Әдебиет | Қазақ газеті елдіктің жаршысы

 Әдебиет | Қазақ газеті елдіктің жаршысы

1. «Қазақ» газетінің шығу тарихымен танысу.
2. Газеттің ұстанған бағыт - бағдарын, мақсаттарын сараптау.
3. «Қазақ» газетінде басылған Әлихан Бөкейханов көсемсөздеріндегі елдік мәселесін талдау арқылы ой қорыту.
4. Алаш мұрасын жас ұрпаққа оқытудың тәрбиелік тиімділігін зерделеу.
Өзектілігі: Өзінің туған тарихы мен әдебиетін, тағылымы мол әдеби мұрасын таныған және астарлы ойды терең ұғына білген ұрпақ қана елдің әлеуметтік - саяси өмірін жаңғырта алады.
Мәселе: Алаш қайраткерлері әдеби мұрасының ұрпақ тәлім - тәрбиесіндегі алар орны қандай?
Күтілетін нәтиже: «Қазақ» газетінің Алаш елі тарихында алған орнын зерделеу арқылы жас ұрпақтың саналы әрі рухани жан дүниелері кең тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.
Жұмыстың практикалық маңызы: Жоба барысында тақырыптық, мазмұндық тұрғыдан талданған деректер үйірме, арнайы курс жұмыстарына жәрдемші құрал бола алады.
КІРІСПЕ

Алаш және «Қазақ» газеті
Халықтың өткен өмірі жалпы қоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз өткен тарих мәнсіз әңгіме ғана болмақ. Егер біз Алаш қозғалысын ұлт тарихында ерекше орны бар құбылыс ретінде ғана бағалаумен шектелсек, онда оны түсіне алмаған ұрпақ болып шығар едік. Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып, жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет. Ал Алаш қозғалысы мен Алаш жұртының алдаспанына айналған «Қазақ» газеті - сол дүниетанымдық тарихтың өзегі.

Осыдан дәл ғасыр бұрын 1913 жылдың 2 ақпанында қазақ даласында тарихи маңызы зор, алаш тарихындағы рухани сілкіністі оқиға орын алды. Дәл осы күні дүниеге алты алаштың жоқтаушысына айналған «Қазақ» газеті келді. Жылдар бойғы езгіден қажып, рухани қалжырай бастаған қазақ даласында ұлттың еңсесін көтеруге үндейтін, ұлттық идеяны насихаттайтын «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірі осы күні жарық көрді.
«Қазақ» – қоғамдық - саяси және әдеби газет. 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Таралымы 3000, кейбір мәліметтерде 8000 - ға жеткен. Бірінші редакторы – әйгілі ғалым, жазушы қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы - қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов, бастырушысы - “Азамат” серіктігі болған.

Өткен ХХ ғасыр басында ұлт мұраты, ел мүддесі қатаң сынға түскен кезең болғандықтан, сол тұстағы зиялы қауым өкілі қазақ жұртының да өркениетті елдердегідей сауатты болуын тілеп, ең бастысы ұйқыға кеткен қоғамның саяси сауатын ашуға белсене кіріскен болатын. Осы бағытта ұлттың жоғын жоқтайтын, байтақ далаға қоныстанған ел арасына ендеп кете алатын, сол арқылы ұлттық идеяны, бостандық пен бірлікті насихаттай алатын баспасөздің рөлі ерекше сезілген еді. Мұндай мақсат - мұратты 5 жыл ғұмыр кешіп, 265 нөмірін жарыққа шығарып үлгерген "Қазақ" газеті шебер орындап шықты. Басылым туралы Мұхтар Әуезов: "Қазақ" газеті - ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жинап, патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп талап қыла бастаған уақытқа тура келді. Бұл тұтынған жолда "Қазақ" газеті өз міндетін дөп атқарды", - деп жазады.
Біз осы зерттеу жұмысы арқылы Алаш аспанының астында дүниеге келген тұңғыш ұлттық - демократиялық, саяси - қоғамдық басылым «Қазақ» газетінің негізгі мақсатымен, тұтқан жолымен танысып, бүгінгі таңдағы қазақ басылымдарымен үндестігін талдамақпыз.

1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. «Қазақ» газетінің шығу тарихы
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Райымжан Мәрсекұлы және басқалар бастаған алдыңғы қатарлы қазақ оқығандары жалпыхалықтық газет ашумен 1905 жылдан айналыса бастады. Алдымен олар «18 ақпан жарлығы» шығысымен "Қазақ" газетінің басты ұйымдастырушысы, қамқоршысы әрі негізгі авторы Әлихан Бөкейханұлы өздерінің саяси талаптарын әйгілі «Қарқаралы петициясына» тізіп жазып, осы жарлыққа қол қойған орыс патшасының атына поштамен жөнелтеді.

Петицияның 3 - тарауында: «Қазақ халқының қазіргі мұқтажын айқындау үшін қазақ тілінде газеттер басып шығару қажет, ол үшін бастапқы цензурасыз баспахана ашуға және газет басуға рұқсат сұрау емес, құлақтандыру тәртібін орнату керек болады» деп жазылған еді.
Тарихи деректерге қарағанда, «Қазақ» деген атаумен қазақ газетін шығаруға ресми рұқсат Ахмет Байтұрсынұлына 1905 жылғы желтоқсанның 9 - ы берілген.
«Қазақ» газетін метрополияның Киевтен Қазанға, Санкт - Петербургтен Томскіге дейінгі университеттерінде білім қуып жүрген қазақ студенттері жаздырып оқығаны туралы деректер кездеседі.

Оксфорд университетіндегі Орталық Азияны зерттеу қоғамының пікірінше, «Қазақтың барлық маңдайалды жетекшілері оның «Қазақ» газетінің қызметкерлерінің арасында жүрді, оның ішінде М. Жұмабайұлы, М. Дулатұлы, Х. Досмұхамедұлы, Е. Омарұлы, А.- Х. Жүндібайұлы, М. Тынышбайұлы және тағы басқалар бар...». «А. Байтұрсынұлы және басқалар өздерінің қазақ тарихы, қазақ фольклоры және лингвистикасы туралы зерттеулерін жариялады. Жалпы «Қазақ» газеті өте жоғары ғылыми деңгейге жетті» деп есептейді Оксфорд университетінің зерттеушілері. .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру