file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ғайсадай жан беретін таңның желі)

 Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ғайсадай жан беретін таңның желі)

Ғайсадай жан беретiн таңның желi,
Қайғымды желге ұшырып, тiрiлт менi!
Ақылым, кәрiлiкке жабырқама,
Талпынып тағы да ақтар дүниенi.
Қайратым, қарсы жүзiп қайраңдап шық,
Әдейi сақтағамын соған сенi.
Тiлiм, сен барша жанға пайдалыны айт,
Ақынсып айта бермей әлдененi.
Шебер тiл жүйрiк ойды шеше бiлсе,
Таусылар деп ойлама сөздiң кенi.
Жыр, өлең‚ насихат сөз, мақал, тақпақ,
Tayып айтса – дауасыз дерттiң емi.
Сырты сау, iшi науқас елдiң денi,
Алдап айтқыш ақын көп – тiл шешенi.
Жайдарысып құйрығын жайқақтатар,
Жүрегiнiң сыры емес сөйлегенi.
Мұнысы – тұзақ құрып, салған жемi,
Сырты пiшпе болса да, iшiнде енi.
Ондайлардың орнықты бетi болмас,
Жел диiрмен сияқты сенделмелi.
Заманның ыңғайына аққан сеңi
Әр айғырға бiр кiрген байтал – теңi.
Не үкiмет, немесе қауымды алдап,
Арсыздықпен не болар алған шенi?

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру