Математика | Ертегілердегі өлшем бірліктер

 Математика | Ертегілердегі өлшем бірліктер

Білім – арзан,
білу – қымбат
Зерттеудің тақырыбы: Ертегілердегі өлшем бірліктер
Зерттеудің мақсаты:
Қазақы өлшемдер жайлы іздену, мағлұматтар жинау және қазақ ертегілерінде кездескен қазақы өлшемдерді табу
Зерттеудің нәтижелері:
Мектеп бағдарламасында, күнделікті өмірде қазақы өлшемдердің нақты қолданылмауы, қазақ ертегілерінде кездесетін өлшемдерді мысал ретінде сабақта жиі қолданса, оқушаларға кеңінен мағлұматтар берілуге бағытталған ұсыныстар.

Халық өлшемдерінің түрлері
- ұзындық өлшемі
- салмақ өлшемі
- көлем өлшемі, мөлшері
- уақыт және мезгіл өлшемдері
- ауа райы өлшемдері

Көлем өлшемі, мөлшері
Бір шымшым бір шөкім, бір уыс, қос уыс, бір тілім (нан), бір түйір, бір қолтық, бір шүйке, бір құшақ, бір қап, бір шелек, бір қасық, бір тамшы, бір арқа, бір шана, бір арба, бір табақ, бір шоқ (үкі, тал), бір топ (адам), бір қарын, бір сандық, бір қалта.

Көлемі мен аумағына қарай
бармақтай, шынтақтай, жұдырықтай, құмалақтай, етектей, алақандай
Ұзындық өлшемдері
елі (1; 5 см), екі елі, үш елі... тұтам, сынық
сүйем (14 - 15 см), сүйем (17 - 18 см), қарыс, кере қарыс (20 - 22см), кез(50см), аршын (75см), құлаш (1, 80 - 2 м), жарты құлаш, т. б.

Қашықтық өлшемдері
адым(қадам) (1м), таяқ тастам (10 - 15м), «әй» дейтін жер (100м), дауыс жететін жер (250 - 300м), шақырым (1км), иек астында, бір төбе астында (4 - 5км) қозы көш жер (5 - 6км), көз ұшында (6 - 7км), тай шаптырым (4 - 5км), құнан шаптырым (8 - 10км), ат шаптырым
(25 - 30км), бір күндік жер, айшылық жол, т. б......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Нуруллаева Гульхан Мелдехановна
    0 + 0 -
    Сәлеметсіздер ме. Еңбектеріңіз жандана берсін. Мен кішкентай ғана ауыл мектебінің бастауыш сынып мұғалімімін. Сіздердің жұмыстарыңызды бастауыш сынып оқушыларына көрсете отырып, ғылыми жобамен айналысуға қызығушылықтарын ояту үшін пайдалансам деп едім. Мен бұл жұмыстарды үлгі ретінде ғана пайдаланамын. Сіздердің авторлық құқықтарыңызға нұқсан келтірмеймін. Пейнеттеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Шығармашылық жұмыстарыңыз көп болсын. Табысты болыңыздар. Көп көп алғыс айтамын.
    1. zhararalikhan
      zhararalikhan 29.03.2022 21:53
      0 + 0 -
      Гульхан Мелдехановна рахмет сізге, арине осы материалдарды колдану максатында жариялаудамыз
  2. Нуруллаева Гульхан Мелдехановна