Әдебиет | Асан Қайғы туралы аңыз
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еуразияның сайын даласындағы Алтай мен Орал таулары арасындағы ұлан байтақ далалық өлкелерді көшпелі тірлік мұратымен еркін жайлаған қазақ халқының ұлттық мәдени кескін - келбеті мен болмысының белгілері мен дүниетанымының ескі іздері, тарихи танымы мен әлеуметтік ой - пікірлерінің сұрыпталып сақталған бай қазынасы, сөз жоқ, оның фольклорлық мұрасы.
Ұлттың рухы бейнеленген мұра халықтың асыл қазыналарының бірі екендігін тәуелсіздік мұраты жолында жаңа экономикалық және саяси - әлеуметтік реформаларды қарқынды жүргізіп жатқан еліміздің Үкіметі ескеріп, елдің еңсесі көтеріле бастаған уақытта рухани өмірдегі кем - кемтікті түзеуге бет бұрды. Сол тірліктің айқын көрінісінің бірі – Қазақстан Республикасы Үкіметі арнайы қаржы бөліп қабылдаған «Мәдени мұра» бағдарламасы. Рухани мұраның түрлі салаларын бөліп - жармай тұтас қарастыратын «Мәдени мұра» бағдарламасының бір нысанасы - халқымыздың фольклорлық мұраларын халық игілігіне жарату.
Жұмыстың кіріспесінде Асан Қайғы туралы аңыздарға байланысты зерттеу тақырыбының өзектілігі мен зерттеу деңгейі, жұмыстың ғылыми, теориялық, әдістемелік негіздері белгіленіп, негізгі дерек көздері көрсетілді. Сонымен бірге зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері анықталып, негізгі ғылыми жаңалығы, теориялық - практикалық маңызы көрсетілді.
Зерттеу жұмысының бірінші бөлімі «Асан Қайғы туралы аңыздар мен шежірелік жазбалардың тарихи шындықпен ара қатынасы» деп аталады. Бөлім екі тарауға бөлінген.
1. 1 «Асан Қайғы туралы алғашқы жазбалар және дәуір шындығы» деп аталатын тарауда Асан Қайғы туралы аңыздардың ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Ш. Уәлиханов, Г. Потаниндердің зерттеулері мен жазбалары арқылы және «Дала уәлаяты газетінде» жарияланған нұсқалары сол дәуірдің шындығымен салыстыра қарастырылады.
Аңыздар - халықтың басынан өткен тарихи оқиғаларды баяндайтын халық прозасының бір түрі. Онда халықтың тарихи оқиғаларға берген бағасы, дүниетанымы, көзқарасы, өткен оқиғадан алатын тағылымы, тіршілікте көздеген арман - тілегі суреттеледі. Аңыз ұрпақтан - ұрпаққа ауызша тарағандықтан, оның мазмұнына халық басынан өткен түрлі тарихи кезеңдер өз таңбасын қалдырып, бағасын беріп отырады. Белгілі бір тарихи кезеңде өмір сүрген әрбір ұрпақ ата - бабадан жеткен тағылымды әңгімеге өз тұсындағы өзекті мәселелерді де қосып отырады. Асан туралы аңыздардың алғаш жазбаға түскен көне нұсқаларында сол дәуірдің танымы мен тағылымы тіркелген.
ХІХ ғасыр қазақ тарихында Ресей отаршылдығы түбегейлі орнаған, жаңа саяси және экономикалық реформалар жүрген, сол реформалар әкелген өзгерістердің салдарынан қазақтың көшпелі тіршілігіне аса қажетті көшіп - қонар қоныстарының тарылуы халықтың саяси және рухани танымдарына үлкен өзгерістер әкелді. Ол өзгерістер халық аңыздарында, өлең - жырларына, жекелеген ақындар шығармаларынан көрініс алды.
Заман бейнесін өз шығармаларының негізгі арқауына өзек етіп алған ақын - жыршылардың қалың қатары шықты. М. Әуезов мұндай ақындар қатарын «зар заман ақындары» деп атап, сол күйді енгізген ақындардың алғы шебі Асан Қайғыдан басталады деп көрсетеді:
«Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің ең шаншулы мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғаш рет қалың елдің қамын ойлап, күңіренген - қария Асан. Алғаш рет келешек заманның құбыжығын сезіп, тұспалмен белгі беріп, болжал айтқан Асанқайғы. Сол заманның өзінде басқа жерге ауайық десе де, өлең сөзді қауымның қызметіне жаратуға кіріскен тағы да сол. Кейінгіге ел қамын жоқтаған мұң зар сарынын тастап кеткен де сол. Зар заман ақындарының барлығындағы сары уайым - Асан бастаған сарын. Сондықтан зар заман ақындарының алғашқы белгісі Асанқайғыдан басталады дейміз» [1, 201].
Алаштың көрнекті ғалымы Х. Досмұхамедов те Асан есіміне қатысты халық әдебиетіндегі жаңа сарынның басталғанын көрсетеді. Ол Асанды қазақ халық әдебиетіндегі болжал өлеңдерінің бастауына қояды және бұл мазмұндағы өлеңдердің күшейген тұсы деп ХІХ ғасырдың ІІ жартысы деп көрсетеді. «Болжалдық әдебиеттегі бұндай үмітсіз, зарлы сарын әсіресе ХІХ ғасырдың екінші жартысында – саяси бостандықтан үміт кесілгенде (Исатайдың, Кенесарының, т. б. көтерілістерінің жаншылуы), қазақ жерін отарлау күшейгенде, ел жиі - жиі жұтқа ұшырап, кедейленгенде – күшейе түсті»[2, 22], - деп жазады ғалым.
Заман кейіпінен торығып, қайғы, уайым кешкен зар заман ақындарының қозғаған мәселелері мен Асан Қайғы туралы халық аңыздарындағы «уайым істері» бір - бірімен сабақтас. Асан туралы аңыздарда оның негізгі қайғырып жүрген мәселелері мынадай:
1. Ел билеген хан тұқымының қарадан қатын алған ісіне қайғыру;
2. Құладынға қу ілгізіп, тектіні тексізге жығып берген хан ісіне уайым ету;
3. Орыс отаршылдығының шеңгеліне түсіп, көшіп - қонуға тар бола бастаған қайырсыз қонысты тастап көшу.
Асан Қайғының Әз - Жәнібекке артатын басты «өкпесінің» бірі – ханның қарадан әйел алуы. Асанның пайымынша, бұл жөнсіз істің салдары елдің болашағына зиянын тигізеді. Алдағы күнде ел билейтін текті тұқым жойылып, оның ақыры жұртты бөтен ел билейді. Басшысы тексіз елдің ісі де берекесіз, болашағы да бұлыңғыр. Ал хан тұқымының «тексізденуі» – қарадан қатын алуға байланысты.
Мұндай реніштің туындауы - қазақ даласындағы хандық жүйенің күйреуі салдарынан болғаны анық. ХІХ ғасырда қазақ даласында хандық жүйе Ресей тарапынан жасалған саяси реформаның нәтижесінде өмір сүруін тоқтатқаны тарихтан белгілі.
Асанның екінші реніші - Асанның жаман ырымға жорыған Әз - Жәнібек ханның құладынға құс патшасы аққуды ілдіруі. Бұл жерде аққу – төре тұқымының, құладын – тексіз билеушінің, сондай - ақ сыртқы жаудың бейнесі. Аққуды құладынға ілдірген хан ісінен елді тексіз кісі билейді, жұрт бодандыққа түседі, ханға қара кісі қару көтеретін заман туады деп қайғырады.
ХҮІІІ ғасырдың соңында қарадан (құл сөзінің синонимі) Сырым батыр Нұралы ханды тақтан түсіріп елден қуады, Есім ханды өлтіреді. Исатай мен Махамбет ханға қарсы көтеріліс жасаған еді.
Қазақ халқының өзге жұрт қарауына көшуі, билікке төре жете алмай қара тұқымы келуі, ханға қара кісінің қарсы шығып, қару көтеруі оқиғалары қазақ тарихында да болған. Елдің азып - тозуы тексіз кісілердің билікке келуі деп түсінеді халық. Заман түзелуі үшін текті тұқым ел басқаруы шарт. Асан «қайғысы» осы мәселелерді көлденең тартады.
Ал қайырсыз қонысты тастап көшу – Асан Қайғы туралы аңыздардың негізгі сарыны. Бұл сарын Асанның қазаққа жайлы қоныс іздеп, жер шолған аңыздарының мазмұнында үнемі орын алып отырады. Асан барған жеріне оның мал мен егінге жайлылығы мен жайсыздығына сын айтумен қатар, оған маңайдағы жаулардан келер қауіп - қатерді де айтып отырады. Мысалы, Тарбағатай тауының түстік жағын Қытай, солтүстік жағын орыс алар десе, Керекуді, Еділ мен Жайықты, Сарыарқаны да орыс алады деп қауіптеніп, орыс бармайтын жер деп Жиделібайсынға көшіп кетеді.
Аңыздар мазмұны Асанның не себептен қазаққа жаңа қоныс іздеп жүргенін айқындап беріп отыр. Асанды мазасыздандырған негізгі себеп – қазақ жері орыстың қолына түсетін, бекініс, қала салынатын қайырсыз қоныс. Одан құтылу жолы - басқа құтты қонысқа көшу.
Аталған мазмұндағы мәселелер ХІХ ғасырдағы зар заман ақындары Мұрат, Дулат, Шортанбай шығармаларынан да мол орын алған еді. Сондықтан фольклортанушы ғалым Ә. Қоңыратбаев Асан Қайғы шығармаларына: «Ол (Асан Қайғы – Б. М.)- ел басындағы ауыртпалықты жырлап, заман жайлы сыншыл ой тудырған философ, замана сыншысы. Оның сарындарын ХІХ ғасырда «зар заман» ақындары қайталаған» [3, 95],- деп орынды, әрі дәл баға береді......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: гылыми Асан Қайғы туралы аңыз жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Әдебиет ғылыми жұмыстар пән, Асан Қайғы туралы аңыз