Тарих | Құрдымға кеткен елдер

 Тарих | Құрдымға кеткен елдер

Азия құрлығында түркі тектес тайпалар ішінде Ресейдің отарлауына қатты қарсылық көрсеткен қазақ халқы болса, Африка жерінде отарлаушы Еуропамен алғаш қақтығысқа түскен елдердің бірі осы Бенин. Португалдар Үндістанға барар жолда ең алдымен Африка жері арқылы жүріп өтті дедік. Бұл 1500 жылдардың шамасында еуропалықтар мың жерден отты қаруы болса да қара құрлыққа ішкерілей ене алмайтын. Олар бар болғаны жағалауда орналасқан қалаларды ғана қорқытып, сонда билік құрды. Мұндай территориялар Африканың 10 пайызына да жетпейтін. Ал еркіндік сүйгіш африкалық жауынгер тайпалар құрлықты ойқастап тіршілік ете берді. Америка жерінде плантациялар құрылып, ірі монополист компанияларға арзан еңбек күші керек болды. Физикалық тұрғыда әлдеқайда қуатты, сом тұлғалы африкандықтар таптырмас құлдың жұмысын жасай алатын. Бірақ есіңізде болсын ол кезде қазіргідей қара нәсілділер құл болады деген түсінік атымен жоқ болатын. Себебі солтүстік Африканың құл базарларында өзі сары, көзі көк еуропалықтар, орыстар, грузиндер мен черкестер, болгарлар мен румындар сатылатын. Енді Еуропа үлкен шығынға бармай - ақ бас білдірілмеген осынау қара нәсілді еркектерді сатып алу үшін айлаға көшті. Бұл үшін оларға делдалдар қажет еді.

Олар бениндіктерді қару - жарақ пен ақшаға сатып ала бастады. Ал Бенин билеушілері Африка түкпірінен топырлаған құлдарды португалдарға ұстап беріп отырды. Жағалаудағы Еуропа кемелері зар жылаған алып денелі қара адамдарға лық толды. Осылайша ірі көлемде құл саудасы қалыптасты. Даланың тағы аңындай тіршілік еткен бұл қара адамдар Атланттың жүрек айнытар айдынында бірнеше ай жүзе отырып Америкаға жеткізілді. Жол бойы жүректері айнып, теңізге үйрене алмай палубада құсып, одан қалса қожайындарының шектен тыс қаталдығы, бас білдірілмеген асауларды қанша апта аш ұстап азаптауының кесірінен әр кемедегі 100 адамның 70 - і өліп тынатын. Бірақ бұл саудагерлер үшін айтарлықтай шығын емес. Себебі 30 адамды арзымайтын ақшаға айырбастап алу бизнесмендерді одан әрі байытты. Осылайша Америкаға жетпей жатып бұл адамдар құлдық психологияға үйрене бастады.

Сонымен өмір бойы бостандықта шалықтаған африкалық адамдар топ - топ болып құлдыққа айдалып кете барды. Бұл қасіреттің бастамасы ғана. Бенин әміршілері егер бізде отты қару болса біз бүкіл көршімізді бағындырамыз сөйтіп дамыған Еуропа елдерімен иық тірестіретін күнге жетеміз деп ойлады. Иә, алғашқы жылдары бәрі керемет болды. Ақ адамдар бениндіктердің қолына қару ұстатып, өздері қызығына қарап тұрды. Отты қарумен жарақтанған бениндік әскер көршілерін бірінен соң бірін бағындырып алды. Жаулап алу қорытындысында Бенин нағыз әскери империяға айналды. Енді алып империя құлдырай бастады. Бағындырған жерлер қаңырап бос қалды. Себебі онда жұмыс істейтін адамдардың бәрі құлдыққа сатылған еді. Шаруашылық түгел дерлік күйреді. Азып - тозған жұрт егін салып, жер жыртуды қаламады. Уақытша пайдаға малданған билеушілер қамсыз тірліктерін одан әрі жалғастыра берді. Қару асынған елден енді шаруалар жан - жаққа қаша бастады. Оңтүстік Нигерияда осындай қашқындар қаптап кетті. Тіпті Бениннен қашып шыққан Гинува деген патша ұлы осындай қашқындардың басын қосып Варри корольдігінің негізін қалайды. Осылайша құр қаруға иек артқан бір кездегі алып империя Бенин өзінің қалай азып - тозған аңғармай да қалды. Айналып келгенде құр сүлдері қалып, бірін - бірі қырған жұртты ағылшындар келді де колонияға айналдырды. Ал Бениннің ағылшындарға қол сермеуге де қауқары қалмаған - ды.

Осы тарихи сабақ бір кездері біздің елшілеріміз Мәскеуге барып, отты қару алғанда біз ешкімнің отарына айналмаған болар едік деген жалған үмітке елітуге болмайтынын ұқтыруы керек еді. Себебі қаруды пайдаланып, қалай адам өлтіруді игергенімізбен ол қаруды өзіміз жасап шығара алмасақ, өзгенің аузына қарап телмеңдеумен өтеміз. Алысқа бармай - ақ қояйық. Бенин тағдырын қайталаған жанымызда мемлекет бар. Бұл – жоңғарлар. Швед тұтқыны Ренат осы бір көшпенді халыққа зеңбірек құю, оны пайдалануды үйретті. Мұның ақыры не болды? Тоз - тозы шығып, қансыраған жауынгер халық жер бетінен мүлде құрып кетті емес пе. Португалдар Бенин еліне қару ұстатса, орыстар Жоңғар еліне мұны білдіртпей жүзеге асырды. Оқиға былай өрбіген еді.

Орыстардың I Петр патшасы билікке келе сала шведтермен соғысады. Полтова тұсында болған соғыста шведтің Ренат есімді офицері орыстарға тұтқынға түседі. Осы тұтқын патша жарлығымен өзге аудандарға емес, дәл жоңғарлармен шекаралық аймаққа Ямышев (қазақша Жәміш) бекінісін тұрғызуға аттандырылады. Экспедицияны Бухгольц бастап олар жолда келе жатқанда ойрат қосындарына кездейсоқ ұшырап осы кезге дейін ым - жымы бір екі жақ соғыса кетеді. Жоңғарлар осының алдында ғана Сібір шекаралық шептеріне қанша рет елшілік салғаны, тіпті Мәскеуге дейін барып қайтқаны белгілі. Ойраттар не үшін патша адамдарына шабуылдайды? Сонымен не керек орыс жасақтары шегініп, Ренат кездейсоқ тұтқынға түседі. Ойраттар арасында 20 жыл өмірін өткізген Ренат оларға бұрын мүлде бейтаныс болған отты қарудың құпиясын ашты. Бұл туралы Ренаттың өзімен құпия кездескен Ресей елшісі Л. Угрюмов былай дейді:
«Швед офицері Ринат 1729 жылы ойраттарға 4 фунттық 15 дана зеңбірек, кіші калибрлі 5 дана зеңбірек, 10 фунттық қысқа стволды 20 жана зеңбірек жасап беріп, оларға қалай қолдануды үйретті».

Ренаттың тұтқынға түсуі кездейсоқтық па, әлде қолдан жасалған дүние ме? Бұл жағын оқырманның өзіне қалдырдық.
Себебі басты мәселе бұл емес. Ғылым мен жаңалығы жоқ ел түбі бодандыққа түсетіні анық. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Үнемі айналыста болмаған нәрсе түбі ескіреді. Ескі нәрселерден, көне дүниелерден құтыла алмасаңыз жаңа нәрселер келмейді. Жаңадан келген бірең - сараң дүние қордаланып қалған ескі нәрселердің қасында өз қасиетін жоғалтады. Бұл иістеніп кеткен тамаққа таза тамақты араластырғанмен бірдей дүние.

Ақыр соңында әбден қансырап әлі құрыған бениндіктерді Англия, ал жоңғарларды Ресей қалпақпен қағып алды. Ғылым мен білімге арқа сүйемеген елдің тағдыры трагедиямен аяқталатыны бізге сабақ болса екен. .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. нурлан абишев
    нурлан абишев 08.11.2022 12:12
    0 + 0 -
    ҚР қорғау әр азаматтың қасиетті парызы және міндеті.Конст. 36 бап.1 тармақ.Өзімізді қорғамасақ?
    Және көбі 1 жыл уақыт жоғалтамыз дейді,
    Әскерде адам 1 жылда өмір бойына жететін сабақ алады.