Алкендер. Полиэтилен. Зертханалық жұмыс № 2 «Этиленнің, ацетиленнің, мұнай үлгісінің және бензолдың калий перманганаты және бром/ йод суы ерітінділеріне әсері». Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Оқушының аты-жөні: Сыныбы: Күні:

Бөлім атауы

11.1В Көмірсутектер және олардың көздері

Зертханалық жұмыс № 2

«Этиленнің, ацетиленнің, мұнай үлгісінің және бензолдың калий перманганаты және бром/ йод суы ерітінділеріне әсері»

Оқу мақсаты

11.4.2.19 қанықпаған көмірсутектердің гомологтық қатарын, құрылымын, физикалық және химиялық қасиеттерін, оларды алу әдістерін қарастыру (оқу мақсаты бұл зертханалық жұмысқа сәйкес келмейді!)

11.4.2.22 алкендерге (қанықпағандыққа) сапалық реакцияларды білу (осы оқу мақсаты келетін сияқты)

Жұмыстың мақсаты: Зерттелетін көмірсутекті қосылыстардың қаныққан/қанықпағандығын зерттеу.

Құрал-жабдықтар мен реактивтер: органикалық қосылыстардың үлгілері: этилен, ацетилен, бензол, шикі мұнай; бромды су, калий преманганатының қышқылданған ерітіндісі; тамшуырлар, сынауықтар.

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ. Жанғыш заттармен жұмыс жасағанда ашық оттан аулақ болу керек. Улы және ұшқыш заттармен жұмыс істегенде, жұмысты тартпа шкафта орындаған дұрыс.

Жұмыс барысы:

1. Мұғалім ұсынған этилен мен ацетилені бар сынауықтарды қолданыңыз. Зерттелетін қосылыстарға бірнеше тамшы бромды/йодты су және калий перманганатының қышқылданған ерітіндісін құйыңыз, тығынын жауып, араластырыңыз.

Байқалған өзгерісті түсіндіріңіз: ...………………………………………………………………

...........................................................................................................................................................

Зерттелген заттар қанықпаған көмірсутектерге жата ма? ..........................................................

Жауабыңызды құрылымдық формулаларын жазып дәлелдеңіз:

Жүргізілген зерттеулерге сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз:

……………………………………………...…………………………………………………………………………………………………….………………………………………………………..

2. Бірнеше тамшы бромды/йодты су және калий перманганатының қышқылданған ерітіндісін шикі мұнай мен бензолы бар сынауықтарға құйыңыз, тығынын жауып, араластырыңыз.

Байқалған өзгерісті түсіндіріңіз:………………………………………………………………....

...........................................................................................................................................................

Зерттелген заттар қанықпаған көмірсутектерге жата ма? ......................………………………

Жауабыңызды құрылымдық формулаларын жазып дәлелдеңіз:

Жүргізілген зерттеулерге сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз:

...…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….……………………………………………..

Зерттелген қосылыстардың құрамындағы байланыстары бойынша қорытынды жасаңыз:

.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Бағалау критерийі

Дескриптор

Оқушы

Этиленнің, ацетиленнің, мұнай үлгісінің және бензолдың калий перманганаты және бром/ йод суы ерітінділеріне әсерін зерттейді

- Құрал-жабдықтар мен реактивтерді ұқыпты пайдаланды;

- Жұмысты қауіпсіздік техникасының ережесін сақтап орындады;

- Ұсынылған заттарды зерттеу барысында байқаған өзгерістерін түсіндірді;

- Зерттелген заттардың құрылымдық формулаларын салып, қаныққан/қанықпағандығын дәлелдеді;

- Жүргізілген зерттеулерге сәйкес реакция теңдеулерін жазды;

- Зерттелген қосылыстардың құрамындағы байланыстары бойынша қорытынды жасады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру