Мұхтар Шаханов (Дара талғам қасіреті)
Зор рухи бұла күшке кім тосқауыл бола алар?!
Нағыз ақын мәңгі жастық шуағына оранар.
Үш мың жасқа тартқан Гомер одан әрі жол алар,
Үш ғасырды жеңген Байрон әлі жап-жас саналар.
Қартаймау — бұл нағыз жеңіс үлгісіне барабар,
Оған куә — жастық шағын жалау еткен даналар.
Қара күштер қажытса да, сәулелі ойға күз алыс.
Неге Абайда бес әйел бар, ал Пушкинді жүз он үш
Қыз-келіншек тұс-тұсынан шуақ шаша қоршаған?
Дон-Жуандық емес пе бұл? Аң-таң әлі ел соған.
Жо-жоқ, сезім құдіретіне сенімін кім азайтты?
Бірде Ғабит Мүсірепов бұған былай уәж айтты:
«Кездескен жан қуаты мен арайынан жалындар,
Пушкин, Абай... ғаламзатта сирек туар дарындар.
Әркім өзі шыққан таудың биігінен ой керер,
Егер олар ақылы мен сезіміне сай келер
Жар іздесе рухының аңсау, тарту күшімен
Және ол жанды таба алмаса жүз он үштің ішінен,
Тіпті мыңның арасынан жолықпаса сыңары,
Дара талғам — түйсігі үшін болғаны ма кінәлі?»
Иә, ұлы тұлғалармен ортақ түйсік табарлық
Нағыз әйел әр ғасырда саусақпенен санарлық.
Наталья — Пушкин жары, шықпай пенде шеңберден,
Жұрттан асқан сұлулығы әлсіздікке жол берген.
Күйеуі оның мәңгі тірі қалып қойды өлгенмен,
Ал ол өзі — басқа жерде басқа еркекпен жерленген.
Енді осыған қарсы мысал: Ылғи құрмет төрінде
Жүрген сұлу әйел болды менің туған жерімде.
Сүйген жары Отан қорғау соғысына кеткеннен
Оралмаған, арман, сенім қалдырып тек өткеннен.
Өмір, шіркін, адалдардың ниетіне қарай ма,
Бесіктегі тұңғыш ұлмен жалғыз қалу оңай ма?
Ой, заман-ай, он тоғызға жаңа шыққан шағында
Соғыс бітті, тәтті үмітін айналдырып сағымға.
Күйеуінің айқындалмай не тірісі, өлгені,
Жалғыз демеу еткені тек — қара қағаз келмеді.
Сезіміңнен сенім қашса — үмітіңнің семгені.
Ешкім жеңе алмағанды жеңгені,
Ешкім сене алмағанға сенгені —
Қайсар талғам иеленген адамдардың өрнегі.
«Сұлу, сұлу дегендердің көпшілігі көңілшек».
Атанса да ол ауылдағы ең әдемі келіншек,
Күздің мұңлы жаңбырындай көңілден мұң төксе де,
Әр түні бір жылға татып, дөңбекшумен өтсе де,
Күте-күте күтуді де мамандық қып алғандай,
Күн мен бұлттан өзге ешкімді мойындамас заңғардай,
Өзі құлай сүйген жанға теңестірер күш таппай,
Бір еркекті жақындатып, білегінен ұстатпай,
Төзім жоқта сүю жоғын дәлел етіп сезімге,
Тіршілікпен қош айтысты ол кемпір болған кезінде.
Өжет-қайсар естелігі еткен жойқын ғасырдың
Сол дара әйел анасы еді менің жақын досымның.
Әне, талғам құдіреті және оған беріктік...
Біз ғашықсыз сезімдердің шаттығынан зеріктік.
Намыс түгіл ар мен ұят сатылар бұл заманда —
Өр талғамдар жойыла ма, бастар сара қадамға?
Бір-бірі үшін өлімге де бас тігетін аянбай,
Шын ғашықтар кездеспей ме Қозы Көрпеш — Баяндай?
Талғам күшін амалсыздан тек үмітке нанғыздық...
Рух, сана жалғыздығы — ең азапты жалғыздық.
Ері өрлер заңғар шыңға ілеспеу не тырыспау,
(Тырыспаудың бас себебі: рухтауда туыспау!)
Дәл осыдан басталады ұғыспау мен шығыспау,
Шығыспаған түйсіктердің тағдыр-талқы құныстау.
1+1 — ғұмыр заңы, заңға сыймас талғам бар,
Әр талғамның жолында өлді небір шырқау армандар.
Аруларда азап нұрын болашақтан күткен аз,
Содан көзі тірісінде бақытты ақын тіптен аз.
Дара талғам... Ол да қайғы... тең күш аңсап алаңдау,
Мың әйелдің арасынан өз сыңарын таба алмау.
Және мұның өкініші жанды қалай өртемес?
Әр тағдырға оны ұғынар кезең келер ерте-кеш...
Пушкин, Абай тектестердің жылағаны жылаған,
Рух, сана биігінен қол созғанша бір адам

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұхтар шаханов Дара талғам қасіреті өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Дара талғам қасіреті