Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9Т1

Қатысқандар саны:24

Қатыспағандар саны:

Бөлім

1-бөлім: Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны

Оқу бағдарламасына сілтеме

9.А/И1.Эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау.

Оқу мақсаттары

Оқушылардың барлығы композициялық құрылымын анықтайды

Оқушылардың көбі композициялық құрылымның ерекшелігін біледі және талдайды

Оқушылардың кейбірі композициялық құрылымына терең талдау жасайды

Бағалау критерийі

  • Композициялық ерекшелігін анықтайды,автордың амалдарын қарастырады
  • Үзінділер арқылы автордың ойын,мақсатын талдайды

Құндылықтар

Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Сөздер мен сөз тіркестер: «Құтты білік» дастаны бойынша

өзіндік көзқарасын білдіруде шығармаға байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Пән лексикасы және терминология: Түркі мәдениеті, ұлағатты әдеби ескерткіш, «Құтты білік» дастаны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшћүр болған данышпан ойшыл, ұлы  хас-хажиб

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Біздің пікірімізше......

Себебі....

Бұған дәлел......

Қорыта айтқанда,....

Алдыңғы білім

«Құтты білік» шығармасын оқып келу

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийімен таныстыру

Қызығушылықты ояту:

Академик А.Н.Кононов: «... Ақылдың, білімнің адам өміріндегі шешуші рөлі дастанның атауынан-ақ көрініп тұр. Сондықтан оның түгелдей дерлік мазмұнының өн бойында ғұлама оқушыны «игіліктің барлығы – ғылымда, ал ұлылық - танымда» деген ойға жетелеп отырады.Сонымен бірге ол «Құдатғу біліктің» авторы өзінің дидактикалық мақсаттарына халық даналығын, түркі халықтарының ақындық ауыз әдебиетін, мақалдарды, мәтелдерді, қанатты сөздер және тағы басқаларды кеңінен пайдаланады» - деп жазды

  • Кононовтың айтқан пікіріне «Құтты білік» шығармасынан дәлел келтіре отырып,ойыңызды тарқатып айтыңыз.
  • Шығарманың композициялық құрылымынан қандай ерекшелікті байқадыңыз?

Сабақтың ортасы

5 мин

25 мин

Мағынаны ажырату

Тапсырманы жұпта орындайды. Әр жұпқа бір-бір тапсырма ұсынылады.

  • Тақырыптың өзектілігі неде?
  • Шығарманың мақсаты қандай?
  • «Құтты білік» дастанының құндылығы неде? Шығармада автор бұл туралы не айтады?
  • «Төрт құбылаң тең болсын» дегенді қалай түсінесіздер? «Құтты білік» шығармасындағы төрт құбыланы атаңыздар. Ол нені білдіреді?
  • Сіз атаған бір құбыла жоқ болса, қалай болар еді?

Т

Оқушылар тапсырманы топта орындайды.

  • Берілген үзіндіде не туралы айтады?
  • 4 кейіпкердің қайсысына тән? Неге?
  • Автор осы мәселені айту арқылы нені мақсат етеді?
  • Мақал-мәтелге айналған немесе ұқсас сөздер бар ма? Оған талдау жасаңыз
  • 4 кейіпкерді диалогқа түсіру арқылы автор оқырманға қандай ой салады?
  • 1-топ

Біліп айтқан сөз – білікті, саналар,

Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар.

Көп сөйлеуден артық пайда көрмедім,

Және сөйлеп және ештеңе өңбеді!

Көп сөйлеме, аз айт бір-ер түйірін,

Бір сөзбен шеш түмән сөздің түйірін...

Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өн болсын,

Сөзің түпсіз қараңғыға, көз болсын!

Біліксіздер өзі нағыз басырдың,

Білім үйрен, надан, кӛзің ашылсын!

2-топ

Ұл мен қыздың өнегесі ата-ана,

Бәрі бізден – дұрыс па, әлде қата ма,

Атасы – мен, бетім әрі қарады,

Ұлым-шикі. Кімге телмең қағады?!

Қақым болса, сіңсе ісім халыққа

Өтеуіне – баламды оңға бағытта.

Қамқор боп, сал өнер-білім соңына,

Қонар құт боп білікті ел қолына

3-топ.

Есті сөзді еске түйіп ал енді:

«Білген құлдан білікті жоқ әлемде!»

Әуелі - оқып, оны ойыңа өре біл,

Өзі-ақ келер сонсоң жазу өнері.

Надандықты құрта алмассың дәрімен,

Біліммен тек құтын қашыр әріден

4-топ.

Ұл-қыз кесір, болса ессіз, парықсыз,

«Өнегесі-ай әкенің!» - дер халықпыз...

Қатты тұтып, өсірсе ата баланы,

Өркені өсіп, бақ жұлдызы жанады.

Ұл-қызына үйрет білген білімді,

Қолына ұстат кеудеңдегі күніңді.

Сонда, ұл-қызың адамдықтан таймайды,

Көңілі – таза, көзі шоқтай жайнайды!

Бағалау критерийі:

  • Үзіндінің мазмұнын ашады
  • Үзіндінің кімге тән екенін анықтайды
  • Автордың ойын анықтайды
  • Мақал-мәтелдерді табады, түсінік береді
  • Композициялық құрылымның ерекшелігін түсіндіреді

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/8-synyp/poehziya/lesson/1-bolim-zh-balasahuni-qutty-bilik

«Құтты білік» дастаны

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

Үй тапсырмасы:

«Құтты білік» шығармасының тілдік ерекшелігіне назар аударып оқып келу

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу