Әдебиет | ӘЛ ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ
ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛМИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ
Фараби мұсылмандарының аса ірі бес-алты философтарының бірі. Маймонидтің (орта ғасырлардағы еврей философы – А.К.) айтуынша Фараби еңбектерінің орта ғасырлардағы еврей ойының дамуы үшін үлкен маңызы болса керек. Оның үстіне бір топ еңбегі орта ғасырларда латын тіліне аударылады, осы арқылы Фараби ағартушылардың (француз ағартушылары – А. К.) еңбектеріне тікелей және олар цитаттар келтірген басқа авторлар арқылы жанама түрде әсер етті.
Фарабидің философияға және басқа ғылымдарға қосқан жаңалықтары жайлы жан-жақты зерттеулер жоқтың қасы. Рас, бұл кемшілікті кейбір жекелеген зерттеулер жуып-шайды. Дегенмен, бұл істе жүйелі координация керек. Біз сондай кемшіліктерді жоюға қолқабыс тигізу мақсатымен осы библиографияны жазып, ғылми мекемелер алдына мәселе қойып отырмыз...
Әрине, американ профессорының кітабында артық-кем айтылған пікірлер болуы мүмкін. Дегенмен, ол келтірген мәліметтер Фараби мұраларын аударуда, бастыруда, зерттеуде шетел оқымыстыларының да айтарлықтай еңбек сіңірген отырғанының айғағы болса керек. Бұл, сайып келгенде, Фарабидің ұлылығын және оның еңбектерінің күні бүгінге дейін өте маңызды екенінің тағы бір дәлелі болып табылады.
Фарабиді зерттеу ісіне неміс ғалымдарының да еңбек сіңіргенін айтуымыз керек. Морис Штейншнейдер, Фридрих Диетеричи, Генрих Зутер, Карл Броккельмандардың Фараби мұраларын игеруге айтарлықтай үлес қосқандығы белгілі. Мәселен, Диетеричи «Әл-Фарабидің философиялық тарктаттары» деп аталатын жинақты жарыққа шығарған (1883-1904 жылдары). Бұл жинаққа Фарабидің бірсыпыра философиялық шығармаларының арабша тексткрі мен олардың неміс тіліне аудармасы енген. Карл Броккельман «Араб әдебиетінің тарихы» (1886-1937 жылдары жазылған) деп аталатын көп томды библиографиялық еңбегінде Фарабиге үлкен орын берген.
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйіріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұялап қоныс тебеді. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез санынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбунасыр Фараби.
Фараби өлерінің алдында Египетке барып қайтқан. Ол бұрынырақ өз отаны – Түркістанға да барған, кейбір мағлұмат бойынша сол тұстағы Бұхардың әмірі Мансұр ибн Нұхтың өтінуібойынша «Екінші тәлім» атты еңбек жазған, «Екінші ұстаз» деген лақапты осы оқиғаға байланысты алған дейді. Фараби хиджра есебі бойынша 339 жылы раджаб айында Дамаскіде қайтыс болды. Тарихшы ибн Халлаканның айтуынша Дамаскінің «Баб ас-сағир» зиратына қойылған көрінеді.
Фараби Аристотельдің , әл-Киндидің ізін философия мен ғылымның барлық тараулары бойынща қалам тартып аса ірі жетістіктерге жетеді. Ол ғылымның түрлі салалары бойынша 150-ге тарта ірілі-ұсақты еңбек жазған. Фараби, әсіресе, философия ғылымын көп зерттеген. Оның философиялық еңбектерінің басым көпшілігі грек ойшылдарының, әсіресе Апистотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Фараби Аристотельдің «Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші және екінші «Аналитика», т.б. бірсыпыра философиялық және логикалық шығармаларына түсініктемелер жазған.
Фараби Аристотельдің материолистік идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселердің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жету» сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Бұл еңбектерінде ло дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қарым-қатынастары, т.б. туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.
ФАРАБИ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ШЫҒУЫ ТУРАЛЫ
Фарабидің көптеген философиялық еңбектерінде ғылымдардың еңбектерінде ғылымдардың түбегейлі, негізгі ұғымдарының шығуы жайлы әңгіме болады. Бұл мәселерге Фараби өзінің әйгілі шығармаларының бірі «Ғылымдардың шығуы туралы» деп аталатын трактатын арнаған. Бұл еңбектің арабша нұсқасы сақталмаса да латын тіліндегі аудармасы сақталған. Бұл еңбекті латын тілінен А. И. Рубин орысшаға аударып, С. Н. Григорьянның «Из истории философии Средней Азии и Ирана» деп аталатын 1960 жылы Москвада шыққан кітабына енгізген. Осы аударма негізінде М. Ө. Исқаков мұны қазақ тіліне аударып, 1967 жылы С. Н. Назаровпен бірігіп жазған «Математика мен математиктер жайлы әңгімелер» атты кітабында келтірген.
Мұнан кейін Фараби бүкіл ғылымдардың субстанция мен акциденциядан қалай шыққанын және қалай өздігінше дами акциденциядан дами бастағанын баяндайды. Фараби сан туралы ғылым – арифметикалық қалай шығу себебін былай түсіндіреді: «Бірлердің жиыны болып табылатын сан ұғымы субстанция көп түрлі жолмен бөліне алатындықтан және әр түрлі бөліктен тұратындықтан пайда болды. Субстанция табиғатында шексіз бөліне алатындықтан сан да шексіз көп бола алады. Сан туралы ғылым субстанцияның бір бөліктерін басқа бөліктеріне көбейту, оларды бір-біріне бөлу туралы, оларды бір-біріне қосу, оларды бір-бірінен алу туралы, түбір табуға болатын бөліктерден түбір табу туралы, олардан қатыстар құру туралы т.с.с. туралы ғылым. Бұдан санның дүниеге қалай келгендігі, қайдан шығып, неліктен көбейіп кеткендігі, мүмкіндіктен шындыққа, жоқтан барға көшіп болмысқа айналуының себебі айқын көрінеді. Грек кемеңгерлері бұл ғылымды арифметика деп атайды.
Фараби геометрияның шығу себебін былай түсіндіред: «Мен айтамын, біз көрсеткендей, субстанция көп бөлікке бөлінгеннен кейін, оның әрбір бөлігіне белгілі бір фигура атағы беріліп, бір ретпен орналастырылды. Осылай дөңгелек фигуралар, ұшбұрыштар, төртбұрыштар т.б. фигуралар пайда болады. Сандар шексіз көп болғансыз субстанция бөліктері де, яғни фигуралар да шексіз көп болады. Осылай әрбір бөлікке сай келетін фигураларды білуге арналған ғылым пайда болды. Бұл ғылым арқылы фигураларды бір-бірімен салыстыра аламыз, ортақ өлшемін табамыз, қай фигура қайсысына ұқсас екенін тағы басқа қасиеттерін біле аламыз. Бұл ғылымды грек кемеңгерлері геометрия деп атаған.
Одан кейінгі, екінші ғылым – грамматика. Ол нәрселерге берілген есімдерді тәртіпке келтіру жолдарын және субстанцияның, оның акциденциясының орналасуын, осылардан шығатын салдарларды баяндайтын сөздер мен нақылдарды құрастыру жолдарын үйретеді.
Үшінші ғылым – логика. Ол хабарлы сөйлемдерді, білмегенімізді білерлік, өтіріктен шындықты айырарлық қорытындылар шығару үшін жүйелі етіп құру жолдарын үйретеді.
Төртінші ғылым – поэтика. Ол сөздердің маңызы мен мен жүйесіне қарай, яғни шамалары мен кідіру мезгілдеріне қарай,мәселен, төрттен, алтыдан, сегізден орналастыру жолдарын үйретеді. Бұл сандар – ойды айтып аяқтауға мүмкіндік беретін және осы мақсатта қолдануға өте-мөте лайықты сандар.
ФАРАБИДІҢ ҒЫЛЫМ ЖАСАУ ӘДІСІ
«Ғылымның көзін білмей, өзін білмейсің» деп бекер айтпаған.
Қай ғылымды алсақ та, сайып келгенде, оның түп көзі ұзаққа созылған халықтың практикасына, қоғамның мұқтаждығын өтеу жөніндегі күрес-әрекетіне тіреледі. Астрономия, математика, георграфия сияқты аса көне ғылымдар тарихы осыны растайды.
«Геометрия мен арифметикадан алынған элементтер олардан соң келеді» - деп музыкаға негіз болатын ғылымдардың алыну ретін белгілеп береді.
Осыған сәйкес Фараби ең алдымен физиканың музыкалық акустика саласы жөнінде көп мағлұматтар келтіреді. Бұл еңбегінде ол табиғат туралы ғылымдарға математиканы қолдану мәселесін де дұрыс шешкен. Фарабидің пікірінше музыкалық тондардың биіктігі бірсыпыра физикалық шамаларға тікелей тәуелді, яғни ло қазіргі математика тілімен айтсақ, көп аргументке тәуелді функция болады; бұл тәуелділіктер сан арқылы, сандардың қатынастары арқылы бейнеленеді. Фараби музыканың математикалық теориясын жасау барысында қатынсатар теориясын жасау барысында қатынастар теориясы, комбинаторлық анализ, функционалдық тәуелділіктер және оны кескіндеу, аксиоматика сияқты математиканың түбегейлі мәселелерін қарастырады. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат ӘЛ ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ӘЛ ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Адебиет жоспарымен, казакша реферат жоспар, ӘЛ ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ