Әдебиет | Қалжан ахун Бөлекбайұлы

 Әдебиет | Қалжан ахун Бөлекбайұлы

Қалжан ахун Бөлекбайұлы (1862 - 1916)
ХІХ ғасырдың ортасына таман Ресей империясы Арал аймағы арқылы бүкіл Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алу үшін өз әскерін даярлай бастады. Сыр өңірін басып алу арқылы патша өкіметі бірнеше стратегиялық жағынан маңызы бар жоспарларын жүзеге асыра алатын еді.

Патшалық Ресейдің Орталық Азия елдеріне жақындай отырып, бүкіл Түркістанды (қазіргі Оңтүстік Қазақстан өңірі мен Орта Азиялық республикалары - авт.) бағындыруы үшін ең алдымен - Сыр бойын жаулап алуы керек болатын. Сыр өңірінің тоғыз жолдың торабында орналасуы, Арал теңізі мен Сырдария өзені арқылы Түркістан өлкесіне етене ену мүмкіндіктерінің артуы, бұл өлкенің әскери - стратегиялық маңызын еселеп арттырды.

Ресей билігінің қазақ жерінде классикалық үлгідегі отарлау саясатын (мемлекеттік басқару жүйесін жою, қазақтың байырғы шұрайлы жерлерін келімсектер мұқтажына тартып алу, тіл мен дінінен айыру стратегиясын қолдану) жүзеге асырғаны белгілі.

Ел тарихындағы алмағайып кезеңде басқыншыларға әрі олардың шексіз озбырлығына қарсы бағытталған қазақ халқының қарсылығы бір сәтте толастаған емес. ХІХ - ғасырдың 30 - 70 жылдарындағы ұлт - азаттық қозғалыстың алтын діңгегі іспетті ең ірі көтерілісті қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы (1802 - 1847 жж.) басқарды. Бұндай күресті Жанқожа батыр Нұрмұхаммедұлы (1774 - 1860 жж.), Сыздық сұлтан Кенесарыұлы (1837 - 1910 жж.) өрістетті.

Даңқты қолбасшылардың отаршылдарға қарсы азаттық күрестеріне рухани қолдау көрсетіп, халықты біріктіру ісінде діни ағартушы - оқымыстылар аянбай қызмет еткені мәлім.
Мемлекеттілікті қалыптастыру, іргесін бекіту, халықтың рухани мәдениетін, дүниетанымын жетілдіру, сауаттандыру, әлеуметтік жағдайын көтеру жұмыстарымен айналысқан олар, отаршылар ықпалына қарсы күрескен, имандылық пен білімділікті насихаттаған, құнды шығармалар жазып, ғажайып туындыларды дүниеге келтірген ғұлама - ағартушылар мен қайраткерлердің ұлтымызды ұйыстырудағы рөлі орасан болғаны бүгінде тарихи шындық.

Сыр елінен шыққан ағартушы ұстаздар философия, грамматика, лингвистика, шығыс тарихы мен әдебиеті, астрономия және т. б. жаратылыстану салалары бойынша кәсіби білікті болған. Бұлар негізінен Мекке, Медине, Бағдат, Шам, Ыстанбұл, Каир, Кабул, Герат, Хиуа, Хорезм, Үргеніш, Самарқанд және т. б. мәдениет орталықтарында оқыған. Өңір халқын ағартуда Бұхарадағы «Көкілташ» медресесінің орны ерекше болды. Медресе түлектерінің қатарында Сыр өңірінде өздерінің дербес мешіт -медресесін ашқан ағартушы - ұстаздар көптеп саналады. Солардың бірегейі ахун, дін қайраткері, ғұлама ұстаз - Қалжан ахун Бөлекбайұлы.

Қалжан ахунның арғы тегі Ақтөбе облысының Жаманқарағай деген жердегі табын руынан шыққан. Әкесі Бөлекбай жігіт кезінде Қарақалпақстандағы туыстарына келіп сол жерде үйленіп қалып қояды. Кейін Қарақалпақстандағы қазақ жұртына басшылық жасайды. Хиуа хандығының бегі болады. Хиуа халқының Бөлекбай батырдың ел басқарудағы шеберлігі мен хан алдында аса беделді болғанының бір ғана көрінісі Қалжан ахун, діни сауатты, өз заманының көзі ашық, заңғар тұлғасы бола білген Бөлекбай атамыздың 77 жасқа келгенде көрген баласы екен. Дүние есігін ашқан сәбиге "Қалмұхаммед" - деп ат қойған ата - анасы кейін оны еркелетіп "Қалжан " атап кетеді. Сол заманның үрдісі бойынша Бөлекбай батыр Қалжанды жеті жасынан бастап медресеге беріп, сауатын аша бастаған. Қалжан ахунның шариғат қағидасы бойынша кәмелетке қарған он үш жасында әкесі Бөлекбай дүниеден өтеді. Баласының зеректігі мен алғырлығына қанық Бөлекбай батыр дүниеден өтерде, артында қалғандарға Қалжанға ары қарай білімін жалғастыруға көмектесулерін өсиет еткен. Ерінің бұл өсиетін құп алған анасы Қалжанға жетімдік көрсетпей, оның оқуын жалғастыруға аналық бар қамқорлығын жасайды."Білім инемен құдық қазғандай " демекші Қалжан ахун Хиуа, Бұқарадағы діни медреселерде тағы төрт жыл білімін шыңдап он жеті жасында айтулы Көкілташ медресесіне оқуға қабылданады.. Көкілташ медресесінде он жыл, яғни жиырма жеті жасына дейін тапжылмастан білім алған Қалжан ахун негізгі оқуы шариғат және заң саласын толығымен тәмәмдап, оларға қоса философия, астрономия, математика, биология ғылымдарын тауыса оқып, шаруашылық басқару ісін игеріп шығады. Араб, парсы, шағатай тілдерің еркін меңгерген Қалжан атамыз сол медреседен "Ахун " атағын иемденеді. "Ахун " мұсылмандық діни лауазым - баулушы ұстаз деген мағына береді.
Қалжан атамыз поэзия саласының тұнығынан тұшына сусындағаны да көп айтылады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру