Әдебиет | Мырзабай Ахун Азаматұлы

 Әдебиет | Мырзабай Ахун Азаматұлы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұлы Шығыс өркениетінің аясында дамығаны белгілі. Ұлтымыздың перзенттері білім мен ілімнің озық үлгілеріне ислам мәдени орталықтарындағы орта және жоғары оқу орындарында сусындады. Осы оқымысты - ғұламалар бүкіл ел аумағында мешіт, медресе, мектеп ашу арқылы сауаттандыру, имандылыққа тәрбиелеу, кәсіпке баулу және т. б. ағартушылық қызмет жүргізіп, мемлекеттік биліктің мызғымас тірегі болды.

Сыр өңірі - бүкіл алашқа мәлім дүлдүл ақын, шайырлар, батыр, билер мекені ғана емес ахундар мен ишандар, молда мен мақсым атанған оқымысты, ғұламалардың елі. Саясат, өнер, білім, ғылым саласында биік деңгейден көрінген Сыр бойы перзенттерінің Орта Азия ғана емес, бүкіл Шығыс мәдениетінде алар орны берік. Олардың қатарында қазақтың өз алдына дербес ел ретінде құрылуына, мәдениетін дамытуға үлкен еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткерлері, ағартушы күрескерлер бар. Міне, сондай дара тұлғалардың бірі, бар өмірін халқының сауаттылығы мен мәдени дамуына, рухани кемелденуіне сарп еткен Мырзабай Ахун Азаматұлының орны ерекше.

Қазақ даласында ағартушылық істі ишандар мен ахундар, оқымысты ғұламалар өрістетті. Олар ел өміріндегі ықпалды әлеуметтік топ ретінде халықты мұсылман дінінің басты ұстанымы имандылыққа тәрбиелеген, мешіт салдырып, медреселер ашқан, Шығыстың классикалық әдеби мұраларын насихаттаған, Ресей империясының отаршылдық саясатына өздері жүргізген діни тәлім - тәрбие, оқу - ағарту істері арқылы кедергі жасаған шын мәніндегі күрескерлерге айналды.

Ресей отаршыларының халқымызды ұлттық келбеттен, тілден, діннен, жерден айыруға бағытталған стратегиялық саясатына 200 жылға жуық жүйелі қарсылық көрсеткен де ағартушылық ұстанымдағы қайраткерлеріміз. Ішінара жүзеге асырылған осы стратегияны толық орындау үшін империяның лайықты ізбасары Кеңестік жүйе көрнекті ағартушыларымызды, олардың дәстүрін түбегейлі жойғанда ғана қол жеткізетінін түсінсе керек. Тарихи тұрғыдан өте қысқа уақыт ішінде медресе - мешіттер ойрандалды; ислам қағидаларының орнына коммунистік идеология енгізілді; мәдени, тарихи, рухани мұраларымыздан айыру мақсатында алфавитті ауыстырды; бүкіл қазақты сауатсыз, ал әлемдік өркениеттің шамшырағы Шығыс мәдениетін «ескі», Ресей білімін «жаңа» деген ұғымдарды санамызға сіңірді; жерді басқару еркінен айырып, қоғамымызға жат таптық көзқарасты күштеп таңу арқылы халқымыздың үштен бірін босқынға айналдырды, жерімізге ділі жат, салт - дәстүрі басқа келімсектерді қаптатты. Осындай нәубет, зобалаңға ашық қарсылық көрсеткен алаш зиялылары мен ишан, ахун, молда және т. б. ұлт ағартушыларын әлеуметтік топ ретінде жойды......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру