Алкендер. Полиэтилен. Зертханалық тәжірибе № 2 «Этиленнің, ацетиленнің, мұнай үлгісінің және бензолдың калий перманганаты және бром/ йод суы ерітінділеріне әсері». Химия, 11 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 11.1В Көмірсутектер және олардың көздері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алкендер. Полиэтилен.

Зертханалық тәжірибе № 2 «Этиленнің, ацетиленнің, мұнай үлгісінің және бензолдың калий перманганаты және бром/ йод суы ерітінділеріне әсері»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.2.19 алкендердің алыну жолдарын, физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, гомологтық қатарын қарастыру.

 Сабақ мақсаттары

- алкендердің алыну жолдарын, физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, гомологтық қатарын қарастыру.

 Бағалау критерийлері

-алкендердің құрылысын этен молекуласының құрылысы тұрғысынан сипаттайды;

- алкендердің изомерлерін жазып, оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атайды;

-алкендердің өнеркәсіпте және зертханада алу жолдарын сипаттайды және реакция теңдеулерін жазады;

- алкендердің қасиеттері олардың құрамындағы қос байланыстың болуына тәуелді екендігін түсіндіре алады;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

алкендер қанықпаған көмірсутектерге жататындығын, алкендердегі байланысты, молекула құрылымы мен изомерлерін түсіндіре алу.

Лексика және терминология:

қанықпаған көмірсутектер (алкендер, олефиндер), этиленнің электрондық құрылысы, қос байланыс, сапалық реакция Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер:

Алкендер - … органикалық қосылыстар;

Алкендердің молекуласының құрылысы алкандармен салыстырғанда ...

Алкендердің гомологтік қатары ... басталады

Алкендердің құрамында ... болғандықтан, ... қасиеттер тән

Этилен ..., ... түссіздендіреді

 Құндылықтарды дарыту

 

Өмір бойы оқу, құрмет пен ынтымақтастық құндылықтары жұптық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

 Пәнаралық байланыстар

Геометрия –бұрыштардың мәнін анықтау, жазықтық, перпендикуляр жазықтықтар

 АКТ қолдану дағдылары

twig-bilim, bilimland ресурстарын қолдана алу

 Бастапқы білім

Оқушылар:

- көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын ажыратады;

- IUPAC номенклатурасын қолданады;

- гомологтық қатарлардың қалай түзілетіндігін түсінеді және олардың ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіреді;

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, жоқ оқушыларды анықтау, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

І. Сабақ тақырыбына шығу: «Жемістің пісіп-жетілуі» видеосын көрсету.

Қандай қосылыс жайлы айтылған? (этилен).

Этилен қандай органикалық қосылыстардың класына жатады? (қанықпаған көмірсутектер: алкендер).

Бүгінгі тақырыбымыз алкендерге арналады. (сабақ тақырыбын айқындау)

2.Сабақ мақсаттарын анықтауға арналған сұрақтар:

Алкендердің құрылысы ерекшеліктері неде?

Олардың алкандардан айырмашылықтары неде? Неліктен алкендер алкандармен салыстырғанда химиялық әрекеттесулерге жеңіл түседі?

Алкендерді қалай танып біле аламыз?

https://www.twig-bilim.kz/film/ripening-fruit-5665/

Презентаия

1-3 слайдтар

Сабақтың ортасы

ІІ. Неліктен Алкендер қанықпаған көмірсутектерге жатады? (алкандармен салыстырғанда). Алкендердің жалпы формуласы CnH2n. Алкендерді басқаша «олефиндер» деп те атайды.

Алкендердің электрондық құрылысымен танысу. https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/alkender-men-alkadiender-qurylysy-men-nomenklaturasy?mid=e4c8ae84-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

Жұптық жұмыс: видео көру арқылы алкендердің ең алғашқы өкілі – этиленнің электрондық құрылысымен танысу, видео көріп болған соң, жұпта бірлесіп, берілген ақпарат парағындағындағы бос орындарды толықтыру

(1-қосымша)

(С=С атомдарының sp2 гибридтелуі, байланыс ұзындығы 0.134 нм, π-байланыс; байланыс бұрышы 120oС,), кеңістіктегі құрылысы (жазықтық).

Жұптық жұмыс:

Этиленнің (этен) шарөзекті моделін жинау, ондағы гибридтелмеген р орбитальдері арқылы түзілетін π-байланысты көрсету;

Этиленнің гомологтік қатарына жататын екі көмірсутектің (пропен және бутен-1) шарөзекті модельдерін жинау;

Алкендердің изомерленуі мен номенклатурасын талқылау. Алкендерге қандай изомерлену түрі тән? Олардың номенклатурасындағы алкандармен салыстырғандағы ерекшеліктері неде?1. Қос байланысы бар ең ұзын тізбекті анықтаңыз;2. Қос байланыс жақын орналасқан шеттен бастап көміртектерді нөмірлеңіз;

3. Орынбасарларды алфавит реті бойынша атап, олардың орналасуын көрсетіңіз. Екі бірдей орынбасар кездескен жағдайда, ди- сөз алды қосымшасын пайдаланыңыз;

4. Көмірсутек атауының түбірі–қос байланыс қай көміртектен кейін орналасқанын көрсету-«ен» жұрнағын жалғау, мысалы бут-1-ен, бут-2-ен

Алкендердің номенклатурасына жаттығу орындату. (2-қосымша)

ІІІ. Алкендердің физикалық қасиеттеріне қысқаша тоқталу (слайд). Кері байланыс жасау.

  • Алкендер көмірсутектерге жататындықтан, оларға қандай реакция тән? (жану). Мына заттардың толық жану реакцияларын жазыңдар: а) этилен; б) пропилен.
  • Құрылыс ерекшеліктеріне байланысты барлық қанықпаған көмірсутектерге қандай реакция типі тән болады? (қосылу)

«Этиленнің бром суын түссіздендіру» және «Этиленнің калий перманганатынының ерітіндісін түссіздендіру» видеоларын көрсету. Кері байланыс жасау.

Екі стаканда метан мен пропилен газдары бар. Екеуі де түссіз газдар, жанғыш. Бірақ қай стаканда қандай газ бар екендігін қалай анықтайсыз? Жауапты түсіндіру.

IV. Зертханалық тәжірибені орындау жұмысын ұйымдастыру.

«Этиленнің, ацетиленнің, мұнай үлгісінің және бензолдың калий перманганаты және бром/ йод суы ерітінділеріне әсері» зертханалық тәжірибесін орындау нұсқаулығымен таныстыру. Оқушылардың жұмысты орындау әдістемесіне байланысты сұрақтарын тыңдап, жауап беру. Жұмысты орындар алдында оқушылармен қауіпсіздік техникасы ережелері мен тәуекелділіктерді қайталау. (3-қосымша)

Оқушылардың жұмысты орындау барысындағы тұжырымдаған қорытындыларын талқылау.

Оқушылармен алкендердің химиялық белсенділігіне байланысты табиғатта кездеспейтіндігі жайлы талқылау жүргізе отырып, олардың алу жолдарын тірек конспектісі бойынша таныстыру.

V. Тақырыпты бекіту мақсатында жазбаша тапсырма орындату. (4-қосымша және тірек конспектісі)

Презентация

4-6 слайдтар

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/alkender-men-alkadiender-qurylysy-men-nomenklaturasy?mid=e4c8ae84-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

1-қосымша

7-17 слайдтар

2-қосымша

Презентация

18-19 слайдтар

Презентация

20-24 слайдтар

3-қосымша

Презентация

25-30 слайдтар

Тірек конспектісі

4-қосымша

Сабақтың соңы

Қорытындылау. Сабақ басында қойылған сұрақтарға қайта оралу.

«Think-Pare-Share» әдісінің көмегімен: «этилен» тақырыбына синквейн құрастырыңыз (жеке);

Жұпта бір-біріңізге таныстырып, одан 1 синквейн жасаңыз;

Кейін топта жұп синквейнімен бөлісіп, 1 синквейн ұсыныңыздар

Топтар сәтті құрастырылған синквейнді бағалайды

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмаларды орындау кезінде қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін қабілетті оқушылардың потенциалын қолдану. Қажет болған жағдайда мұғалім оқушының іс-әрекетін дұрыс бағытқа бағыттайды және оның мотивациясын ұсыныстар беру арқылы қолдайды.

Сабақ барысында сыныппен жаппай әңгімелесу, сондай-ақ тапсырмаларды орындау және жұптық, топтық жұмыстарды орындау кезінде оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендіктері анықталады. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың жауаптары ауызша бағаланады

Сабақтың өң бойында оқушылар мен мұғалім арасында, өзара оқушылардың арасында пікірталастар орын алады, бұл қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және өзге пікірді құрметтеуді үйренуге мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік техникасы ережелері: жанғыш және уытты заттармен жұмыс істеу ережелерін сақтау қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1-қосымша.

Бағалау критерийі:

-алкендердің құрылысын этен молекуласының құрылысы тұрғысынан сипаттайды.

1-тапсырма. Ақпарат парағындағындағы бос орындарды толықтырыңыз.

Алкендерге анықтама беріңіздер (СnН2n, n ≥ 2)

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қос байланысқа сипаттама беру (С ═ С):

Гибридтелу түрі –

Валенттік бұрыш –

Байланыс ұзындығы С = С –

Кеңістіктегі молекула құрылысы –

С = С арасындағы байланыс түрлері –

2-қосымша.

Бағалау критерийі:

- алкендердің изомерлерін жазып, оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атайды;

Дескрипторлар:

- алкендерді IUPAC номенклатурасы бойынша атайды;

- алкендерге тән изомерия түрлерін жазады.

2-тапсырма. а) Берілген алкендерді IUPAC номенклатурасына сәйкес атаңыз.

b) көмірсутегі (А) үшін бес изомерінің құрылымдық формуласын және олардың атауларын жазыңыз.

Жауабы:

а) пентен-2, 4-метилпентен-2, 2,4-диметилпентен-2.

b) пентен-1, 2-метилбутен-1, 3-метилбутен-1, 2-метилбутен-2, цис-пентен-2 (немесе транс-пентен-2)

3-қосымша.

Зертханалық тәжірибе № 2 «Этиленнің, ацетиленнің, мұнай үлгісінің және бензолдың калий перманганаты және бром/ йод суы ерітінділеріне әсері»

Құралдар мен реактивтер: органикалық қосылыстардың үлгілері: этилен, ацетилен, бензол, шикі мұнай; бром/йод суы, калий перманганатының ерітіндісі; пластик тамшуырлар.

Тәжірибені орындау әдістемесі.

Қауіпсіздік техникасы. Жанғыш заттармен жұмыс кезінде осы заттардың жанында ашық оттың болуын болдырау керек. Уытты немесе ұшқыш заттармен жұмысты тартпа шкафта орындаңыз.

1. Этилен және ацетилен газдары бар сынауықтардың тығынын ашып, йод суының немесе калий перманганатының ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосыңыз және сынауықтың аузын тығынмен жауып, шайқаңыз.

Бақыланған өзгерісті сипаттаңыз ....................………………………………………………………………

Зерттелінген заттар қанықпаған көмірсутектерге жатады ма:

Ацетилен,С2Н2……………………………………………………....................………………………………

Этилен, С2Н6………………………………………………………......................…………………………….

Жүргізілген зерттеулерді сипаттайтын реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

………………………………………………………………………………………..………………………………………………………………………………………………….......................................………………..

2. Шикі мұнай және бензол бар сынауықтарға бром/йод суының немесе калий перманганатының ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосыңыз және сынауықтың аузын тығынмен жауып, шайқаңыз.

Бақыланған өзгерісті сипаттаңыз ....................………………………………………………………………

Зерттелінген заттар қанықпаған көмірсутектерге жатады ма:

Бензол, С6Н6………………....................………………………………………………………………………

Шикі мұнай……………………………...................………………………………………………………….

Жүргізілген зерттеулерді сипаттайтын реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

………………………………………………………………………………………..………………………………………………………………………………………………….......................................………………..

Зерттелген қосылыстарда қос байланыстың бар немесе жоқ екендігі туралы қорытынды жасаңыз.

………………………………………………………………………………………..………………………………………………………………………………………………….......................................………………..

………………………………………………………………………………………..………………………………………………………………………………………………….......................................………………..

4-қосымша.

Бағалау критерийі:

- алкендердің қасиеттері олардың құрамындағы қос байланыстың болуына тәуелді екендігін түсіндіре алады;

Дескрипторлар:

- алкендердің химиялық қасиеттерінің реакция теңдеулерін жазады;

- алкендерді сапалық анықтау жолдарын көрсетеді.

  • Пентен-1-дің (құрылымдық формуласын қолданып) мысалында алкендерге тән химиялық қасиеттердің теңдеуін жазыңыз:
  • Гидрлеу___________________________________________________________________
  • Галогендеу ________________________________________________________________
  • Гидрогалогендеу____________________________________________________________
  • Гидратациялау _____________________________________________________________
  • Тотығу (Жану)______________________________________________________________
  • Алкендерге тән сапалық реагенттерді атап, пропиленнің мысалында реакция теңдеулерін жазыңыз:
  • __________________________________________________________________________
  • __________________________________________________________________________

Жауабы: 1.(і) пентан, (іі) 1,2-дигалогенпентан, (ііі) 2-галогенпентан, (iv) пентанол-2, (v) көмірқышқыл газы және су;

2. (і) 1,2-дибромпропан, (іі) пропандиол-1,2.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру