Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 2-сабақ.


Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны

Оқу мақсаты:

Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Бағалау критерийі:

Үзінділерді шығармашылық жұмыста қолданады

«Құт-береке мен бақытқа өз білімің мен ақылың арқылы жетуге болады» деген ойды ашып айтыңыздар

Адамның қадір-қасиеті немен өлшенеді?

«ПОПС» формуласы

Біздің ойымызша

Себебі

Дәлел

Қорытынды

Төменде берілген үзіндіден қажетті ойларды қолдана отырып, «Адамның қадір-қасиеті ақылмен, біліммен өлшенеді» деген ойды дамытып жазыңыз.

Адамды хақ жаратты да ескерді:

Оған ақыл, білім, өнер, ес берді.

Көңіл берді әрі тілін тербетті,

Ұят берді, берді құлық, келбетті.

(Ділін оңдап, ерік берді тіліне,

Ұят берді қылық-құлық, тініне!)

Білік берді-адам бүгін жетілді,

Ақыл берді-талай түйін шешілді.

Кімге хұда берсе білім, ақылды,

Қолы жетіп, алар ол мол асылды!

Ақылды-ұлы, біл, білімді-білікті,

Қонса екеуі, ұлы етер жігітті.

(Ақылды-ұлық, білікті-ұлы, қарасаң,

Екеуі ұлы етер құлдың сарасын.)

Бұл сөзіме куә мұндай сөз де бар,

Сөзді естіп, аларыңды көздеп ал:

«Ақыл қайда болса, ұлылық толады,

Білім кімде, сол білікті болады.

Ақылды ұғар, білімділер біледі,

Түгел болар білімді, есті тілегі

Білік мәнін біл, не дейді білген ер:

Білім білсең, бәле жүрмес іргеден.

Білімсіздер бар кеселді көреді,

Емдемесе, тектен-текке өледі.

(Надандарды дерт пен бәле үйірер,

Емдемесе, ерте сөніп, күйінер...)

Кел, ай, надан! Дертке дауа жасағын:

Надан білім алса, құты тасады.

Ақыл-бұйда, ере түссең-жетелер,

Сансыз арыз-тілегіне жетер ер!

Ақыл болса, пайдасын ер көп көрер,

Білім білсе, әзіз тірлік өткерер!

Ақыл күллі ісіңді алып шығатын,

Бұл біліммен көрер бектер мұратын!

(Күллі ісіңді ақылыңмен баптағын,

Уақытыңды біліміңмен сақтағын.)

Бағалау критерийі:

Қажетті үзіндіні алады

Ойды дамытып жазады

Тақырыпты ашады

Логикалық байланысы бар,сауатты жазады

Рефлексия.

1. Оқу мақсаты түсінікті болды ма?

2. Тапсырманы орындауда қиындық туды ма?

3. Сізге нені жетілдіру қажет?

4. Сізге көмектің қай түрі қажет?

Үй тапсырмасы:

«Құтты білік» шығармасының композициялық құрылымын анықтап келу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу