Мұхтар Шаханов (Арал қасіреті)

Кемелер жүздірген шағылтып желкенін айға,
Тау толқын төсіңде тербелген ерке күн қайда?
Қайда сол дәуренің тағдырдан күш-қуат сезген,
Шағала көктемнің дүркіреп ұшты ма көзден?.....
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Ғасыр қасіреті)

Қай заманда тимеген жанға сүргін?
Тыртығы мен тарихтың таңбасы — ырғын.
Қайсар халық қаншалық күрессе де,
Қасіреті қалмаған әр ғасырдың.
Қарап тұрсаң дамудың мәңгі заңын,
Адам жолы — қиямет, зарлы жалын.
Ғасырлардың иығы — қызылала...
Мен айтпай-ақ қояйын арғы жағын.
Мен бармай-ақ қояйын ар жағына,
Мың-мың жылдың дауына, жанжалына.......
Өлеңдер
Толық

Ғафу Қайырбеков (Аңшы суретіне қарап)

...Қайталап түскен қалың қар
Қабат та қабат бекінді,
Жалаңаш қалған қайыңдар
Қадаған та я к секілді.
Солтүстік қысы бабында,
Қаракөк мұхит аспаны,
Ұқсайды бұлты сағымға
Өзіміз қуған жастағы ......
Өлеңдер
Толық

Энергия беретін органоид митохондрия

Митохондрияның құрылысы. Митохондрияның (грекше: mitos-жіп) және chondrion — дән, түйіршік) жасушадағы саны бірден 100 мыңға дейін ауытқып отырады. Митохондрияның пішіндері, негізінен, таяқша және дән тәрізді болып келеді.
Олар кейбір жасушаларда пішінін өзгертіп, үнемі қозғалып жүреді. Орташа ұзындығы —10 мкм, ал диаметрі — 0,2—1,0 мкм. Жасушаның белсенділігіне байланысты митохондрияның саны өзгеріп отырады.
Митохондрия: 1) жарғақшамен қапталған түпнегізден, 2) жарғақша аралық кеңістіктен (ішкі жарғақшасы қыртысты болып келеді) және 3) сыртқы жарғақшадан тұрады 20. Түпнегізде сақина тәрізді митохондрияның ДНҚ-сы мен РНҚ-лар және рибосома болады. Онда кальций және магний тұздары да кездеседі. Сол сияқты түпнегізде митохондрия жарғақшасының ішкі қабатын құрайтын ақуыздың синтезі және май қышқылы тотығып, синтезделеді. Ішкі жарғақша негізінен 70% ақуыздан, 10% фосфолипидтен және т. б. тұрады. Сонымен қатар ішкі жарғақша белсенді тасымалдау жүйесін қамтамасыз ететін і\ импелер мен тарамдардан тұрады.
Сыртқы жарғақша жұмсақ, қалыңдығы 6—7 нм, оның құрамында 15% ақуыз, ал 85% фосфолипидтер болады.
Митохондрияның қызметтері. Митохондрияда, негізінен, энергия қоры АТФ түзіледі. Жануарлар жасушалары митохондриядан энергияның 95%-ін, өсімдіктер мен саңырауқұлақтар одан азырақ бөлігін алады. Энергия қорының алғашқы пішіні — ішкі жарғақшада пайда болатын электрохимиялық потенциал түріндс сақталып, оның негізгі бөлігі АТФ синтезіне жұмсалады, қалғандары кальций, калий, магний иондары, т. б. жарғақша арқылы белсенді тасымалдауға және жасушаны жылытуға жұмсалады.
АТФ-барлық тірі ағзалардың митохондрияларында синтезделетін, тіршілік үшін маңызы бар энергия көзі. Сондықтан митохондрияны жасушаның «күш беретін станциясы» деп атайды. Митохондриядағы энергия көзі — пирожүзім қышқылының гликолизді кезіндегі тотығуынан басталып, СС2 және Н2О пайда болуымен аяқталатын биологиялық (ұлпалық немесе жасушалық дем алу) тотығу әрекеті.....
Рефераттар
Толық

Физиология | НӘРЕСТЕНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ НЫШАНЫ

Жаңа туған бала. (туған сәттен бір екі айға дейін). Бала теген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мәнез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделуі біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, және т.б. жатады. Олардың бәрі блаланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгішжолдар сақтағыш митлин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жойылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткекн мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігінен емес , қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің , мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. ....
Рефераттар
Толық

Физиология | Нәрестенің жеке тұлға ретінде қалыптасуының алғашқы нышаны

Жаңа туған бала. (туған сәттен бір екі айға дейін). Бала теген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мәнез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделуі біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, және т.б. жатады. Олардың бәрі блаланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгішжолдар сақтағыш митлин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жойылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткекн мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігінен емес , қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің , мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады.
Жаңа туған кездегі мыдың қалыпты жетілуінің қажетті шарты-анализатордың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе , оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының ерекшелігі сол, оның соматикалық қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашқы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады. ....
Рефераттар
Толық

1 сынып диктанттары

Алматы
Нұрлан баққа барды. Ағашта тұрған алманы көрді. Алуға қолы жетпеді. Ағашты сілкіледі. Алмалар саулап төгілді.
( 15 сөз)
Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
Екінші сөйлем неше сөзден тұрады?

Диктанттар
Толық