Ішкі секреция бездері. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3D Координация және реттелу | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Ішкі секреция бездері (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.7.5 эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтау | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: эндокриндік бездер, экзокриндік бездер, аралас бездердің айырмашылықтарын және олардың мысаларын ауызша жазбаша түрде түсіндіріп сипаттай алады Пәнге қатысты лексика мен терминология: гормондар, эндокриндік бездер, экзокриндік бездер, аралас бездер, тер безі, сілекей безі, бүйрекүсті безі, ұйқы безі, ұйқы безінің өзегі, без, секрет бөліп шығару, өзек Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Эндокриндік бездерде...болмайды Эндокриндік бездер сөлін тікелей...бөледі. Экзокриндік бездер сөлін ...бөледі. Аралас бездерде...,... болады. Экзокриндік бездерге ...,...,... жатады. Аралас бездерге ...,...жатады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Биологиялық белсенді зат гормонның табиғаты және бездерден бөлінетін секреттердің химиялық табиғаты туралы қарастырғанда химия пәнімен байланыс орнатылады. | |||||
Алдыңғы білім | 8-сыныптан дене температурасының рететлуі, су, тұздар балансының сақталуы туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Оқушыларға «Гармония» сөзіне ассоциация құру тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар ағзадағы тепе-теңдік, баланс, қолайлы жағдайлар түсініктеін талқылаған кезде осы жағдайларды қалыптастыруға қандай мүшелер қатысады. Ағзада тепе-теңдікті сақтауға не көмектеседі деп талқылау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Оқушылар ағзаны гормондар реттейді, оларды бездер бөледі деген қорытынды шығарады. Оқушылардан бездер туралы нені білуіміз қажет деп сұрай келе сабақтың бездердің жіктелуі туралы екені айтылып, бағалау критерийлері таныстырылады. | 1 -2 слайдтар
| ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-26 мин | Мұғалім гормон, гуморалдық реттелу түсініктері, бездердің бөлетін гормондары туралы шағын түсіндірме береді. Гормон дегеніміз ағзадағы мүшелер мен жасушалардың жұмысын реттейтін биологиялық белсенді зат. Олар қанға бөлініп қан арқылы тасымалданатындықтан гормондардың әсерінен жүретін ағзадағы реттелу түрін гуморалдық реттелу деп атайды. Оқушыларға эндокриндік бездер, экзокриндік бездер, аралас бездердің айырмашылықтары көрсетілген сызба ұсынылады. Оқушылар топта немесе жұпта олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын талқылап анықтайды. Мұғалім әр топ немесе жұпқа келіп бездерді ажыратуға дұрыс бағыт береді. Оқушылар бездерді өзегінің болуы болмауы, сөлді бөлетін нысаны бойынша ажырауға болатынын түсінеді. Мысалы, сілекей безінде сілекей сөлін бөлетін арнайы өзектері болады. Олар ауыз қуысына ашылып, сілекейдің ауызға бөлінуін қамтамасыз етеді. Кейбір оқушылар қосымша ақпарат көздерінен өз білімдерін толықтыра алады. Оқушылардың алған білімдері бойынша сұрақтар қойылып ауызша талқылау жүргізіледі Критерийлер:
| 1 - қосымша 3-11 слайдтар | ||||
27-36 мин | Оқушылар ішкі секреция бездерінің 3 түрін салыстырады. Кейбір оқушылар қосымша тапсырмалар орындай алады. | 2- қосымша
| ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс Жасыл жапырақ –...жақсы түсіндім Сары жапырақ – сұрақтар Қызыл жапырақ – ...түсінбедім | 12- слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Кейбір оқушылар қосымша ақпарат көздерінен өз білімдерін толықтыра алады. Кейбір оқушылар қосымша тапсырмалар орныдай алады. Кейбір оқушыларға қосымша бағыттаушы сұрақтар қою арқылы мұғалім қолдау көрсетеді Ішкі секреция бездерінің 3 түрін салыстыру арқылы | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Ауызша жауаптары арқылы Суреттердегі ақпарат бойынша талдау жасап бездерді ажырата білулері арқылы Бездердің үш түрін салыстыру тапсырмасы арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топтық/жұптық жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды | |||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.