Косинустар және синустар теоремасы. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3B бөлім: Үшбұрыштарды шешу | Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | |||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Косинустар және синустар теоремасы | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.3.2.2 үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусының үшбұрыш ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады; 9.3.2.3 үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусының үшбұрыш ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады; | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы:
| |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
- үшбұрыштың белгісіз шамаларын табу үшін теоремаларды дұрыс пайдаланады. | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаты: Оқушылар:
Пәндік лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| - Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын; - Өзгенің пікірін құрметтеу; - Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту; - Математикалық ойлауды тереңдету | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | математикадан басқа да білім салаларында кеңінен қолданылады. | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Active Inspire | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Үшбұрышқа іштей сызылған және сырттай сызылған шеңберлерді білу, үшбұрыштардың түрлерін, үшбұрыштың теңсіздігін, үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынасты, үшбұрыштың аудан формулаларын білу, тікбұрышты үшбұрыштарды шеше білу. | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | - Ұйымдастыру. - Оқушылармен амандасу - Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару - Үй тапсырмасын тексеру | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7 мин | Қайталау: Теореманың дәлелдеуін қарастырмас бұрын үшбұрыштың ауданының белгілі формулаларын қайталаңыздар. Мысалы, формула мен суретті сәйкестендіріңіздер.
| Әр түрлі смайликтермен мадақтау | ||||||||||||||||||
10 мин | Жаңа тақырыпты ашу Оқушылар 5-ші формуладан басқа барлық формулаларды естеріне түсіреді. Проблемалық жағдай туындайды. Жаңа тақырып: Іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарының үшбұрыш ауданымен байланысы Мақсат: 9.3.2.2 үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусының үшбұрыш ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады; Үшбұрыштың ауданын формуласы арқылы табуға болады. Мұндағы a, b, c – үшбұрыштың қабырғалары, ал r – іштей сызылған шеңбердің радиусы. Дәлелдеуі. Іштей сызылған шеңбердің О центрін үшбұрыштың төбелерімен қоссақ (4-сурет), аламыз Дәлелдеу керегі де осы. 9.3.2.3 үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусының үшбұрыш ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады; Оқушыларды топтастырыңыз. Әр топ кез келген үшбұрыштың ауданын , мұнда үшбұрыш қабырғалары, ал АВС үшбұрышының радиусы, формуласы арқылы табуға болатынын дәлелдесін. Дәлелдеу үшін әр топқа келесі нұсқаулықты беруіңізге болады: 1) үшбұрыштың ауданы формуласын оның екі қабырғасы мен арасындағы бұрыш арқылы жазыңыз . 2) сырттай сызылған шеңбер радиусының үшбұрыш қабырғасы мен қарсы жатқан бұрыштың синусына тәулділік формуласын қайталаңыз . Формуладан бұрыштың синусын анықтаңыз . 3) аудан формуласына синустың мәнін қойып, қажетті формуланы түрлендіріп шығарыңыз.
| |||||||||||||||||||
20 мин | Жалпы сыныптық жұмыс №1. Үшбұрышытң қабырғалары 5 см, 6 см және 8 см-ге тең екендігі белгілі, ал үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы 4 см-ге тең. Үшбұрыштың ауданын табыңыз. =15 см2 №2. Үшбұрыштың ауданын табыңыз, егер периметрі 14 см-ге тең, ал іштей сызылған шеңбер радиусы 3 см-ге тең болса. (Ж:21см2) №3. Қабырғалары АС=7 см, АВ= см және болатын АВС үшбұрышына іштей сызылған шеңбер радиусын табыңыз.(Ж: R=) №4. Үшбұрыштың периметрі 12-ге, ал іштей сызылған шеңбер радиусы 1-ге тең. Үшбұрыштың ауданын табыңыз.(Ж:6) №5. Үшбұрыш ауданы 24, ал іштей сызылған шеңбер радиусы 2-ге тең. Осы үшбұрыштың периметрін табыңдар. (Ж:24) №6. Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғалары 40-қа, ал табаны 48-ге тең. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусын табыңдар. (Ж:25) №7. Үшбұрыш ауданы 24, ал іштей сызылған шеңбер радиусы 2-ге тең. Осы үшбұрыштың периметрін табыңдар. Бағалау: Түсінбеген оқушылар тақтада орындайды. Орындарында отырып шығарған оқушыларды ауызша немесе әр түрлі смайликтермен мадақтау. | Шыныбеков Геометрия - 9 сынып | ||||||||||||||||||
20 мин | Жұппен жұмыс №1. Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 1-ге тең, табанына қарсы жатқан төбесіндегі бұрыш 1200. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің диаметрін табыңыз. №2. АВС үшбұрышында АС=4, ВС=3, С бұрышы 900-қа тең. Іштей сызылған шеңбердің радиусын табыңыз. №3. Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғалары 5-ке, ал табаны 6-ға тең. Осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусын табыңдар. №4. Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғалары 40-қа, ал табаны 48-ге тең. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусын табыңдар. Бағалау: Қатар отырған жұптар бірін-бірі тексеріп бағалайды. | |||||||||||||||||||
18 мин | Жеке жұмыс №1.Тең бүйірлі трапецияда бүйір қабырғасы 10 см, диагоналі 17 см және биіктігі 8 см-ге тең. Трапецияға сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңыз. Шешеуі. AB = CD, BM және CP – биіктіктері болатын ABCD – трапециясы болсын. ACP үшбұрышынан Пифагор теоремасын қолданып табамыз,
№2. Теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың катеттері . Осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусын табыңдар. Бағалау: Дайын жауап бойынша өз-өзін тексеру. | Алгебра -9кл Н.Я.Виленкин | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Үйге тапсырма: №1. Дұрыс үшбұрыштың қабырғасы -ке тең. Осы үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустарын табыңдар. №2. Үшбұрыштың гипотенузасы 12-ге тең. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусын табыңдар. Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | |||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.