Тарих | Ұлы Отан соғысы және Мұқағали
Кіріспе
Адамзат тарихында жеңістер көп. Солардың ішінде мән - маңызы жөнінен шоқтығы биік – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Биыл осынау атаулы тарихи күнге 70 жыл толғалы отыр. Демек, біздің бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызға 70 жыл! Екінші дүние жүзілік соғыстың ішінде ең ауыры саналатын Ұлы Отан соғысында халқымыздың басым бөлігі Отан қорғау жолында мерт болса, майданды керек жарақпен қамту жолында еңбек етіп, Ұлы Жеңістің негізін қалаған тыл еңбекшілері қаншама. Соғыс тақырыбына шығармасына арқау қылмаған бір де бір ақын - жазушы қалмаған шығар. Патриоттық рух бар жерде Ұлы Жеңіс тақырыбы әрқашанда өзектілігін жоймай, жыл өтіп ұрпақ жаңарған сайын маңызы арта түспек. Өлкемізден шыққан ақиық ақынның соғыс тақырыбына арналған шығармаларын зерттей отырып, атаулы оқиғаға аз да болса өз үлесімізді қосуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты: Хантәңірінің мұзбалағы атанған Мұқағали ақынның шығармаларын талдау арқылы Ұлы Отан соғысының өлкемізге тигізген әсерін зерттеу.
Міндеті: Мұқағали Мақатаевтың шығармаларындағы соғыс тақырыбына арналған өлеңдерді сараптау, жинау, талдау арқылы соғыс әсерін бейнелеу. Ақынның бірнеше кітаптарын дерек көзі ретінде пайдалана отырып, тарихнамалық құжаттарды зерттеу арқылы білім жетілдіру. Тақырып аясында Мұқағали музейіне, ұлттық кітапханаға, республикалық мұрағаттың жеке қорына бару, мәліметтермен танысу.
Күтілетін нәтиже: Тарих, өлкетану сабақтарында оқушы тақырып бойынша іздеу, табу, синтездеу, анализдеу, зерттеу т. б. әдіс - тәсілдерді қолдана отырып сапалы білім, саналы тәрбие алып, шешендік өнерге машықтанады.
Аталған мақсатқа жетуде зерттеу жұмысы мынадай құрылымдардан тұрады:
Бірінші бөлімде Мұқағалидың балалық шағын қарастырдық. Соғыстан қайтпаған әкесі Сүлейменге арналған өлеңдері. Тыл жұмысындағы балалар мен аналар еңбегі туралы айтылады.
Екінші бөлімде соғыс тақырыбына арналған өлеңдеріне талдау жасалады. «1941 жыл. Ақпан», «Қырқыншы жылдар», «Неге жыламасын», «Айбармен әңгіме», «Соғыс деген қайдан шықты», «Менен сұра», «Мен соғысқа бармадым», «Қайран жеңгем», «Біздер жеңдік», «Майданның бәйгесіне», «Қара қамба», «Қазақ жері», «Әке аманаты», «Әке» т. б бірнеше өлеңдері арқылы соғыстан жапа шеккен халықтың мұң - зары, қиын - қыстау өмірі ерік - жігері суреттеледі. Талдау жасалады.
Мәселен, “Қырқыншы жылдар” өлеңіне зер салсақ, “Әкелгенмен әр адамға бір қайғы, Сол жылдарға қарғыс айту жат маған” деген бір ауыз сөзінде өрлік пен ерлікке негіз болған сол кезеңдер өмірді шын ұқтырғанын айтады. Өзінің өмірге өрлікпен, батырлықпен қарайтын мінезділігін дауыл жылдарға кеткен есенің өлшемі деп біледі. Қан майданға біреулер қарумен ерлік етсе, сол жауға бізде өзімізше түрен салдық дегенді айтады. Және, сол кезеңнің қайтып келмеуін тілейтін ақын - жүрек “Болмасын, соғыс, болмасын” деп жыр жазды. Ол, ендігі ұрпақ балалығын жылатып қан майданға тастамасын, бала жаны қайғыны білмесін деген аппақ тілегін білдіреді. Ақын сол арман - тілегі қабыл болған күнді көрді, бірақ елінің Азаттыққа жеткен алаңсыз шағын көруге ғұмыры жетпеді. Бірақ, “жақсының атын, ғалымның хатын өлтірмеген” қазақ деген халық барда, ақынның мол мұрасы ұрпақтан – ұрпаққа жете берері хақ. Себебі, ақын өзі айтқандай: “Мен XX ғасыр ұрпақтарының құрдасымын, бәлкім, одан кейінгі ғасырлардың сырласымын” деген көреген пікірі бүгін ақиқатқа айналып отыр. Сондай - ақ “Мен осы өлмейтін шығармын” деген сөзі арқылы кең ойлы ақынның кемеңгерлігіне тағы бір мәрте көз жеткізесіз.
Өлмейтіндігінің бір дәлелі, ақынның басқа тілдерге аударылған шығармалары. Соның ішінде ағылшын тіліне аударылған «Соғыстың соңғы көктемі» (аударған ГауҺар Халық) өлеңінің мазмұны да тақырыбымызды аша түседі. Оны жаттау біріншіден бүгінгі заманға сай үш тұғырлы тіл саясатын қолдау болса, екіншіден, ақын өлеңдерінің әлемді шарлап кеткендігін аңғару қиын емес. Және, ағылшын тілінде тіл байлығымызды жетілдіре түсуге өз септігін тигізеді.
Қорытынды пікір:
Жанап өтті балалық, бала болып өспедім,
Шаруаның ғұмыры кенедейден кешкенім.
Менен сұра,
Бидайдың егілгенін, өскенін,
Менен сұра,
Еңбектің қысқа таңын, кештерін.
Менен сұра соғыстың тастап кеткен зардабын,
Ауыл қайтіп көтерді қан майданның салмағын, - дейді ақын «Менен сұра» өлеңінде. Бұл шумақ Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның майданды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі ролі мен маңызын еске түсіреді.
Мұқағали шығармалары әрбір зерттеушіге жаңа қырынан жаңалықтар ұсынатын тағылымы мол, құны жоғары тарихи мұра.
Негізгі бөлім
2. 1. Ақынның балалық шағына саяхат
Соғыс зардабы ең әуелі шеңгелін жетім бала мен жесір әйелге қатты батырды. Соғыс және балалар деген сөздің санаға сыймайтын, бір - біріне қарама - қарсы ұғымдар екенін түсінеміз. Осы қасіретті санасына мықтап сіңіріп өскен Мұқағалидың балалық шағы сол сұрапыл соғыспен тұспа - тұс келді. Содан да болар ақын өз күнделігінде: “адам баласының бақыты – балалық шақ. Балалық шақ бақытсыздықпен өтсе, санасы бар пенденің бүкіл ғұмырына ақау түскені” деп жазады. Сонымен, алаңсыз балаң шағын қан майданның қарбалас еңбегіне айыр бастаған Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянына үңілсек...
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев – қазақтың лирик ақыны, өз заманында лайықты бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік. Ол 1931 ж. 9 - шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағали өзінің туған жерін:
Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым,
Айналайын, Қарасаз, қасиетіңнен суыңның,
Сенің әрбір бұлағың, менің әрбір қантамырым емес пе?
Қасиетті тұрағым, қасиетіңнен суыңның - деп өлеңмен өрнектеді.
Табиғаты шырайлы да шұрайлы Қарасаз топырағындағы қаймағы бұзылмаған қазақы ортада өсіп - өнген Мұқағалидың балалығы әуелде мұңсыз басталады. Өзінің бір өлеңінде ақын ол кездерді:
... Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,
Ойнақ салып, құлын - тай қырында жүр.
Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл,
Іркіт исі келеді мұрынға бір,- деп сағына еске алады.
.... Әже сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса... нені көрем?- деп ер мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеген.[5] Мұқағалидың әкесі Сүлеймен калхозда сушы, шалғышы болып жұмыс істеген қарапайым шаруа адамы болған. Әжесі Тиын мен анасы Нағиманның тәрбиесінде өскен оның алғашқы өлеңдерінің тууына да өз әкесіне деген балалық сағынышы себеп болады. Қарапайым шаруа адамы болған әкесі тұрғызған шағын лашық туралы:
Мен өскен лашық – бір бөлме,
Бір бөлме – маған мың бөлме.
Хан тағы қараң қалатын,
Босағаңды аттап кіргенде, – деп туған үйдің құдіретін жырға қосады. Төбесі жайпақ қоржын тамда тұру кешегі болған тарих. Бір бөлмені суреттегенде "Хан тағы қараң қалатын" деп ақын оны бекерден - бекер ерекше етіп көрсеткен жоқ. Міне, осы тамда бала Мұқағалидың алғашқы өлеңдері, әкесіне деген сағынышты жырлары дүниеге келді. Тоқал тамға қарап тұрып сол күндермен үнсіз сырласасың. Қазір бұл шағын лашықтың көшірмесі ақынның мемориалды мұражайында сақтаулы.
Ақынның әкесі Сүлеймен 1941 жылы 29 - желтоқсанда қан майданға аттанып кете барады. Үш айдан кейін хабар - ошар бір жола тоқтайды. Бала Мұқағали өзі де қиын кезеңдегі жетімдікті бастан кешеді. Содан да болар, тік мінезді, жағымпаз жалтақтықты сүймейтін бірбеткей болып өседі. Бірақ, өлеңге деген махаббатын ешқандай майдан оты өшіре алмады. Әкесіне деген сағынышын:“Сенбеймін әкең өлді дегенге мен, себебі ол, үйімізден тірі аттанған” деген жыр жолдарымен өрнектеді.
Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, сөнбейтін мол қазына қалдырған ақын. Өзінің көзі тірісінде«Ильич», «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?» (1968), «Мавр» (1970), «Шөп жапырақтары», «Сонеттер», «Құдіретті комедия», «Дариға жүрек» (1972), «Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975), «Өмір - дастан» (1976) секілді барлығы 11 кітабы жарық көрді. Ақын 1948 - 49 жылдары ҚазМУ - дың заң факультетінде, Алматы шет тілдер институтында, 1973 - 74 жылдары Мәскеудегі Әдебиет институтында оқыған. Оның 1949 жылы Нарынқол аудандық “Советтік шекара” газетінде алғаш рет «Қырман басында», «Қойшы бала Әкітай» өлеңдері жарық көреді. Алаңсыз күлкісін соғыс ұрлаған өзге де құрбы - құрдастары тәрізді Мұқағали да тағдырдың ащы дәмін тым ерте татты. Бұл ретте ''Неңді сенің аңсаймын, бала шағым? '' атты өлеңінде:
Аңыздардан тере жүріп масақты,
Рас, рас көзімізден жас ақты.
Бірақ сол бір дауыл жылдар, от жылдар,
Бәрімізден бір - бір батыр жасапты.... деп жырлады.
Өзінің «Күнделігінде» ақын 1976 жылдың 14 ақпанында былай деп жазыпты:
«Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті.
Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы - бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: гылыми Ұлы Отан соғысы және Мұқағали жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Тарих ғылыми жұмыстар пән, Ұлы Отан соғысы және Мұқағали