Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 3-сабақ.


Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны

Оқу мақсаты:

9.А/И1.Эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау.

Бағалау критерийі:

Композициялық ерекшелігін анықтайды,автордың амалдарын қарастырады

Үзінділер арқылы автордың ойын,мақсатын талдайды

Академик А.Н.Кононов

«... Ақылдың, білімнің адам өміріндегі шешуші рөлі дастанның атауынан-ақ көрініп тұр. Сондықтан оның түгелдей дерлік мазмұнының өн бойында ғұлама оқушыны «игіліктің барлығығылымда, ал ұлылық - танымда» деген ойға жетелеп отырады.Сонымен бірге ол «Құдатғу біліктің» авторы өзінің дидактикалық мақсаттарына халық даналығын, түркі халықтарының ақындық ауыз әдебиетін, мақалдарды, мәтелдерді, қанатты сөздер және тағы басқаларды кеңінен пайдаланады» - деп жазды

Кононовтың айтқан пікіріне «Құтты білік» шығармасынан дәлел келтіре отырып,ойыңызды тарқатып айтыңыз.

Шығарманың композициялық құрылымынан қандай ерекшелікті байқадыңыз?

Тақырыптың өзектілігі неде?

Шығарманың мақсаты қандай?

• «Құтты білік» дастанының құндылығы неде? Шығармада автор бұл туралы не айтады?

• «Төрт құбылаң тең болсын» дегенді қалай түсінесіздер? «Құтты білік» шығармасындағы төрт құбыланы атаңыздар. Ол нені білдіреді?

Сіз атаған бір құбыла жоқ болса, қалай болар еді?

Берілген үзіндіде не туралы айтады?

4 кейіпкердің қайсысына тән? Неге?

Автор осы мәселені айту арқылы нені мақсат етеді?

Мақал-мәтелге айналған немесе ұқсас сөздер бар ма? Оған талдау жасаңыз

4 кейіпкерді диалогқа түсіру арқылы автор оқырманға қандай ой салады?

Үзінді

1-топ

Біліп айтқан сөзбілікті, саналар,

Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар.

Көп сөйлеуден артық пайда көрмедім,

Және сөйлеп және ештеңе өңбеді!

Көп сөйлеме, аз айт бір-ер түйірін,

Бір сөзбен шеш түмән сөздің түйірін...

Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өн болсын,

Сөзің түпсіз қараңғыға, көз болсын!

Біліксіздер өзі нағыз басырдың,

Білім үйрен, надан, кӛзің ашылсын!

2-топ Ұл мен қыздың өнегесі ата-ана,

Бәрі біздендұрыс па, әлде қата ма,

Атасы – мен, бетім әрі қарады,

Ұлым-шикі. Кімге телмең қағады?!

Қақым болса, сіңсе ісім халыққа

Өтеуінебаламды оңға бағытта.

Қамқор боп, сал өнер-білім соңына,

Қонар құт боп білікті ел қолына

3-топ.

Есті сөзді еске түйіп ал енді:

«Білген құлдан білікті жоқ әлемде

Әуелі - оқып, оны ойыңа өре біл,

Өзі-ақ келер сонсоң жазу өнері.

Надандықты құрта алмассың дәрімен,

Біліммен тек құтын қашыр әріден

4-топ.

Ұл-қыз кесір, болса ессіз, парықсыз,

«Өнегесі-ай әкенің!» - дер халықпыз...

Қатты тұтып, өсірсе ата баланы,

Өркені өсіп, бақ жұлдызы жанады.

Ұл-қызына үйрет білген білімді,

Қолына ұстат кеудеңдегі күніңді.

Сонда, ұл-қызың адамдықтан таймайды,

Көңілі – таза, көзі шоқтай жайнайды!

Бағалау критерийі:

Үзіндінің мазмұнын ашады

Үзіндінің кімге тән екенін анықтайды

Автордың ойын анықтайды

Мақал-мәтелдерді табады, түсінік береді

Композициялық құрылымның ерекшелігін түсіндіреді

Үйге тапсырма: «Құтты білік» шығармасының тілдік ерекшелігіне назар аударып оқып келу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу