4./
Қорқыт адамның шамасы туралы толғанысқа түскен. Адам табиғатынан (әуел бастан) шамасы шектеулі. Олай болса, адамның мына сұрағы көп ғұмырдағы орны қандай ? Адамның білетінінен білмейтіні көп, онда пенде қайтіп өмір сүрмек? Міне Қорқыт дүниетанымының басты арналары./5./ Көшпенділердің философы атанған Асан қайғының айтқан сөздерін халық қанша уақыт өтсе де өз жадында сақтады. Асан қайғы туралы қазақ фольклорындағы сақталып қалған аңыздар – халық даналығынан туған,..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру