Әдебиет | Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы патриотизм

 Әдебиет | Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы патриотизм

Зерттеудің мақсаты:
Мұқағали ақынның Отансүйгіштік тақырыбындағы шығармаларын зерттеу, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, өзгешелігіне көңіл бөлу.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Мұқағали ақынның ақындық әлеміндегі Отанға, туған елге, жерге арналған өлеңдеріндегі ойларды қосымша ғылыми зерттеулермен жұмыс істеуге, ақындық кредосын (ойының түп қазығын) табу, зерттеу.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезең: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық дүниесіне шолу, соның ішінде Отан тақырыбында, халқына, туған жеріне деген махаббат сезімдеріне толы өлеңдерін саралау.
Екінші кезең: Мұқағали туралы естеліктерді жинау, газет - журналдардан «Ақынның өмірде зерттегені - алдымен өзін зерттегені»деген тақырыпқа сәйкес материалдар іздеу. Отан, туған жер туралы шығармаларына, поэмаларына, аудармаларына, прозалық шығармаларына шолу жасау.
Үшінші кезең: Мұқағали туралы буклеттер, баяндама, альбомдар шығару.
Зерттеудің жаңалығы мен жұмыстың өздігінен орындалуы:
Мұқағали Мақатаев жайында, оның Отансүйгіштік тақырыбында жазылған шығармалары негізінде тәлім сағаттарын өткізу.
Жұмыстың қорытындысы: Мұқағали Мақатаевтың Отансүйгіштік тақырыбына жазылған өлеңдерінен тәрбиелік мағына қабылдау. Ғылыми жұмыстың аяқталу кезеңіндегі ақынның «Қазақстан»өлеңі бүкіл тақырыптың тәрбиелік мағынасын, рухани мағынасын, патриоттық мағынасын ашып тұрғандығының дәлелі.
Абстракт
Цель научной работы:
Изучать жизнь и творчество акына Мукагали Макатаева, найти в его стихах патриозм, любовь к Родине.
Исследование этапы:
Первый этап: Изучать произведение тема о Родине, любовь к народе, найти кредо жизни Мукагали Макатаева.
Второй этап:
Изучать в газетах, журналах материалы о М. Макатаева. Исследовать жизнь акына, это
исследовать самого себя. Изучать поэмы, произведении, переводы,
прозаические произведения. Сделать буклеты, доклады, альбомы о
М. Макатаева. Изучать произведение тема о Родине, любовь к народе, найти кредо жизни Мукагали Макатаева. Проходить воспитательные классные часы.
Выводы:
Воспринимать воспитательную смысль в произведениях М. Макатаева. Стихотворение «Қазақстан»охватывает духовное и смысловое понятие работы. Данную работу можно использовать на уроках русского языка и литературы и других предметов, на внеклассных мероприятиях для изучения истории и культуры родного края

Жоспары:
І. Кіріспе:
1. Ақынның өмірбаянына шолу.
2. Мұқағали Мақатаев – қайталанбас дара тұлға.
3. Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді.
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Мұқағали Мақатаевтың Отан, тыныштық, бейбітшілік жайлы философиялық ойлары.
2. Мұқағали ақынның Отансүйгіштік, патриоттық тақырыбындағы шығармаларын зерттеу,
өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу.
3. Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы ұлттық болмыс көрінісі.
ІІІ. Қорытынды: Мұқағали Мақатаевтың Отансүйгіштік поэзиясының өзінен кейінгілерге ықпалы. Қазақ поз\эзиясының Хантәңірі
Кіріспе
Ақынның өмірбаяны
Ол 1931 ж. 8 - ші наурызында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8 - інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан¬да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали. Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата - әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру