Ішкі секреция бездері. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Эндокринді бездер немесе Ішкі секреция бездері — гормондар организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокриндібездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокриндік бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады.Бұлардан басқа организмде екі түрлі қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін,олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында оқушылардың жеке бас қауіпсіздігін сақтаулары ескертіледі.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Оқушылардың экзокриндік, эндокриндік және аралас бездерінің айырмашылықтарын өздігінен анықтай алуларына жағдай жасалады. Ол үшін толық сипаттамасы бар сызба-суреттер ұсынылады. Мұғалім бағыттаушы сұрақтардың көмегімен оқушыларға бағыт беріп, дұрыс түсініп алуларына көмектеседі.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылардың ішкі секреция бездерінің айырмашылықтарын, оларды топтарын және топтарға мысалдар келтіре білулері маңызды. Оқушылар экзокриндік, эндокриндік және аралас бездерінің ерекшеліктері мен мысалдарын білуі тиіс.

  • Саралау тапсырмалары
  • 4-қосымшада берілді
  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

3-қосымша

1-тапсырма. 1, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11.

2-тапсырма. Гипофиз-өсу немесе соматотропин, бүйрек үсті бездері-адреналин, қалқанша безі – тироксин, қалқанша маңы безі –паратгормон, тимус-тимозин, ұйқы безі –инсулин, аналық жыныс безі –эстроген, аталық жыныс безі – тестостерон.

 Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

  • гормон, гуморалдық реттелу ұғымдарын түсіндіреді
  • эндокриндік, экзокриндік және аралас бездердің айырмашылықтарын түсіндіру;
  • эндокриндік, экзокриндік және аралас бездердің мысалдарын келтіреді
  • гормон, гуморалдық реттелу ұығымдарына анықтама береді
  • эндокриндік, экзокриндік және аралас бездерін ажыратады
  • эндокриндік, экзокриндік және аралас бездеріне мысалдар келтіреді
  • Сілтемелер мен ресурстар

Гормондардың тасымалдануы

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/ehndokrindik-zhuje/lesson/ehndokrindik-zhujening-qyzmeti



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.