Әдебиет| Ата бабаларымыздан қалған салт дәстүрдің бірі Ерулік

 Әдебиет| Ата бабаларымыздан қалған салт дәстүрдің бірі Ерулік

Мазмұны:
1. Кіріспе
Қазақтың салт - дәстүрлері дегеніміз не?
2. Зерттеу бөлімі
1. Ерулік туралы түсінік.
2. Ерулікке қатысты қазақтың салт - дәстүрлері:
• Еру
• Көрші
• Айрылысар көже
• Меймандостық
3. Ерулікке байланысты мақал - мәтелдер.
4. Қорытынды бөлім
Ата салтың – асыл қазынаң.
5. Әдебиеттер тізімі
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Ата - бабаларымыздан қалған салт - дәстүрдің бірі - « Ерулік»
Жұмыстың мақсаты:
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт - дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, той - мереке, әдеп - ғұрыптарымен талай елді таң қалдырып келеді. Тәуелсіз елімізде ата – бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақ - біздің қолымызда.

Жұмыстың міндеттері:
1. Қазақтың салт – дәстүрлерінің бірі -«Ерулік»тарихына зер салу.
2.«Еру», «Көрші», «Айрылысар көже»салттарын ажырата білу.
3. Еруліктің бала тәрбиесіндегі маңызына тоқталу
4. Сыныптас достарыма «Ерулік»туралы айту, іздену жұмысыммен таныстыру.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазақ - көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып - дәстүрі бар, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Ата - бабаларымыздың салт - дәстүрлері, соның ішінде «Ерулік» салты жайлы ізденіп, зерттеп, талдау жасау, үйрену.

Кіріспе:
Ата дәстүрін ардақтау - қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.
«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата - бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі ұрпақтың міндеті. Ол ұрпақтық борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Тәуелсіз мемлекетімізде ата – бабамыздан қалған қазынаның бірі салт – дәстүрлерді ұмыту мүмкін емес. Ендеше осы елдің ертеңі жасөспірімдерге салт - дәстүрімізді насихаттай отырып, ғасырдан – ғасырға жалғасып келе жатқан тәрбие көзін мақсат ету. Әр жұмысты ұлттық негізде құра отырып, халқымыздың тамаша салт - дәстүрінің бірі «Ерулік» жөнінде кейінгі ұрпақ жан – жақты білуі тиіс деп ойлаймын.

Салт - дәстүр дегеніміз не? Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы қазақ халқының салт - дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет - ғұрыптар, салт – дәстүрлерге халықтың өмірінде қалыптасқан салт - дәстүрлер салт - сана болып қалған. Халықтың салт – дәстүрлері, рәсімдер мен жөн - жоралғылар, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады. Қазақ халқының салт - дәстүрлері осы ұлттың мінез - құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт - дәстүрлер мен әдет - ғұрыптар сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезі, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып келеді. Қазақ «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын, ұмытпауын талап етеді.

Салт - кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет - ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.

Дәстүр - ұрпақтан - ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол - қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез - құлқының, іс - әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата - ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.

Қасиетті қазақ халқының салт – дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі кезде ұмытылып бара жатқан салт – дәстүріміздің бірі –«Ерулік» туралы ізденіп, соны сіздерге ұсынып отырмын. Ата - бабаларымыз ұлттық дәстүрінде жолы түсіп, үйіне ат басын тіреген жолаушы - құдайы қонаққа мал сойып, кең дастарқан жайып, дәм - тұзын татқызатын. Жаңа қонысты бетке алып, ауыл тұсынан өтпекші көш адамдарына ақ жаулықты аналар зереңдері толы ақ - қымыз, шұбат, айран ұсынған. Түстендіріп не қона жатқызып сыйлы мейманға лайық кәделі қонақасы берген. «Көш көлікті, көрікті болсын» десіп аттандырған. Ауылға, үйге қоңсы қонған отбасына ерулік атаулы дәмдестік сыйлы дастарқан жайылған. Жаңа ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар да көрші - көлемін шақырып, «Тана тағар» атаулы алғашқы қонағасын ұсынған......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру