Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Атадан қалған асыл сөз

Мектеп:

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы

 Сабақ мақсаты

Шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

 Бағалау критерийі

Шығарманы осы тектес шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды

 Тілдік мақсаттар

 

Сөздер мен сөз тіркестер: ілім-білім, мүдделес, бетбұрыс, дидактикалық әдебиет

Пән лексикасы және терминология: көркемдік, құндылық

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......

 Құндылықтар

адамгершілік, ізгілік

 Пәнаралық байланыс

Этномәдениет, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-8

9-10

Қызығушылықты ояту

Сұрақтар жаңбыры

Оқушылар сілтеме бойынша «Ж Баласағұн – Қарабура»

бейнематериалынан үзінді тамашалап, пайымдау және талдау сұрақтарын құрастырып жауап береді.

Сұрақ үлгілері:

  • Жүсіп Баласағұн кім?
  • Орта ғасырда бір кезеңде өмір сүрген тұлғалар туралы не айтасыз?
  • Қарабура хан,Қожа Ахмет Йасауи және Жүсіп Баласағұн несімен мүдделес?
  • Жүсіптің білім алып, рухани дамуына не ықпал етті?
  • Баласағұн қаласы несімен ерекшеленеді?
  • Көшпенділер арасында ілім-білімге бетбұрыс кезеңдерінің дамуының белгісі қалай айқындалды?

Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды.

https://yandex.kz/video/search?text=%D0%96.%D0%91%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81%D0%B0%D2%93%D2%B1%D0%BD%20%D1%8E%D1%82%D1%83%D0%B1&path=wizard&noreask=1&filmId=6116391027920292722

Ж Баласағұн - Қарабура

Сабақтың ортасы

11-23

24-31

32-35

1-тапсырма. Т. «Талдап білу» әдісі

Оқушылар Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанынан үзінділерді, А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба», Ш.Құдайбердиевтің «Адамдық борышың» өлеңдерін кезекпен дауыстап оқиды және бір- бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді.

Талқылаушы - шығармалардың көркемдік құндылығын салыстырып талқылайды.

Белгілеуші – шығармалардың тарихи құндылығы бойынша сұрақ дайындайды.

Байланыстырушы- шығармалардан алынған үзінділердегі тарихи шындықты өмірмен байланыстырады.

Топ шешені- шығармалар мазмұнына сәйкес елдік,ерлік туралы мақал-мәтел айтады.

Қорытындылаушы- Ж.Баласағұн, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев шығармаларының тарихи және көркем құндылығын айтып, баға береді.

2-тапсырма. Бұрыш

Бөлменің төрт қабырғасына «Құтты білік» дастанының тарихи және көркемдік құндылығына қатысты тұжырымдар ілінеді. Оқушылар қабырғада ілініп тұрған тұжырымдарды аралап оқиды. Өздері талқылауға лайықты деп тапқан тұжырым тұсында қалып, сыныптастарымен топтасады.

Оқушылар өздері таңдаған тұжырым бойынша «Құтты білік» дастанының тарихи және көркемдік құндылығына баға беріп, талдау жүргізеді.

1-бұрыш: Шығыс зерттеушісі В.В. Бартольд Жүсіп Баласағұн дастанына көңіл бөліп, оның маңызын ерекші атаған. Онда парсының дидактикалық әдебиетінің әсері бар және автор жергілікті түрік халықтарының нақыл сөздерін, ауыз әдебиетінің образдарын жақсы пайдаланған деп көрсетті.

2-бұрыш: Ескерткіштің тілі турасында да Бертельс өз пікірін айқан. «Құтты білік» дастанын зерттеуші ғалымдар оның тілін шартты түрде ұйғыр тілі деп атап жүр. Дұрысы, оның тілі түрік тілдерінің шығыс тобына жатады, яғни қазіргі өзбек, қазақ, қырғыз тілдеріне жақындығы бар, бірақ түрікмен және азербайжан тілдеріне жақын емес дейді зерттеуші.

3-бұрыш: «Құтты білік»дастанының басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылған. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Жүсіп әділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.

Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.

Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады.

Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Одгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады.

4-бұрыш: Жүсіп әсіресе халық ауыз әдебиеті үлгілерін барынша мол пайдаланғаны дастандағы кісі аттары, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздерден де көрінеді. Мысалға алар болсақ: қазақтың «Сөздің көркі – мақал», «Ауру қалса де, әдет қалмайды», «Қартайғанда дәулет бер, жастығымда бейнет бер», «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал» деген секілді мақал-мәтелдердің арғы төркіні тым алыста жатқандығынан хабар береді.

Топтық бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығарманы осы тектес шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды

Жүсіп Баласағұн, Абай, Шәкәрім өлеңдерін салыстырады

шығармалардың көркемдік құндылығын салыстырып талқылайды

тарихи құндылық бойынша сұрақ дайындайды

үзінділердегі тарихи шындықты өмірмен байланыстырады

шығармалардың тарихи және көркем құндылығын айтып, баға береді

тұжырымдарды оқиды

таңдаған тұжырымға талдау жасайды

шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді

презентация

http://ult.kz/post/kutty-bilik-kazaktyn-tol-murasy

«Құтты білік» - қазақтың төл мұрасы

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия

ПОПС формуласы

Жүсіп Баласағұнның шығармашылығы үлкен бір кезеңді сан қырынан танытатын бірегей бітімді туынды,- деген тұжырымға «ПОПС формуласы» бойынша қорытынды жасайды .

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ... »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен,

мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен ... қорытынды шешімге келдім.

Үй тапсырмасы

Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанына қатысты қосымша ақапараттармен жұмыс жасау.

http://jusip-balasagun.narod.ru/Жүсіп Баласағұн - Құтты Білік

Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?

Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу