Косинустар теоремасы. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Математика» ӘБ жетекшісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3В бөлім: Жазықтықтағы векторлар

Мектеп: Ақтау қаласындағы ХББ НЗМ

Күні: 31.01.2023

Бекмаганбетова Д.Т.

Сынып: 9 Д

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Косинустар теоремасы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.3.3.5 косинустар теоремасын дәлелдейді және қолданады;

Сабақ мақсаттары

Косинустар теоремасымен танысады, теоремаларды дәлелдейді және есептерде қолданады

Бағалау критерийлері

  • Косинустар теоремасын дәлелдейді;
  • Косинустар теоремасын қолданып, есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

  • Косинустар теоремасы;
  • үшбұрыш, төртбұрыш /шаршы, тік төртбұрыш, параллелограмм, трапеция
  • Қабырға, катет, гипотенуза, диагональ өлшемдері, аудан, ұзындық, биіктік, ені, арақашықтық (арасындағы), қарама-қарсы, … перпендикуляр, … параллель өлшеу, қосу, бөлу/көбейту формула, формулаларды қорытып шығарады/ қолданады

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Бір қабырғасының квадраты...
  • Арасындағы бұрыш
  • Екі еселенген екеуінің көбейтіндісі...

Құндылықтарды

 дарыту

Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру

Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Үшбұрыш салу барысында қолданылады

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, таратпа материалдар

Бастапқы білім

Тригонометриялық функцияларды біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Бұрын білетін білімдері арқылы жаңа тақырыпқа өту.

3. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.

Сабақтың ортасы

10 минут

3 минут

5 минут

5 минут

-Оқушылар косинустар теоремасымен танысады;

-Оқушылар косинустар теоремасын топтасып дәлелдейді.

ΙΙ . Топпен жұмыс. Оқушылар алгоритм бойынша косинустар теоремасын дәлелдейді.

  • Енді биіктігін теңестірсек:

Жақшаларды ашып, жинақтаймыз:

___________________________________

  • Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы

Косинустар теоремасы.

Үшбұрыштың әрбір қабырғасының квадраты қалған екі қабырғасының квадраттарының қосындысына және осы қабырғалар мен олардың арасындағы бұрыштың косинусының екі еселенген көбейтіндісінің айырмасына тең.

Косинустар теоремасының берілісімен танысып,оқушылар топ та дәлелдейді.

ΙΙ . Тақтамен жұмыс. (Презентация 6 бет)

ΙIΙ. Жұптық жұмыс

Оқушылар жұптасып шығарады.

1-тапсырма.

K7-Group құрылыс ұйымы жаңа шағын аудан салу үшін ескі тұрғын үйлерді бұзуы қажет. Ғимараттарға байланысты бұл аумақты өлшеу мүмкін емес. Жер өлшеу мамандары теоделитті белгілі бір нүктеде орнатты, лазерлік қашықтық өлшегіштің көмегімен объектілерге дейінгі бұрыш пен тиісті қашықтықты өлшеді(суретті қараңыз). Жаңа шағын аудан салу үшін учаскенің ұзындығын анықтаңыз.

2-тапсырма.

 Абзал спорттық бағдарлау секциясына қатысады. Зерттеу мақсатымен далалыққа шыққан кезде ол екі қоянды байқап қалды. Оның бағалауы бойынша қояндардың бірі одан 12 м қашықтықта, екіншісі — 20 м қашықтықта болды. Абзал өзінің тұрған жерінен қояндар көрінген бағыттар арасындағы бұрышты өлшеді. Бұл бұрыш 120°-қа тең болса, қояндар арасындағы қашықтық қандай?

3-тапсырма

 Қайсар тегіс жерде тұр. Оның алдында 400 метр жерде мектеп бар. Егер Қайсар 60° солға қарай бұрылса, ол 300 метр қашықтықта Дина гипермаркетін көреді. Мектептен Динаға дейінгі қашықтықты тап.

Кері байланыс беру арқылы бағалау

Дескриптор:

  • Сызбасын салады;
  • Косинустар теоемасын пайдаланады;
  • Арақашықтықты табады;

Жұптық жұмыста саралап оқытудың тереңдету қағидасы жүреді.

ΙV . Оқулықпен жұмыс. 8.10-8.12

Дайын жауаптар арқылы оқушылар өз-өздерін тексереді.

V . Қорытындылау.

Бағалау.

Оқушылар жауаптарын тақтаға жазады. Тақтада шыққан сөз арқылы жауаптарының дұрыс екендігіне көз жеткізеді.

_ _ _ _ _ _ _ _ _ С _ _ _

Сабақтың соңы

2 минут

1. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Google Forms программасымен оқушылар кері байланысын қалдырады.

- Дәмді болды!

- Қай тағамның дәмін жақсарту керек? Ұсынысыңыз?

- Дәмсіз болды!

2. Бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық жұмыста саралап оқытудың тереңдету қағидасы жүреді.

Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылар үшін С деңгейінің тапсырмалары қосымша беріледі. Олармен жеке жұмыс жүреді және кері байланыс орын алады.

Сабақ барысында оқушыларға бірдей тапсырмалар беріледі. Әрбір оқушыға жеке кері байланыс жүргізу барысында деңгейлерін анықталады. Дейгейіне сай тапсырмалар орын алады.

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. Сабақ барысында кішікірім денені шынықтыруға арналған жаттығуларды жүргізу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.