Философия | ТАНЫМ – ШЫНДЫҚТЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

 Философия | ТАНЫМ – ШЫНДЫҚТЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

Мазмұны
І. ТАНЫМ – ШЫНДЫҚТЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ
1. Материалистік диалектика — таным теориясы әрі әдісі
2. Танымның субъектісі мен объектісі
3. Практика – танымның негізі және мақсаты
4. Танымның диалектикалық жолы. Сезімдік таным мен логикалық таным және олардың формалары.
5. Танымдағы сезімдік пен рационалдықтың диалектикалық бірлігі
6. Ақиқат деген не? Оның түрлері қандай?
7. Ақиқаттың өлшеуіші (критерийі)
8. Ғылыми танымның формалары мен әдіс-тәсілдері

1. Дүние тану деген не, оның негізгі формалары қаңдай, білмеуден бІлімге, үстірт білімнен терең білімге өтудің заңдылықтары қандай, ақиқат деген не және оған жетудің жолдары қандай, ақиқаттың критерийі (өлшеуіші) не — бұларды және бұлардан басқа да көптеген философиялық мәселелерді танып теориясы немесе гносеология қарастырады.
Таным теориясының мәселелері философияның тууымен бірге пайда болды. Таным процесінің аталған мәселелерімен алғаш айналыса бастаған ертедегі грек философтары Демокрит, Платон, Аристотель және басқалар болды. Кейіннен бұл мәселелермен айналысқандар Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж.Локк, Б.Спиноза, ГЛейбниц, И.Кант, Д.Дидро, К.Гельвеций, Г.Гегель, Л.Фейербах, А.И.Герцен және көптеген басқа философтар өз үлесін қосты.
Таным проблемалары марксистік философияның басты мәселелерінің бірінен саналады. Материалистік диалектика табиғи және әлеуметтік шындықты танып білуге болатынына күмәнданушы немесе оны теріске шығарушы философиялық Ілімдердің қисынсыздығын ашып көрсетеді. Бұл ілімдерді, жалпы алғанда, философиялық (гносеологиялық) скептицизм (күмәнданушылық) деп атауға болады — олар ертеде көбінше осылай аталған еді, ал XIX ғасырдан бері агностицизм деп аталатын болды.
Скептицизмнің идеяларын айтушы ертедегі грек философтары Пиррон, Энесидем, Секст Эмпирик және басқалар әрбір талқыланатын теориялық мәселе бойынша бірін-бірі өзара теріске шығаратын қарама-карсы пікірлер айтылатынын бетке ұстай отырып, ақиқатқа жету мүмкін емес деген қорытыңдыға келді. Ертедегі скептиктер сезімдік қабылдау да, логикалық ережелер де заттарды танып білуге мүмкіндік бере алмайды, сондықтан білімнің бәрі бар болғаны сенім ғана деп дәлелдеді.
Жаңа дәуірде бірқатар философтар ертедегі скептиктердің дәлелдемелерін қайта жаңғыртып дамытты. Солардың ішінен ең алдымен ағылшын философы Д.Юмды және неміс философы И.Кантты атап көрсеткен жөн, өйткені олар агностицизмнің негізін салушылар деп есептеледі. Әрбір білім шын мәніне келгеңде білместік болып табылады, деді Юм, өйткені адам өз тәжірибесінен әрі аса алмайды. Кантшылдық — агностицизмнің келесі бір түрі. И.Кант таным процесінің жеке формаларына: сезімге, ойдың ұғым, пікір формаларына, ақыл-парасатқа егжей-тегжейлі талдау жасады. Бұл талдау гносеологияға қосылған үлес болды. Бірақ оның барлық танымдық-теориялық пайымдауларының бағыты мен жалпы қорытындылары дұрыс емес. Кант танып процесінің күрделі де қайшылықты сипатын байқады, бірақ оны шындық дүнйе заттарынан бөліп тастады. Заттардың "... өзі қандай екендігі туралы біз ештеңе білмейміз, — деп жазды ол, — біз олардың тек құбылысын ғана, яғни біздің сезімімізге әсер ете отырып, бізде тудыратын елестерін ғана білеміз".
XIX және XX ғасырлардың философиясында агностицизм жойылып кеткен жоқ. Оны жақтаған буржуазиялық философиялардың түрлі бағыттары, ең алдымен позитивизм мен оның махизм сияқты бір түрі және оған жақын прагматизм Кант пен Юмның идеяларын қайта жаңғырта отырып, ол екеуінің көзқарастарының қоспасын ең жаңа жетістік деп ұсынды, сөйтіп агностицизмді негіздеуге әрекет жасады.
Жоғарыда айтылғаннан идеалистердің барлығы агностик болады екен деген жаңсақ қорытынды жасауға болмайды. Мысалы, Декарт, Лейбниц, Гегель және басқалар агностик болған жоқ. Гегель, Ф.Энгельс атап көрсеткендей, "идеалистік" тұрғыдан қаншлықты мүмкін болса, соншалықты "дәрежеде" агностицизмге тойтарыс берді. Бірақ идеалист агностицизмді дәйекті түрде сынай алмайды; оған жеңіл-желпі қарап, соның салдрынан таным теориясының бірқатар түбегейлі мәселелерін шешуде оның өзі агностицизмге ұрынады. Екінші жағынан алғанда, агностиктердің бәрі бірдей идеализмнің табанды да дәйекті жақтаушысы бола бермейді. Көп жағдайда ол материализм мен идеализмнің арасындағы күресте ымырашылдық позиция ұстауға тырысады.
Танымдық-теориялық концепция ретінде агностицизм адамның түйсіктері мен қабылдауларының және ұғымдарының мазмұнын объективтік шындықтан бөліп тастай отырып, философияның негізгі мәселесінің екінші жағын шешуде субъективтік идеализм болып табылады.
Агностицизмнің диалектика мен метафизикаға қатынасы да қайшылықты. Агностицизм адамзат танымының диалектикалық табиғатын өз мүддесіне пайдаланады, яғни субъективтік тұрғыдан түсіндіреді. Шындығында, танымның ілгері жылжуы үшін белгілі бір дәрежеде скепсис, күмәндану қажет. Осы тұрғыдан алғанда, ертедегі антик дүниесінен бастап-ақ философиялық скептицизмде кейбір диалектикалық кезеңдер болып келді. Скептиктер білімнің ақиқатқа қарай жылжу процесінің бай мазмұндылығын, күрделілігі мен қайшылықтылығын жиі-жиі байқады. Бірақ агностицизм білімнің өзгергіштігін, салыстырмалылығын дәріптейтіндіктен, скепсис теріс сипатқа ие болады. Агностиктер білімнің, салыстырмалылығын, оның қайшылықтылығын анықтаумен шектеледі де, олардан объективтік дүниенің заңдарына қарай аттап баспайды. Субъективтік диалектиканы (білімнің қозғалысын) объективтік диалектикадан (материяның қозғалысынан) бөліп тастау — агностицизмнің негізгі гносеологиялық көзі міне осында.
Агностицизм пайда болғаннан бастап-ақ сыналып келеді. Агностицизмнің қарсыластары олардың ілімінің қайшылықтылығын, түпті қағидаларының қисынсыздығын ашып көрсетті, бірақ бұрын агностицизмді сынауда бұрмаланған философиялық түсініктердің жалғандығын ашып көрсететін нақты дәлелдерден гөрі көбінесе өткір тілділік басым болды. Білім жайындағы агностикалық түсініктер таным процесінің күрделілігі мен қайшылықты сипатын, білімнің ақиқаттығының критерийін анықтау қиындығының көрінісі (салдары) ретінде туады.
Бірақ агностицизмнің әлеуметтік мазмұны да бар - ол қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік топтардың мүддесін, олардың дүниеге көзқарасын да бейнелендіреді. Сондықтан агностицизмді жеңу (жою) күрделі танымдық-теориялық проблемаларды шешумен бірге, оның әлеуметтік түп-тамырларын ашуды және құртуды да талап етеді. Мұны шешу ескі, жай пайымдаушы материализмнің де, идеалистік диалектиканың да қолынан келмейді. Агностицизмді марксизмнің таным теориясы болып табылатын материалистік диалектиканың негізінде ғана жеңуге болады.
Диалектикалық-материалистік таным теориясының негіздерін В.И.Ленин "Материализм және эмпириокритицизм" деген еңбегінде мынадай қағидаларда тұжырымдап берді:
1) Біздің санамызға тәуелсіз, біздің түйсігімізге тәуелсіз, бізден тыс заттар бар...
2) Құбылыс пен өзіндік заттың арасында ешқандай принциптік айырма жоқ, болуы да мүмкін емес. Тек біз танып білтен зат пен біз әлі танып білмеген заттың арасында ғана айырма бар...
3) Ғылымның басқа тарауларының бәріндегідей, дүниетану теориясында да диалекгакалық жолмен пайымдау керек, яғни біздің дүниетануымызды даяр тұрған және өзгермейтін нәрсе деп ойламау керек, қайта білмеушіліктен білім қалай туатынын, толық емес, айқын емес білімнің қалайынша толығырақ, айқынырақ білімге айналатынын тексеру керек.
Марксизм гносеологияға, оның бүкіл кейпін түбірінен өзгерткен, екі жаңалық енгізді: 1) материалистік диалектаканы таным саласына қолданды; 2) таным теориясына білімнің ақиқаттығының негізі және критерийі (өлшемі) ретінде практиканы ендірді, сөйтіп сыртқы дүниенің де, адамзат ойлауының да ең жалпы қозғалыс заңдары жайындағы ғылым — материалистік диалектиканың объективтік дүние заңдары мен ойлаудың заңдарын бір-бірінен бөлек қарамай, бірлікте қарауын, тепе-тең қарауын қамтамасыз етті. Бұл "...екітүрлі заңды алсақ, — деп жазды Ф.Энгельс, — олар ішкі мәні жағынан ұқсас та, өздерінің көрінісі жағынан өзгеше келеді, өйткені адамның басы бұл заңдарды саналы түрде қолдана алады, ал табиғатта — бұл кезге дейін көбінесе адамзат тарихында да — бұлар өздерінің жолын санасыз түрде тауып отырды".
Сонымен, білім мен оның қозғалыс заңдары (субъективтік диалектика) ойлаушы баста объективтік шындықтың және оның заңдылықтарының бейнеленуі болып табылады. Біздің біліміміздің мазмұны жағынан одан тыс өмір сүретін объектілермен және процестермен сәйкес келуі таным процесінде жүзеге асады. Оның шарты — табиғат құбылыстары мен процестерін игеруге бағытталған адамның материалдық практикалық қызметі.
Қорыта айтқанда, марксистік философияның тууы таным теориясында шын мәніндегі революциялық төңкеріс болды, өйткені К.Маркс пен Ф.Энгельс материалистік диалектиканы танып процесіне қолдана отырып, сонымен бірге адамзатты дүниетанудың бірден-бір ғылыми әдісімен қаруландырды.
2. Білім адамның басында әуел бастан болмайды; ол оны өз өмірінің барысында, практикалық іс-әрекетінің нәтижесінде игереді. Адамның жаңа білімдерді игеру процесі таным деп аталады.
Танымның мәнін, заңдылықтарын түсіну үшін оның субъектісі кім екенін, яғни оны іске асыратын кім екенін анықтау қажет. Мұның қиын еместігі, танымның субъектісі адам екені өзінен-өзі түсінікті. Бірақ, біріншіден, философия тарихы заттардың мәнін адамның танып білуі мүмкін емес деп санайтын ойшылдарды біледі. Екіншіден, қазіргі уақытта таным процесі және оның теориялық ойлау сияқты формасы адамға ғана тән емес, олар сондай-ақ адам жасаған электрондық-есептеу машинасы сияқты техникалық қондырғыларға да тән деген пікір тарап жүр. Үшіншіден, адам — танымның субъектісі деп жай айта салу жеткіліксіз, оны таным субъектісіне айналдыратын не екенін анықтау қажет, ал бұл үшін адамның қоғамдық мәнін білу керек.
Кезінде Л.Фейербах танымның субъектісі сана деп түсіндірген идеалистік көзқарасты сынай отырып, сана адамға тән рухани құбылыс екенін дұрыс атап көрсетті. Адам, Фейербахтың түсінігінше, кеңістік пен уақытта өмір сүретін, табиғатпен екі арадағы байланысының арқасында дүниені танып білуге қабілетті тәні бар жан. Фейербах өзінің таным жайындағы түсінігінде табиғи мәні бар нақты адам жайында айтып отырған сияқты. Алайда, дейді Маркс пен Энгельс, "... Фейербах шындықта өмір сүретін әрекетшіл адамдарға ешқашан жете алмайды, "адам" деген абстракциадан өте алмай, тек сезім саласындағы шын, тәні бар, дара адамды мойындаумен ғана шектеледі...".
Адам өзінің нақты, шын мәніне қалайша ие болады? Адамға табиғи тіршілік қасиеттері, оның ішіңде сезімділік қасиет те тән, бірақ ол өзінің екінші, әлеуметтік табиғатын — мәдениетін, цивилизацияны өзі жасайды, еңбектің арқасында өзін-өзі жасайды, табиғат нәрселерін жай ғана иемденбестен, оларды өзінің қажеттеріне сәйкес өзгертеді. Адам мұны қоғамдық тіршілік иесі болғаңдықтан, өзі сияқты басқалармен белтілі бір қатынастар орната отырып қана жасай алады. "...Адам, — деп жазды К.Маркс, — дүниеден тыс бір жерді паналайтын абстрактілі тіршілік иесі емес. Адам дегеніміз — адам дүниесі, мемлекет, қоғам". Қоғамнан тыс адам жоқ, олай болса, қоғамсыз танымның субъектісі жоқ.
Осыған орай, оқырманда мынадай заңды сұрақ тууы мүмкін: соңда Пифагор, Аристотель, Ньютон, Эйнштейн сияқты көрнекті тұлғаларсыз және басқа сан мыңдаған қатардағы адамдарсыз қоғам, бүкіл адамзат дүниені бірден танып біле ала ма? Әрине, ақыл-ойы бар, өндіре алатын, жеке басының ерекшеліктері мен қабілеттілігі бар дара адамдарсыз қоғам өмір сүре алмайды. Бірақ ол дара адамдар өзара белгілі бір қоғамдық қатынастар орната отырып, әлеуметтік құрылыстың сол сатысында қол жеткен өндірістік құрал-жабдықтарды қолдану арқылы ғана танымның субъектісі бола алады.
Сөйтіп, таным процесі адамның дүниені тануының тарихи қалыптасқан қабілеттерінің құрылысына, танымның даму дәрежесіне байланысты, ал бұл соңғы сол кездегі қоғамдық жағдайлармен тәуелділік байланыста. Мысалы, И.Ньютон қаншалықты данышпан болса да, бірақ өз кезінде ол относительдік теорияны жасай алмас еді. Объективтік идеализм сананың, ақыл-ойдың сол тұста қоғамда өмір сүріп жатқан жеке-дара адамдарға тәуелсіз екенін айта келіп, танымның бұл ерекшелігін бұрмалап, теріс түсіндірді: адамдардың іс-әрекетінің сана формаларында жинақталған нәтижесін бөліп алып, оны өзінің ғана логикасы бойынша әрекет ететін дербес мән, субстанция түрінде көрсетті. Сондықтан ойлау процесі өзінің шын иесі — адамнан ғана қол үзген жоқ, сондай-ақ объектіден де, яғни субъектіден тыс тұрған нәрселер мен құбылыстардан да қол үзді.
Таным үшін субъект қана қажет емес, сондай-ақ объект те қажет, өйткені субъект (адам) онымен өзара әрекетке түседі. Танымның субъектісі — адамның өзі туралы оның танымы мен практикасының объекті не екеніне қарай пікір айтуға болады. Мысалы, Демокрит пен Аристотельдің тұсында ғана емес, сондай-ақ Галилей мен Ньютонның кезіңде де электрон объективтік шындық ретінде өмір сүрді, бірақ ол адамның дүниетану қызметінің аумағына енбеді, өйткені адам ол кезде электронды өзінің ақыл-ойы мен іс-әрекетінің объекті ретінде ашуға қабілетсіз еді. Тек қоғамның даму дәрежесін білгеннен соң ғана табиғаттың қай нәрсесі адамдардың дүниетануының объекті болатыны жолында қорытынды жасауға болады. Мысалы, қазіргі қоғамдық практиканың деңгейінің жоғарылығы сонша, адамның практикалық іс-әрекетінің объектіне біртіңдеп біздің Жерді қоршаған ғарыш кеңістігін және Күн системасының басқа планеталарын іс жүзінде игеру еніп келе жатыр. Адам белгілі бір шамада "адамданған" табиғатта өмір сүріп келеді. Ол өз болмысының орбитасына барған сайын табиғаттың жаңа құбылыстарын қосып алып, оларды өзінің практикалық іс-әрекетінің обьектіне айналдырды.
Адамзат дүниесі осылайша кеңейе және тереңдей түсуде. Л.Фейербахтың шындықты түсінуін сынай келе, К.Маркс пен Ф.Энгельс былай деп жазды: "Ол өзін қоршаған сезімдік дүние ғасырлар бойы дәл сол күйінде берілген, әрдайым өзіне-өзі тең зат емес екенін, керісінше, ол өнеркәсіп пен қоғамдық жағдайдың жемісі екенін байқамайды... Барлық дерлік басқа жеміс ағаштары сияқты, шие ағашы да біздің жақта сауданың арқасында бірнеше ғасырлар бұрын ғана пайда болғаны белгілі, сөйтіп ол белгілі бір қоғамның белгілі бір уақыттағы сол әрекеті арқасыңда ғана Фейербахтың "сезімдік қабылдауына" айналды".........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру