Энергия беретін органоид митохондрия

Энергия беретін органоид митохондрия

Энергия беретін органоид — митохондрия.
Пластидтер
Митохондрияның құрылысы. Митохондрияның (грекше: mitos-жіп) және chondrion — дән, түйіршік) жасушадағы саны бірден 100 мыңға дейін ауытқып отырады. Митохондрияның пішіндері, негізінен, таяқша және дән тәрізді болып келеді.
Олар кейбір жасушаларда пішінін өзгертіп, үнемі қозғалып жүреді. Орташа ұзындығы —10 мкм, ал диаметрі — 0,2—1,0 мкм. Жасушаның белсенділігіне байланысты митохондрияның саны өзгеріп отырады.
Митохондрия: 1) жарғақшамен қапталған түпнегізден, 2) жарғақша аралық кеңістіктен (ішкі жарғақшасы қыртысты болып келеді) және 3) сыртқы жарғақшадан тұрады 20. Түпнегізде сақина тәрізді митохондрияның ДНҚ-сы мен РНҚ-лар және рибосома болады. Онда кальций және магний тұздары да кездеседі. Сол сияқты түпнегізде митохондрия жарғақшасының ішкі қабатын құрайтын ақуыздың синтезі және май қышқылы тотығып, синтезделеді. Ішкі жарғақша негізінен 70% ақуыздан, 10% фосфолипидтен және т. б. тұрады. Сонымен қатар ішкі жарғақша белсенді тасымалдау жүйесін қамтамасыз ететін і\ импелер мен тарамдардан тұрады.
Сыртқы жарғақша жұмсақ, қалыңдығы 6—7 нм, оның құрамында 15% ақуыз, ал 85% фосфолипидтер болады.
Митохондрияның қызметтері. Митохондрияда, негізінен, энергия қоры АТФ түзіледі. Жануарлар жасушалары митохондриядан энергияның 95%-ін, өсімдіктер мен саңырауқұлақтар одан азырақ бөлігін алады. Энергия қорының алғашқы пішіні — ішкі жарғақшада пайда болатын электрохимиялық потенциал түріндс сақталып, оның негізгі бөлігі АТФ синтезіне жұмсалады, қалғандары кальций, калий, магний иондары, т. б. жарғақша арқылы белсенді тасымалдауға және жасушаны жылытуға жұмсалады.
АТФ-барлық тірі ағзалардың митохондрияларында синтезделетін, тіршілік үшін маңызы бар энергия көзі. Сондықтан митохондрияны жасушаның «күш беретін станциясы» деп атайды. Митохондриядағы энергия көзі — пирожүзім қышқылының гликолизді кезіндегі тотығуынан басталып, СС2 және Н2О пайда болуымен аяқталатын биологиялық (ұлпалық немесе жасушалық дем алу) тотығу әрекеті.
Бірінші сатысы — пируваттың ыдырауы мен трикарбон қышқылы циклінің реакциясы түпнегізінде жүреді, екінші сатысы — электрондарды дем алу ферменттері арқылы сутегінен оттегіне тасу және АТФ синтезі, яғни фосфорлардың тотығу реакциясы ішкі жарғақшада жүреді. Электрохимиялық потенциял электрондар тасу жүйесінің жұмысы нәтижесінде пайда болады.
Ішкі жарғақшадағы белсевді тасымалдау жүйесі митохондрияның түпнегізіне К4, Са2 , М§2 + иондары тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Митохондрияның биологаялық рөлі. Митохондрияда синтезделген АТФ молекуласы еркін жылжып, цитоплазмаға, одан ядроға және әр түрлі органоидтарға өтіп, биохимиялық реакцияларға жұмсалады. Митохондриялық ДНҚ ішкі жарғақшаны құрайтын кейбір ақуызды синтездейді. Жаңа митохондриялар бұрынғы митохондриялардың бөлінуі арқылы пайда болады. Ол ақуыз, май, нуклейн қышқылдарынан басқа зат алмасуға белсенді қатысатын ферменттерден және А, С дәрумендерінен тұрады.
Пластидтер. Пластидтер — жасыл өсімдіктер жасушаларының рурақты органелласы. Пластидтер саңырауқұлақтарда, көк-жасыл балдырларда және бактерия жасушаларында болмайды. Ластидтердің үш типі бар: жасыл — хлоропластар, қызыл, қызғылт сары, сары — хромапластар, түссіз — лейкопластар. Пластидтердің бүл аталған типтері генетикалық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты.
Пластидтердің типтері, олардың құрылымы мен атқаратын қызметі. Хлоропластартар. Хлоропластар көбіне сопақша пішінді, мөлшері 4—6 мкм болып келеді. Ол — өсімдіктердің жапырақтарында, кейбір жасыл мүшелері мен балдыр жасушаларында болатын тұрақты органоид. Жоғары сатылы өсімдік жасушаларындағы хлоропластар болады.
Хлоропласт екі жарғақшадан тұрады: қыртыссыз тегіс болып келетін сыртқы жарғақша және хлоропластың ішіне қарай бағытталған қабат-қабат өсінділерден тұратын ішкі жарғақшадағы өсінділерден қабаттасып келген жарғақша шоғыры пайда болады да, онда хлоропластың негізгі құрылымы ганалар түзіледі. Граналар текшелеп жинап қойған тиын тәрізді, бір-бірімен шұрықтар арқылы байланысады.
Осы хлоропластың негізгі құрылымы — граналардың шұрықтарында өсімдікке жасыл түс беретін хлорофилл пигменті орналасады. Хлоропластардағы хлорофилл дәндерінде жарық энергиясының қатысуымен бейорганикалық заттардан (СО2 мен Н2О) көмірсулар синтезделеді.
Хлоропластарда фотосинтездің барысын реттеп отыратын ферменттер өте көп болады. Кейінгі зерттеулер хлораопластардың құрамында нуклейн қышқылдары ДНҚ, РНҚ және рибосомалар болатынын және онда АТФ синтезделетінін дәлелдеді. Хлоропласттар бөліну арқылы көбейеді.
Хромопластар. Хлоропластарда әр түрлі — сары, қызыл, қоңыр, түсті пигменттер болады. Хромопластар жемістерде, жапырақтарда, гүлді фөсіміктердің күлтежапырақшаларында болады. осыған байланысты хромопластардың түстері түрліше болып келеді. эволюциялық дамуда хромопластардың маңызы зор. Мысалы, гүлді өсімдіктердің күлтелерінің ашық түсті болуы ол өсімдіктердің бунақденелілер арқылы тозаңдануына негіз болды. Ал піскен жемістердің ашық түсті болуы ол өсімдіктердің жануарлар арқылы тара луына себепші болды. Хромопластар табиғатта кеңінен таралған.
Лейкопластар. Лейкопластар көптеген өсімдіктердің жасушаларында кездеседі. Олар ұрықтық ұлпалардың жасушаларында, поралар мен аналық гаметалардың цитоплазмаларында, тұқымдарда, түйнектерде, тамыршаларда көптеген дара жарнақты өсімдіктердің эпидермистерінде болады. Лейкопластарда крахмал қоры жасалады. Крахмал қор заты ретінде лейкопластарға келетін глюкозадан амилосинтетаза ферменттерінің әсерімен синтезделеді. Хлоропластар, хромопластар және лейкопластар өзара бір-біріне ауыса алады. Оны көктем, күз мезгілдерінде жақсы бақылауға болады және оған көптеген картоп түйіндерінің өзгерістері мысал бола алады.
Хлоропластағы көмірсу синтезіне жарық энергиясы пайдаланса, ал басқа органикалық заттардың синтезіне энергия қоры миюхондрия органоидынан алынады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру